Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Қ. Тоқаев биылғы халықаралық кездесулердің нәтижесіне тоқталды

Қ. Тоқаев биылғы халықаралық кездесулердің нәтижесіне тоқталды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Бұл жайында бүгін батыр бабаның туған өңірі Жамбыл облысына барған Президент жергілікті жұртпен кездесу барысында айтты. Бұған қоса батыр есімі Таразда жуырда ғана ашылған әскери мектеп-интернатқа берілді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жалпы экономикалық ахуалға тоқталып, жыл бойы жүргізген халықаралық кездесулердің нәтижесіне тоқталды.

Риат Шони, тілші:

- Тараз — тарих пен жаңғыру тоғысқан шаһар. Мыңжылдықтар үнін сақтаған көне Әулиеата бүгінде заманауи тыныспен түлеп, Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық жүрегіне айналып отыр. Қала көшелерінде өткеннің ізі мен бүгіннің қарқыны қатар сезіледі. Көне Жібек жолының бойында бой көтерген бұл шаһар бүгін де дамуға бет алып, тарихына тағзым ете отырып, болашаққа нық қадам басып келеді.

Жамбылдық жұртпен кездескен Президент өңірдің даму қарқыны жақсы деңгейде екенін айтты. Биыл облыста 63 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 280-нен аса елді мекенге көгілдір отын жеткізілді. Тағы мектептер салынып, емдем мекемелері де ашылып жатыр. Еліміз қуатты болуы үшін ең алдымен, аймақтар қуатты болуға тиіс.

Президент инклюзивті спорт орталықтарын салуды тапсырды

Бәріне бірдей тең мүмкіндік. Жиын барысында Президент ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне де тоқталды. Осы ретте мемлекет басшысы Үкіметке әкімдермен бірлесіп, барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салу туралы тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Кеше мен Астанадағы Инклюзивті спорт орталығында болдым. Сондай орталықтарды еліміз бойынша басқа аймақтарда салу қажет деп санаймын. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтап, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Шын мәнінде мұндай нысандардың тек елордада ғана болғаны дұрыс емес, әрбір облыста салу керек.

Халықаралық кездесулер нәтижесі

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев жыл бойы жасаған шетелдік іс-сапарлары мен кездесулері жайлы да айтты. Осындай жүздесулердің арқасында жалпы құны 70 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылған. Еліміз инвестиция тартуда аймақта көш басында келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Аймаққа тартылған инвестицияның 60 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі. Инвестициямен бірге жаңа технология, білім келеді, бірлескен ғылыми-техникалық орталықтар мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Қазақстан тауарлары мен отандық бизнеске кез келген шекара ашық. Сондықтан барша шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық құру – заман талабы, тіпті өмірлік қажеттілік. 

Халықаралық кездесулер демекші, осыдан екі күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентімен телефон арқылы сөйлескен. Мемлекет басшысы Қазақстанда орнығып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидатына Дональд Трамп та қолдау білдіргенін жеткізді. Америка басшысы да осындай саясатты жүргізуде. 

Б. Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді

Тәртіпке бағынған құл болмайды. Киелі Әулиеата жері даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туған өңірі. Батыр бабаның ізін жалғаған жас өрендер Таразда жуырда ғана ашылған әскери мектеп-интернатта оқып жатыр. Бүгін Президент бұл білім ұясына Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынып, Үкіметке дәл осындай мектептерде өзге өңірлерде де ашуды тапсырды. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев батыр бабаның жерлестері алдында өзінің сүйінші жаңалығында жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал. Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек. Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым.

Сөз соңында Мемлекет басшысы жамбылдықтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Президенттің айтуынша, «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетілді және бұл дәстүр алдағы уақытта да жалғасады. 

Риат Шони, Ержан Қанапияұлы және Бахытбек Нұртаев

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 21:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see196

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see173

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see168

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see162

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see158

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see148

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see145

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see143

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see142

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see134

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see133

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see129

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see126

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see119

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see119

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see115

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see111

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see110

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see107

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары