Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қағаз жүзінде ғана кәсіби мамандар кейін әлеуметтік көмекке тәуелді болып қалуы мүмкін Әбутәліп Мутәлі

Қағаз жүзінде ғана кәсіби мамандар кейін әлеуметтік көмекке тәуелді болып қалуы мүмкін Әбутәліп Мутәлі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мутәлі Премьер-Министр Олжас Бектеновке жоғары оқу орындарының сапасын бақылауды цифрландыру туралы депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдымен депутат жаңа Конституцияда елдің табысты дамуының және әділ, прогрессивті Қазақстанды құрудың қозғаушы күші ретінде адам капиталына басымдық берілгенін атап өтті. Бұл мемлекеттің білім саласына басым көңіл бөлуі керек екенін білдіреді.

«Соңғы жылдары жоғары және орта білім беру жүйесінде дабыл қағатын жағдайлар орын алуда. Кейбір жекеменшік университеттерде, колледждерде студенттерді ресми тіркейді, бірақ әрі қарай студент оқу үдерісіне қатысып жатыр ма, оқу бағдарламасын меңгеріп жатыр ма – бұл жағынан білім беру мекемесі салғырттық танытуда.   

Яғни студенттер оқуға қабылданғандар тізімінде болғанымен, іс жүзінде сабақтарға қатыспайды немесе бағдарламаларды аяқтамайды, бірақ  дипломын маман болып шықты деп кедергісіз алып жатыр.

Болашақта мұндай қағаз жүзінде ғана кәсіби мамандар жетістікке жете қояды деп сену қиын. Керісінше өмірін жеңілдетемін деп кейін жұмыссыздық нарығын толтырып, мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларының көмегіне тәуелді болып қала ма деген күдік бар»., – деді депутат.

Депутаттың айтуынша, ең сорақысы, академиялық жүйеге хакинг жасадым деп жүрген мамандар жалпы отандық университеттер қауымдастығының имиджіне залал келтіреді. Бұл жасанды шындық үкіметтік бақылау нәтижелерімен расталды. Уәкілетті органның мәліметі бойынша, соңғы жылдары 25 университеттің 60 лицензиялық қосымшасы тоқтатылған. Демек саладағы жүйелі құқық бұзушылықтарды жою мен бақылау тетіктерін күшейту бойынша тиянақты жұмыс кажет.

– 2026 жылдың 10 ақпанында өткен кеңейтілген Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру ісінде жүйелік мәселелердің сақталып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ ол кадрларды даярлау жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың дамуынан артта қалып отырғанын, оқу бағдарламалары мен стандарттары заманауи мамандықтардың талаптарына сай келмейтініне назар аударды.

Бүгінгі жағдайда білім беру сапасын бақылаудың дәстүрлі әкімшілік тетіктері жеткіліксіз. Цифрландыру дәуірінде білім беру саласында қалам-қағазбен жұмыс істеу ұтымсыз. Ал біздің жастарымыз осындай кемшіліктерден зардап шегуде.

Аралық және қорытынды емтихандар мен аттестацияларды цифрландыру ерекше маңызға ие. Прокторинг пен жеке басты сәйкестендіруді пайдалана отырып, осы рәсімдерді цифрлық форматта жүргізу білім беру процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық және субъективті тәуекелдерді азайтады, нәтижелерді автоматты түрде тіркейді және бағалауды қолдан өзгерту мүмкіндігін болдырмайды. Біз университеттердің әділетсіз тәжірибесіне цифрлық тосқауыл қоюымыз керек, - деп түсіндірді депутат.

Осы ретте Әбутәліп Мутәлі мемлекет ең үздік халықаралық стандарттарға сәйкес озық білім беруге жағдай жасауы қажет екенін ерекше атап өтті.

– Дәл осы цифрлық аттестаттаудың объективті нәтижелері білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыру және кадрларды даярлау сапасына мемлекеттік бақылауды күшейту үшін негіз болуға тиіс.

Қолданыстағы білім беру стандарттары мен бақылау тетіктері қазіргі цифрлық жүйелердің мүмкіндіктерін ескермейді. Осыған байланысты көптеген жоғары оқу орындарында білімді тексеру формалды болып қала береді және мамандарды даярлаудың тиісті сапасын қамтамасыз етпейді, – деді Мәжіліс депутаты.

Депутат Әбутәліп Мутәлі жоғарыда айтылғандарға байланысты Үкіметке ұсыныстарын айтты.

Жасанды интеллект базасында прокторингті, жеке тұлғаны цифрлық сәйкестендіруді және талдамалық жүйелерді, сонымен қатар жоғары оқу орындарында білімді бақылаудың цифрлық технологияларын міндетті түрде пайдалана отырып, жоғары білімнің мемлекеттік стандарттарына өзгерістер енгізуді қамтамасыз етуді, және «Мемлекеттік бірыңғай прокторинг жүйесін» енгізуді; Нақты мерзімдері, жауапты тұлғалары және енгізу тиімділігін бағалау көрсеткіштері бар жоғары оқу орындарында оқу процесін бақылаудың және аттестаттау рәсімдерінің цифрлық құралдарын енгізудің жол картасын әзірлеуді және ұсынуды сұраймын.
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Наурыз 2026 15:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары