Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді

2036 жылға қарай Роскосмос айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

Әкім Индербор халқының алдында қалай есеп берді

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының шаруалары мал ұрлығының ашылмайтынына шағымданды

ҰҚК абоненттер туралы ақпарат жинауға арналған жабдықтарға қойылатын талаптарды жаңартты

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады

Қос бағытты қамтыған Phygytal спорт

Жауынгерлік даярлықтың қорытындысы

Кәмелетке толмаған қызды зорлап, артынша өлтірген: айыпталушы өмір бойына түрмеге тоғытылды

Севоран препаратын қолдану мәселесі қайта қарала ма ДСМ жауабы

Ешкімді әуреге салмай, ұйықтап кетсем деп армандайтын : танымал ақын Асанәлі Әшімов туралы айтты

Президент ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне назар аударды

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

Доллар бағамы бірнеше күннен бері құбылып тұр

Арменияда шіркеу арнасын көрсеткен телерадиокомпания таратылды

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

Биыл магниттік дауылды күндер саны рекорд жаңартты

Маң дала, маңғаз мекен

Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді

Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

– Қабылаш аға, биыл сексен­нің сеңгіріне шығыпсыз. Әлем­ сахналарында өнер көрсеткен қазақтың қаршадай ұлының балалық дәурені қалай өтті?

 – Балалық шағым қиын-қыстау, көкөзек шаққа тап кел­ді. Әкем жарықтық Екінші дү­ниежүзілік соғыстың жалғасы, жапон милитаристерімен болған соғысқа қатысқан сақа жауынгер еді. Ол жеңіспен оралған жылы, яғни қырық бесінші жылдың соңында Алтайдың Қоб­да аймағында туыппын. Үш жа­сымда анам өмірден өтіпті.

Жеті жасымда әкем отбасын бастап, тіршілік қамымен Ұланбатырдың іргесіндегі Түп аймағындағы жаңадан ашылып жатқан шахтаға жұмыс күші ретінде көшіп келді. Осы жерде есейіп, 15-ке толғанда «жасы 18-де» деген жалған құжат жасатып, шахтаға түстім.

Өмірімде ауыр жұмыс істе­меген маған алғашында күрек­тің өзін көтеру оңайға соққан жоқ. Қасымда өзім құралпы бір бала және жасы елуді еңсер­ген тәжірибелі, пошымы майлы шұжық сияқты тығыршық­тай ағай болды. Досым екеуміз мықшыңдап бізге тиесілі вагонды толтыра алмай жатқанда, ана ағай жалғыз өзі бір вагонды аузы-мұрнынан шығарып қойып, бізге келіп көмектесетін еді. Екі айдан кейін біз де шынығып, жұмысқа үйреніп ағайдан қалыспайтын болдық.

– Осындай жағдайда өнерге қалай бет бұрдыңыз?

– Шахтада жүріп көркем өнер­­паздар қатарында ән айта бас­тадым. Оның сыртында Ұланба­тыр қаласы жақын болғандықтан ауылымызға өнер ұжымдары гастрольдік сапармен үнемі келіп тұрды. Бірде орталық драма ­театр әртістері келіп спектакль қойды. Біз оларға ұжым аты­нан мерекелік концерт дайын­дап көрсеттік. Мен ән айттым.

Астаналық қонақтарды бас­тап келген адам жеке шақырып алып: «Әнді жақсы айтады екен­сің, моңғол тілінде де тәуір сөй­лейтін көрінесің, сен қалаға келіп кастингке түс», деді. Мен аң-таңмын. Сөйтсем, министрлік Лодойдамба дейтін атақты жазу­шының «Күнә мен сауап» атты романының желісімен кино түсіргелі жатыпты.

Бардым. Кастингке түстім. «Түр-тұлғаң, бет-бейнең моң­ғол­ға ұқсамайды» деп режиссер жаратпады. Есесіне, орталық театр­ға қабылдандым. Бұл жерде күйім болмады. Әрі қара ша­ңырағым шахтаны тастап Бай-Өлкеге көшіп кеткендіктен, отбасымды сағынамын. Жылға жетпей жұмысты тастадым да, туған елге тартып отырдым. Бұл 1963 жылдың қыркүйек айы еді. Бір аптадан кейін әкем автобазаның бастығымен сөйлесіп, «слесарьдің көмекшісі» деген жұмысқа орналастырды. Адам деген қызық жаратылыс қой, «әнші болам» деген арманым жайына қалып, бұдан былай курс оқып, шопыр болуды ойлай бастадым.

– Тіршілік азабын бір кісі­дей тартқан екенсіз, ә?

– Бірде май-май болып ескі машинаның моторын ақтарып жатып едім, «Аймақтық мәдениет басқармасы» шақырып жатыр деген хабар жетті. Бардым. «Сен бала жұмысыңды тастап неге қашып кеткенсің? Мәдениет министрлігі, опера және балет театры іздеп жатыр», деді аймақ мәдениетінің бастығы Зиядабек деген ағамыз.

Мен болсам ата-анам елге кө­шіп келгенін, қалада жалғыз тұра алмағанымды айтып жатырмын. Жарықтық Зияш ағам: «Олай болса сен өзіміздің театрға әнші болып жұмысқа кіресің, сонда ғана алып қала аламыз», деді. Сөйтіп, Ұланбатырға қайтпау үшін амал жоқ, аймақтық драма театрға әнші болып жұмысқа орналастым. «У-шу басылғанша театрда жүре тұрайын, кейін шопыр болармын», деп өзімді жұбаттым. Бірақ тағдыр деген басқаша екен, осы театр саласында өмір бойы қалып қоя­тынымды, осында жүріп екі­нің біріне бұйырмайтын атақ-абыройға кенелерімді білген жоқ едім.

– Бұл аймақта қазақ драма театры ел арасынан өнерлі адам­дар жинап, кәсібилік дең­гейге бет алған жылдар емес пе?

– Дәл солай. Мұндағы қазақ­тың мәдениеті мен өнерін өркен­детуге Қазақстаннан музыкатанушы педагог Қабидолда Тастанов, хор-капеллаға Зоя Жарасбаева, музыка аспаптарын жасаушы Қамар Қасымов қатарлы майталмандар келіп, жергілікті талант иелерімен бірге өлке руха­ниятының жандануына дем беріп, жасампаздық танытып жатқан тұс еді. Осы қатарда мен де жүрдім. Кешікпей театр бишісі Мәкей Қалидолдақызымен отбасын құрдым.

1966 жылы күзде Қазақстанда Моңғолияның мәдени күндері өтетін болды. Осы топқа Мәде­ниет министрлігі мені қосқан екен. Қатты қуандым. Алғаш рет атамекенге табаным тиді. Моңғол әртістері Алматы, Жамбыл, Шым­кент қалаларын аралап концерт қойды. Кеңес-моңғол достық қоғамының Қазақстандағы өкілі Шамжанованың ұйым­дас­ты­руы­мен Құрманғазы атындағы консерваторияда халықпен кездесу болды.

Осы сапарда мені атақты жазушы Сәбең – Сәбит Мұқанов өзі іздеп келіп сәлемдесті. Қош­тасарда «Балам, әлі жас екенсің, оқып білім ал. Егер Алматы консерваториясында оқығың келсе, хабарлас, көмектесейін», деді. Сол бір атақты адам­ның қа­рапайымдылығы, мейірбан­ды­лығы, құлаққа жағымды жұмсақ үні әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

Сөйтіп, атажұртымды көріп арқа-жарқа қалыпта елге оралдым. Келсем театр ұжымы абыр-сабыр. Аймаққа Моңғол ха­лық партиясының бас хатшысы Юмжагийн Цеденбал үлкен делегацияны бастап келе жатыр екен. Келді. Тайлы-тұяғымызбен тік тұрып қарсы алдық. Театрда кездесу өтті. Мен ән айттым. Әнім бас хатшыға ұнаған болуы керек. Кешкі салтанатты қабылдау рәсіміне шақырылдым. Дастарқан басында бас хатшы маңындағы шабармандарына мені нұсқап «мына жігітті оқуға жіберіңдер» деді. Мен оған аса мән бере қоймадым. Қонақасы үстінде шалқып отырып айтыл­ған сөз шығар деп топшыладым. Сөйтсем, бас хатшының аузынан шыққан сөз атылған оқ екен. Жоғарыда Сәбең жарықтық айтқан ұсыныс жайына қалып, 1967 жылдың күзінде дәм тартып Болгарияның астанасы София қаласына оқуға аттандым.

Қызық болғанда пойыз Ир­кутск қаласына келгенде соқыр­іше­гім ұстап, дәрігерлер пойыз­дан түсіріп алып қалды. Бірауыз орысшам жоқ. Отаны орыс әйел жа­сады да, ауруханада тоғыз күн жат­қызып, оныншы күні Мәс­кеудің пойызына салып жіберді.

– Сонымен оқу не болды?

– Келсем сабақ баяғыда басталып кетіпті. Бір бөлмеде үш адам тұрамыз. Бірінің ұлты – норвег, екіншісі Судан елінің азаматы. Үшеуміз де сөйлесетін ортақ тіл жоқ. Судандық студент намаз оқиды. «Мен де мұсылманмын» деп айтқым келеді, бірақ құр­ғыр тіл жоқ. Аймақтық театрда «Ақан сері – Ақтоқты» қойылымын сахналаған едік. Сонда Құран аят­тары оқылатын жері бар-тын. Сол есіме түсіп соның арабша нұсқасын судандыққа айтпаймын ба? Анау «сенде мұсылмансың ба?» деп мәз. Осылай күндер өтіп жатты. Уақыт өте келе тіл үй­рендік, музыкалық сауат аштық.

Жалпы, менің өмірімде Со­фия консерваторияда оқыға­ным, өз ұлтымның ән өнерін жете түсініп, оны тұла бойыма сүйсіне сіңіруіме көмек болумен қатар, әлемдік озық классикалық музыкаға ден қойып, оларды биік кәсіби деңгейде орындауыма мүм­кіндік берді. Оның сыртында классикалық музыканың қара шаңырағы Италия мен Фран­ция консерваториясында оқыған нағыз кәсіби ұстаздардан дәріс алдым.

Шынымды айтсам, алғашқыда симфония, опера деген өнерді ұғып, түсіну оңайға соқпады. Өйт­кені опера вокалдық, музы­­калық, хореографиялық, дра­матургиялық және бейнелеу өне­рі қосылған синтездік жанр. Оны түсіну үшін әуелі маз­мұ­нын білу керек екен. Одан ке­йін музыкалық мәтінді құлақ құры­шың қанғанша тыңдап, бо­йыңа сіңіру қажет. Ол үшін әлем му­зыкасының классиктері Моцарт, Бетховен, Верди, Россини, Пуч­чини, Чайковский, Глинка, Му­соргский, Шостакович, т.б. кере­меттердің кәсіби туындыларын үзбей тыңдап, сусындаған абзал.

Менің толыққанды сапалы опера әншісі болуыма ұстазым Италия консерваториясының түлегі, профессор Христо Брым­баровтың еңбегі зор. Сонымен қатар Болгарияның халық әртісі Георгий Димитров атындағы сыйлықтың лауреаты, профес­сор, атақты тенор Илья Иосифов­тан тәлім үйрендім. Осылай қарт құрлықта бес жыл оқып, 1972 жылы Ұланбатырға оралдым.

– Елге жете алмай қойыпсыз ғой?

– Еуропадан білім алып кел­ген мені астаналық опера және балет театр ұжымы жылы қа­былдады. Бұл мекеменің тарихында жұмысқа тұрған тұң­ғыш қазақ екенмін. Осында табан аудармай 20 жыл қызмет атқар­дым. Бұл жылдар менің шығар­машылық өсуіме, кәсіби әнші болып қалыптасуыма, қа­­рапайым көрерменге эсте­ти­калық тәлім беріп, ықпал ете алатын жан-жақ­ты өнер адамы болуыма айрықша әсер етті. Көп ел көр­дім, жер көрдім. Әлем­­­­нің үлкен сахналарында ән шырқадым. Екінің бірінің тісі бата бермейтін күрделі опера­лар­­ды орындадым.

– Сізді моңғол жұртына та­нытқан Чайковскийдің «Ев­гений Онегин» опера­сын­дағы Онегин рөлі және күллі халық сүйіп тыңдайтын «Ақ самайлы Алтайым» әні емес пе?

– «Евгений Онегин» – өрке­­ниетке және мәдениетке ұм­тылған әрбір елдің опера театр­ларының репертуарында болуға тиісті мәң­гі өшпес озық туындылардың бірі. Бақытыма қарай Онегин ­рөлі менің дауы­сыма, мінез-құлқы­ма, фактура жағынан да жаны­ма жақын болды. Оның сыртын­да білік­ті, мықты опера режиссері кез болып, жақсы қойылым жасалып, Онегинім сәтті шықты. Нәтижесінде, «менің Онегинім» зор абырой әкелді. 1975 жылы «Еңбек сіңірген әртіс», кейін 1981 жылы «Моңғолия халық әртісі» атануыма септігі тиді.

Бірде Ленинградтың С.Киров атындағы академиялық опера және балет театрының бас ре­жис­сері, «Евгений Онегинді» көп рет сахнаға қойып әбден дағ­ды­ланған атақты маман Р.Ти­хомиров Моңғолия мәде­ниет министрлігінің шақыруымен Ұланбатырға келіп Онегиннің орыс тіліндегі премьерасын тама­шалады.

Қойылымнан кейін әдетте­гідей басқосу шарасы өтті. Осы отырыста Роман Ринархович маған: «Әлемнің қай түкпіріне бар­саң да ұялмайтын Онегин екен­сің», деп баға берді, ол пікірін арнайы құттықтау хат сияқты қағазға жазып ұстатты. Осы құжат күні бүгінге дейін жеке мұра­ғатымда сақтаулы тұр.

– Басыңыздан небір таңға­жайып оқиғалар өткенін де естігенбіз...

 – Мына бір сәт көкейімде қалды. 1986 жылдың соңы болатын. Ұзақ жыл отасқан жарым, балаларымның анасы Мәкей қайтыс болып, бала-шаға, туыс-туған бәріміз қаралы, қамкөңіл күйде жүдеп-жадап жаңа жыл­ды қарсы алдық. Осы күндері тіп­ті театрға баруға зауқым соқпады. Ұзақ уақыт өзіме келе алмай сен­деліп жүрдім. Содан наурыз айы­ның басы болуы керек, театр әкімшілігі «келіп кетсін» деген соң, бардым. Мәселе былай екен, кеңес одағының Свердловскі қаласындағы академиялық опера және балет театры мен Моңғо­лияның опера және балет театры­ арасында шығармашылық ке­лісімшарт бар екен. Осы келісім бойынша моңғолиялық бір опера әншісі келіп «Риголетто» және «Травиата» операларына қатысуға тиіс көрінеді.

Театр басшысы салған жерден «орыстар бізден жауап күтіп отыр. Сол спектакльге сізді ла­йық көріп отырмыз. Жастарға сенім аз. Егер де қатыса алмаймын десеңіз, оларға қойылымды ке­йінге қалдыру туралы өтініш жібереміз», деп түсіндірді. Жал­пы, қандай да бір опералық қойы­лымға сырттан әртіс шақыру сирек жағдай. Егер шақырған болса, ол мәртебе саналады.

Бұл спектакльге шықпа­ға­ныма біраз уақыт болып, сахнаны сағынып жүрген кезім еді. Оның үстіне негізгі кәсібім болғандықтан «қатыса алмаймын» деу ыңғайсыз. Қысқасы, келістім. Свердловск қалалық ака­демиялық опера және балет театры сол кезде Ресейдегі үлкен театрдың бірі саналатын.

Келсем, бір ай бұрын ұзын­дығы театрдың бойымен бірдей жария (анонс) іліп, спектакльге кімдер қатысатыны хақында хабарланып қойыпты. Шолып қарасам, «Травиатадағы» Вио­летта рөліне РСФСР еңбек сіңір­ген әртісі Татьяна Бобровицкая, «Риголеттодағы» Герцог және «Травиатадағы» Альфред рөліне РСФСР халық әртісі танымал тенор Артур Жилкин ой­найды екен. Бұлардың екеуі де сахна­лық операның жілігін шағып, ма­йын ішкен әншілер. Ал мені Риголетто мен Жермонға ойнайды депті.

1987 жылы 13 ақпан күні ­спектакль Риголеттомен бас­тал­ды. Шетелден әншілер кел­гендіктен театр көрерменге лық толды. Қай елде болсын опе­ра­ны сүйіп тыңдайтын өз жан­күйерлері болары хақ.

Бірінші бөлімнің соңында Риголетто мен Джильда екеуінің алғашқы дуэті бар. Ержетіп есейген шағында үйге қамалып әбден зеріккен Джильда: «Мені үйден неге шығармайсыз, менің анам қайда, есімі кім, маған айтып беріңізші?», деп әкесіне жалынатын эпизод бар-тын.

Сонда Риголетто: «Өмірден озған сүйіктім туралы сұрап, қайдағыны есіме салып жаралы жанымды қинамашы! Жа­рымжан, мүгедек демей, мені сүйіп жанашырлық танытқан жалғыз адам сол еді. Менің өмір­ден көрген барлық жақсылық қызығымды өзімен бірге алып кетті емес пе?», деп о дүниелік әйелін есіне алып, өте мұңды әнмен жоқтап, тебіреніп жылап қызына айтып береді.

Осы эпизодты орындап тұр­ғанымда жақында дүниеден өткен жарым есіме түсіп, көзімнің жасы ағыл-тегіл парлап кеткенін өзім де білмей қалдым. Көрермендер тегі мен «образға елітіп» жылады деген болуы керек әр жерде бет орамалмен көз жасын сүртіп отырғандарды байқадым. Дереу өзіме «Қабылаш, спектакльдің соңына дейін әлі де бірталай уақыт бар, жігеріңді жина!» деп ескертіп, есімді жиып спектакльді жалғастыра бердім.

– Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста сіз Моңғолиядағы абыройлы жұмысыңызды тас­тап атамекенге оралдыңыз...

– Қазақстан тәуелсіздік алардан бұрынырақ 1991 жылдың жазында Абай атындағы мем­ле­кеттік академиялық опера және балет театрының шақыруымен Алматы қаласына гастрольдік сапармен келіп, «Травиата» және «Тоска» операларына қа­тыстым. Осы ­сапарымда Мәде­ниет министрлігі­мен, театр­ әкім­шілігімен келісіп екі жылға келісімшарт жасап қайттым. Барған соң басшыларыма «Қазақ­станға кетемін» деп айта алмай, біраз уақыт жүріп қал­дым. Ақыры айттым, олар мақұл көр­меді. Қиын-қыстау шақта бізді тастап кеткенің қалай деп жатып кеп тулады. Мен де өз дегенімнен қайтпадым.

Ақыры 1992 жылдың тамыз айында отбасымды алып Алматыға келдім. Екі күн­нен кейін Абай атындағы акаде­мия­лық опера және балет театрына әнші-солист болып қа­былдандым. Мәдениет министр­лігінің жатақханасынан екі бөл­ме берді.

Театр жаңа маусымын П.И.Чай­ковскийдің «Евгений Оне­гинімен» бастады. Осында басты рөлді сомдадым. Оның сыртында қазақтың төл опералары «Абай», «Біржан-Сара», «Қамар сұлу», «Ер Тарғын» спек­такльдеріне қатыса бас­тадым. Жаңа ортаға сіңісіп ке­туіме сол кездегі театр директоры, Қазақстанның халық әр­тісі Базарғали Жаманбаев, бас режиссері Байғали Досымжанов, аға буын әріптестерім Роза Жаманова, Бақыт Әшімова, өте талантты әнші Мұрат Мұсабаев қатарлы өнер майталмандары рухани дем беріп, сыйластық танытты.

– Қазақстанға қоныс аудар­ғаннан кейін Моңғолияға қай­та бардыңыз ба?

– 1996 жылдың күзінде Моң­ғолия Мәдениет министрлігі мен Ұланбатыр қала әкімшілігі сол ел астанасының 365 жылдық тойына келіңіз деп елшілік арқылы шақыру жіберіпті. Мәс­кеу арқылы ұшып бардым. Ме­рекелік концерт басталды. Зал тола ығай мен сығайлар отыр. Жүргізуші «Қазақстаннан халық әртісі Қабылаш келді. Ол өзінің төл әні «Ақ самайлы Алтайды» шырқамақ» деп жариялады.

Сахнаға шықсам, күллі көрер­мен ән басталмай жатып, аяғынан тік тұрған күйі ұзақ қол соғып қарсы алды. Симфониялық оркестр әнді ойнай бастағанға дейін отырмады. Мен не істерімді біл­мей абыржып қалдым. Көзіме жас үйіріліп, көңілім алабұр­тып барады. Кіріспе музыка тәмамдалуға таяу. Микрофонға баяу жақындап барып әнді әрең бастадым. Баяғыдай күңірентіп айтып шықтым. Көрермен бұл әнді сағынып қалған сияқты, тағы да тік тұрып ұзақ қол соқты.

Көпшілікке иіліп ізет біл­діріп, сахнадан кетіп бара жатыр едім, оркестр табан астында қайтадан «Ақ самайлы Алтай» әнін бастап кетті. Дирижерге қарасам күлімсіреп, «тағы да бір мәрте айтып жібер» дегендей ишарат білдірді. Әрине, қайта айтуға тура келді. Осы жолы дұрыстау айтылғандай болды. Кейбір көрермендер көзіне жас алды. Бұл менің құдіретім емес, әннің құдіреті. Осындай сәттерде өзіңнен басқа бақытты жан жоқтай сезіне­сің. Жоғарыда өзіңіз айтқандай моңғол сахнасында әнші ретінде менің бағымды ашқан, жұлды­зым­ды жарқыратқан – осы ән,
шырағым.

– Уақыт бөліп әңгімелес­кеніңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Жасөспірімдер жүктілігі жанға батады

Қоғам • Бүгін, 08:23

«TALIS»: білім үдерісінің қарқыны қандай?

Білім • Бүгін, 08:20

Платформа арқылы оқыған тиімді

Қоғам • Бүгін, 08:18

Абай жолы адастырмайды

Руханият • Бүгін, 08:15

Қамқорлық аясы кеңейіп келеді

Қоғам • Бүгін, 08:13

Хакімнің фотосы мен өлеңдері

Абай • Бүгін, 08:10

Келешекпен кездесу

Аймақтар • Бүгін, 08:07

Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді

Сұхбат • Бүгін, 08:05

Жетімдерді демейтін құжат

Қоғам • Бүгін, 08:03

Әбиба көш бастап тұр

Спорт • Бүгін, 08:00

Жәнібектің табысы

Спорт • Бүгін, 07:55

Орта тола береді

Қоғам • Бүгін, 07:53

«Google»-дың жаңа жүйесі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:48

Едіге ЕМБЕРДІ: Арманым – Олимпиада алтыны!

Спорт • Бүгін, 07:42

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 09:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді

24 Желтоқсан 2025 15:49see108

2036 жылға қарай Роскосмос айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

25 Желтоқсан 2025 02:32see107

Әкім Индербор халқының алдында қалай есеп берді

24 Желтоқсан 2025 18:33see107

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының шаруалары мал ұрлығының ашылмайтынына шағымданды

24 Желтоқсан 2025 15:21see106

ҰҚК абоненттер туралы ақпарат жинауға арналған жабдықтарға қойылатын талаптарды жаңартты

24 Желтоқсан 2025 22:19see106

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

24 Желтоқсан 2025 14:44see106

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

25 Желтоқсан 2025 14:20see106

2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады

24 Желтоқсан 2025 14:46see106

Қос бағытты қамтыған Phygytal спорт

25 Желтоқсан 2025 02:41see105

Жауынгерлік даярлықтың қорытындысы

25 Желтоқсан 2025 02:42see105

Кәмелетке толмаған қызды зорлап, артынша өлтірген: айыпталушы өмір бойына түрмеге тоғытылды

24 Желтоқсан 2025 22:20see105

Севоран препаратын қолдану мәселесі қайта қарала ма ДСМ жауабы

25 Желтоқсан 2025 15:48see105

Ешкімді әуреге салмай, ұйықтап кетсем деп армандайтын : танымал ақын Асанәлі Әшімов туралы айтты

25 Желтоқсан 2025 02:35see105

Президент ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне назар аударды

25 Желтоқсан 2025 16:48see105

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

25 Желтоқсан 2025 14:11see104

Доллар бағамы бірнеше күннен бері құбылып тұр

25 Желтоқсан 2025 17:29see104

Арменияда шіркеу арнасын көрсеткен телерадиокомпания таратылды

25 Желтоқсан 2025 14:13see104

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

25 Желтоқсан 2025 12:29see104

Биыл магниттік дауылды күндер саны рекорд жаңартты

25 Желтоқсан 2025 17:29see103

Маң дала, маңғаз мекен

25 Желтоқсан 2025 14:20see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары