“Қайда көшу керек?“: Қазақстан мен әлемде аллергия қалай жаңа эпидемияға айналды?
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ғалымдардың бағалауынша, аллергиялық аурулар әлемдік денсаулық сақтау саласына төнген басты қатерлер тізіміне ресми түрде енді. Зерттеушілердің пайымдауынша, бүгінде аллергия жер шары халқының 20-дан 30 пайызға дейінгі бөлігін қамтиды, Қазақстан да бұл тізімнен тыс емес. Бұл - балаларды да, ересектерді де аямайтын ХХІ ғасырдың нағыз пандемиясы. TengriHealth тілшісі сарапшылармен бірге аллергияның аса айқын емес себептерін талқылап, тіпті заманауи емдеу әдістерінің неліктен мәселені шешпейтінін анықтап көрді.
Ғалымдардың бағалауынша, аллергиялық аурулар әлемдік денсаулық сақтау саласына төнген басты қатерлер тізіміне ресми түрде енді. Зерттеушілердің пайымдауынша, бүгінде аллергия жер шары халқының 20-дан 30 пайызға дейінгі бөлігін қамтиды, Қазақстан да бұл тізімнен тыс емес. Бұл - балаларды да, ересектерді де аямайтын ХХІ ғасырдың нағыз пандемиясы. TengriHealth тілшісі сарапшылармен бірге аллергияның аса айқын емес себептерін талқылап, тіпті заманауи емдеу әдістерінің неліктен мәселені шешпейтінін анықтап көрді.
Әлемдік статистикаҒалымдар бұл көрінбейтін апаттың ауқымын түсіндіретін бірнеше маңызды цифрды атап өткен. Дамыған елдер мен мегаполистерде әрбір үшінші адам аллергияның "тұтқынына" айналған - қоршаған ортаның ластануы мен өмір салтының өзгеруіне байланысты ауруға шалдығушылар саны үздіксіз артып келеді.
Сонымен қатар әлем "тағамдық тұзаққа" түсіп жатыр: тек Еуропаның өзінде белгілі бір тағам өнімдеріне аллергияның таралуы 20 пайызға жетті және бұл көбінесе адамды өмір бойы мазалайды.
"Тозаң соққысы" да кем түспейді: әлемдегі жастардың 10-нан 35 пайызына дейінгі бөлігінің шөп тозаңына сезімталдығы жоғары, бұл оларды гүлдеу маусымында осал етеді. ДДСҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай жер шары халқының жартысына жуығы аллергияға тап болуы мүмкін.
Дерматит және аллергиялық ринит: Қазақстандағы статистикаДенсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, біздің елде де бүкіл әлемдегідей алдағы жылдары аллергиялық аурулардың таралуы халықтың шамамен 35 пайызы деңгейінде күтіледі - қазіргі уақытта бұл шамамен 5,5 миллион адам.
Көптеген пациент өз бетінше емделеді, жеке клиникаларға немесе басқа дәрігерлерге - отоларингологтарға, дерматологтарға, пульмонологтарға, терапевтерге жүгінеді.
Қазақстанның қай қалалары аллергия бойынша алда тұр?Қолда бар ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы ең көп таралған аллергиялық диагноздар :
аллергиялық жанаспалы дерматит; аллергиялық ринит; атопиялық дерматит.Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, аллергиялық ринит (поллиноз) көрсеткіші үш жыл ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда 193,2-ден 217,7 жағдайға дейін өсті.
Бұл тек ресми тіркелген пациенттер - дәрігерге барып, диагноз қойылғандар ғана. Мамандардың пікірінше, аллергиядан зардап шегетін адамдардың нақты саны бұдан әлдеқайда көп. Көпшілігі халықтық ем-домды және "организмді тазартуды" қолданып, өз бетінше емделеді, сондықтан олар статистикада көрінбейді.
Аллергия ең көп таралған қалаларға келетін болсақ, бұл аурудың ең жоғары көрсеткіштері Алматы, Шымкент, Астана қалаларында, Жетісу және Түркістан облыстарында байқалады. Сарапшылар бұл тізімге Өскемен мен Қостанайды да қосуға болатынын айтады.
Антирейтинг көшбасшысы Алматы болуы заңдылық. Мұнда поллиноз статистикасы рекордтарды жаңартып, 100 мың тұрғынға шаққанда 417,6 жағдайға жеткен. Демек қаладағы әрбір 240-шы адам ресми түрде аллергия "тұтқыны" деп танылған. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен екі есеге жуық жоғары.
Мұның себебі қала тұрғындарының иммунитетінің әлсіздігінде емес, мегаполистің орналасқан жерінде. Мамандар Алматының қазаншұңқырда орналасқанын, ауа айналымының нашарлығын, соның салдарынан өсімдік тозаңы желмен ұшып кетпей, қалада шөгіп қалатынын айтады.
Алматыдан кейін қауіпті аймақтарға 100 мың тұрғынға шаққанда 345,9 жағдаймен Жетісу облысы және 310 жағдаймен Астана қаласы енді.
Бронх демікпесі бойынша ең жоғары сырқаттанушылық Алматы облысында және тағы да Алматы, Астана қалаларында, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады.
Алматыдағы аллергиктің өміріЖәмила Қожахан 42 жаста, оның отыз жылға жуығын аллергиямен күресумен өткізіп келеді. Дәрігерлердің айтуынша, ол - жағдайы күрделі пациент. Оның организмі амброзия мен қандыағаштың гүлдеуіне, қарбызға, қауынға, мандаринге және антибиотиктердің кейбір түрлеріне реакция береді.
Алматылық келіншекте аурудың алғашқы белгілері 90-жылдары анықталған. Ол кезде Қазақстанда "аллергия" деген сөздің өзі сирек қолданылатын, ал емдеу әдістері азаптауға көбірек ұқсайтын.
"Бала кезімде мұрныма пияз шырынын тамызып, сарымсақ тыққандары есімде. Сәл де болса тыныс алу үшін мұрын тесіктеріме саусақтарымды салып ұйықтайтынмын", - деп еске алады Жәмила.
Ол 15 жасқа келгенде ауруының төзгісіз болып кеткенін айтады. Жыл сайын шілденің аяғында Алматы ол үшін ауыр сынаққа айналатын: көздері ісіп, дауысы мұрынынан шығатын, ал басы мең-зең болатын.
"Супрастин мен диазолин мені ұйқылы-ояу маубасқа айналдыратын. Айналамдағылар мені мас деп ойлап, келемеждейтін. Көңіл-күйің болмайды, жалғыз тілегің - еркін тыныс алу".
Дәйексөз авторын қосу
Сурет қосу
![]()
Жәмила Қожахан
30 жылдан астам уақыт аллергиядан зардап шегіп жүрген алматылық
Жәмила ең қорқынышты сәттердің түнде басталатынын еске алады. Оттегінің жетіспеушілігінен ол жиі түнде жаман түстер көріп, ұйқы сал ауруына (сонный паралич) ұшырайтын. Бойжеткен бала кезінде мұны "шайтанның ісі" деп түсінген.
"Түсіңде сені біреу өлтіріп жатқандай немесе соңыңнан біреу қуып келе жатқандай болады. Зәрең ұшып оянғанда барып, демің тоқтап қалғандықтан миың сені оятуға тырысқанын түсінесің", - дейді кейіпкер сол бір сәттерді баяндап.
Дәрігерлер де дәрменсіз болып: "Емі жоқ, көшу керек" деген бір ғана кеңес берген. Алайда Алматының ішінде аудан ауыстырғаннан ештеңе өзгермеді - ауру беті қайтпады. Десе де, 26 жылдық күрес барысында ол арзан таблеткалардан бастап, тұрғылықты жерін ауыстыруға дейін бәрін де сынап көрген сияқты.
"Көшу? Ал қайда көшемін? Амброзия - ең күшті аллерген-арамшөп, ол барлық жерде бар. Қазір мен гормоналды спрейлерді қолданамын. Кез келген ауа райында сөмкемде осы құралдың құтысы жүреді. Егер ол жанымда болмаса, бойымды үрей билейді. Бұл енді психологиялық жағдай шығар. Дәрігерлер оны қолдануды тоқтатуды талап ететінін білемін, бірақ спрей - менің құтқарушым. Онсыз тынысым тарылып, тұншығып қаламын ба деп қорқамын", - дейді Жәмила.
Бүгінде ол Алматының арамшөптер қаптап кеткен ауданында тұрады, ал маусым кезінде ол шөптердің бойы адам бойымен бірдей болады. Шілденің аяғында "тіпті өкпенің іші қышығандай" сезім пайда болып, өмірі қайтадан қиындайтынын әйел анық біледі.
Табиғат құлпырады, ал сен азап шегесіңМұндай қиындықпен тек Жәмила ғана бетпе-бет келіп отырған жоқ. Опера әншісі Анастасия Медетова-Шван үшін де аллергия бірнеше жыл бойы үлкен сынаққа айналды. Әсіресе шілде мен тамыз айларында жусан гүлдегенде оның жағдайы қатты нашарлайтын.
Ол мұны шамамен 10 жыл бұрын байқай бастаған.
"Жусанның гүлдеуі әншілердің кәсіби маусымымен тұспа-тұс келеді. Жазда белсенді өнер көрсетуім керек кезде жағдайым күрт нашарлайтын: ісіну пайда болып, тыныс алуым мен сөйлеуім қиындап, тамағым ауыратын. Сахна адамы үшін бұл жұмыстағы үлкен шектеуді білдіреді. Алдын ала шара қолдануға тырысқаныммен, ештеңе көмектеспеді. Жыл сайын осы жағдай қайталанатын".
Дәйексөз авторын қосу
Сурет қосу
![]()
Анастасия Медетова-Шван
опера әншісі, аллергиямен ауырады
Шешім іздеген ол дәрігерлерге жүгінген. Олар стандартты ем-домды тағайындады: тамшылар, спрейлер, таблеткалар және тамақты "тазалау", бірақ жеңілдік уақытша ғана болған. Анастасия бәрібір ауыра берген соң, ақыры әншіге аллергия маусымы кезінде елден кетіп қалуға кеңес берілген.
Уақыт өте келе ауру асқына түсті. Дәрігерлер оған "бронхиалды астма" деген диагноз қойып, күшті препараттар жазып берді. Бірақ Анастасия тамақтану мен өмір салтын өзгерту арқылы симптомдарды жеңуге тырысыпты. Бұл әдіс кейіпкерімізге көмектескен. Уақыт өте келе ол аллергия белгілерінен арылған.
Сарапшылардың айтуынша, әрбір жағдай мен ағзаның ерекшелігі әртүрлі екенін есте сақтау қажет. Біреуге көмектескен әдіс екінші адам үшін пайдасыз болуы мүмкін. Ең бастысы - аллергияны диагностикалау мен емдеудің дәлелденген тиімді әдістеріне сүйену.
Тұмша мен аллергия: ауаның ластануы ағзаның реакциясын қалай күшейтедіЕгер Алматыда аллергияның дамуына тіпті географиялық орналасуы себеп болса, онда неге одан кейін жазық даладағы Астана, Жетісу немесе Түркістан облыстарының тұрғындары тұншыға бастайды?
Мамандар бұл жерде басқа заңдылық барын айтады: қаладағы құрылыс неғұрлым тығыз және тұмша неғұрлым қою болса (көбінесе бірі екіншісіз болмайды), ағзаның табиғи қорғанысы соғұрлым әлсірейді. Ал тұмша дәстүрлі түрде аллергияның басты себепшісі ретінде аталады.
Қазақстан деректер орталығының AllergyMedicine журналындағы зерттеуге сәйкес, аллергияның дамуында PM2.5 ұсақ дисперсті бөлшектері - көлік газдары мен ЖЭО-дан шығатын күйе шешуші рөл атқарады. Олардың кішкентайлығы сондай, көзге көрінбейді, бірақ аллергендер ауада дәл осы бөлшектерге "жабысып" қозғалады.
Табиғатқа шыққанда өсімдік тозаңы әдетте мұрынға немесе тамаққа тұнады. Ал қалада бәрі басқаша: лас ауа бөлшектері тозаңмен және басқа аллергендермен араласып, оны ауада ұзақ сақтайды және бронхқа тереңірек енуіне көмектеседі. Сондықтан қаладағы аллергия жиі ауыр өтеді.
Жел тозаңды айдап әкететін далалы аймақтарда әзірге қауіп азырақ, бірақ мегаполистер қазірдің өзінде жаңа эпидемияның ошағына айналып үлгерді.
Мұны Алматы тұрғыны Наталья Ракишева өз басынан өткеріп жүр. Өзінің айтуынша, "стерильді" Дубайда 11 жыл тұрып, ол түшкірудің немесе ауадағы көрінбейтін тітіркендіргіштерден көз жасы ағудың не екенін ұмытып кеткен. Бірақ Қазақстанға оралу оның ағзасы үшін нағыз сынаққа айналды.
"Мен біздің ағзамызды тоқтаусыз жұмыс істейтін детокс-жүйе деп санаймын. Пластик, консерванттар, тұмша - мұның бәрі жинала береді. Белгілі бір сәтте кез келген гистаминдік жүктеме соңғы тамшыға айналады".
Дәйексөз авторын қосу
Сурет қосу
![]()
Наталья Ракишева
Алматы тұрғыны
Оның ағзасы үшін лас ауа бикфорд бауына (бикфордов шнуры) айналған. Ал оны тұтандырушы - өз психоэмоционалдық жағдайы болды.
"Қатты уайымдағанда немесе жүйкеме салмақ түскенде, симптомдар күшейетін - қышып, көзімнен жас ағып, тыныс алуым қиындайтын", - дейді ол.
Мұндай сезімдер біреулерге еркелік болып көрінгенімен, іс жүзінде олай емес.
Дәрігер-аллерголог Сәуле Жұмамбаева аллергияның дамуы ағзаның "қоқысқа толуымен" немесе әлеуметтік желілерде тарап жүрген өзге де мифтермен емес, өмір салтының өзгеруімен және соған иммундық жүйенің беретін реакциясымен байланысты екенін атап өтті.
"Аллергия - бұл тек түшкіру, көздің жасаурауы немесе мұрынның қышуы емес. Бұл дерт көрінгеннен әлдеқайда күрделі", - дейді Сәуле Жұмамбаева.
Сарапшы туралы: Жұмамбаева Сәуле Мұратқызы - педиатр, аллерголог, PhD докторы, "Астана медицина университеті" КеАҚ Балалар аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Дәрігердің бақылауынша, пациенттердің көбі қабылдауға тек физикалық симптомдармен ғана емес, сонымен бірге ауыр психологиялық жүктемемен келеді. Ал бұл жағдайлардың астарында бейімделудің бұзылуы жатыр.
Атап айтқанда, генетика - бұл "оқталған тапанша", бірақ дәл осы психологиялық жүктеме мен шамадан тыс қажу "шүріппені басып", жасырын патологияларды іске қосады. Жылдар бойы қалғып жатқан ген қажудың немесе ортаның өзгеруінің салдарынан оянуы мүмкін.
Әдеттеріміз бізді қалай аллергикке айналдырады?Қаладағыы аллергия - тек түтін мен климаттың өзгеруінің нәтижесі емес. Дәрігерлер бұл дерттің біздің өмір салтымызбен тығыз байланысты, онша айқын емес басқа да себептері бар екенін айтады.
Осыдан біраз уақыт бұрын, 1989 жылы британдық эпидемиолог Дэвид Стрэчан 17 мыңнан астам баланың жағдайына талдау жасап, мынадай заңдылықты байқаған: отбасында аға-әпкелер неғұрлым көп болса, балалардың шөп безгегі мен экземаға шалдығу қаупі соғұрлым төмен болады. Ол бұл құбылысты аға-әпкелерімен гигиеналық тұрғыдан аса таза емес қарым-қатынас арқылы микробтармен байланысқа түсумен түсіндірді: бұл иммунитетті жаттықтырып, адамды аллергиядан қорғайды.
Дәл осы тұжырым гигиеналық гипотезаның негізіне айналды, мұны Қазақстанда Сәуле Жұмамбаева да растап отыр.
"Ағзаның инфекциялық аурулармен байланысы неғұрлым аз болса және біз неғұрлым тап-таза, стерильді жағдайда өмір сүрсек, аллергия соғұрлым көп болады. Иммунитетке микробтық "жаттығу" қажет, ал оның жоқтығы бізді аллергия алдында дәрменсіз етеді".
Дәйексөз авторын қосу
Сурет қосу
![]()
Сәуле Жұмамбаева
Дәрігер-аллерголог
Тағы бір фактор - антибиотиктерді шектен тыс қолдану. Бұл үлкен мәселені тудырып, оның зардаптары қазірдің өзінде қатты сезіле бастаған.
Кеңес заманынан бері кез келген суық тию кезінде вирустарға еш әсері жоқ антибиотиктерді оңды-солды қолдану әдетке айналған - бұл "торғайды зеңбірекпен атқанмен" бірдей еді. Мұның бәрі антибиотикке төзімділікке (резистенттілік) алып келді: микробтардың мутацияға ұшырауынан препараттар бұрынғыдай әсер етпейді, деп атап өтті Сәуле Жұмамбаева.
Аллергияны емдеудің заманауи әдістері: антигистаминдік препараттардан молекулалық диагностикаға дейін"Антибиотиктер ішек пен терінің микробиомын жойған кезде, иммундық жүйе қайтадан тепе-теңдігін жоғалтады, ал бұл аллергиялық реакциялардың дамуына тікелей жол ашуы мүмкін", - деп толықтырды дәрігер.
Аллергияны толық емдеу мүмкін бе? Ғалымдар бұл сұрақтың жауабын бірнеше ғасырдан бері іздеп келеді.
Аллергия туралы ежелгі заманнан бері белгілі болса да, оны диагностикалауды тек 19-ғасырда үйренген. Ал 20-ғасырдың басында ғана австриялық иммунолог Клеменс фон Пирке иммундық жүйенің әдетте зиянсыз заттарға беретін аса жоғары сезімталдық реакциясын сипаттау үшін "аллергия" терминін енгізді.
Аллергология дамуындағы маңызды қадамдардың бірі - антигистаминдік препараттардың ашылуы болды. Бұл дәрілер аллергия кезінде қышу, ісіну, түшкіру және көз жасаурауын тудыратын гистамин деп аталатын ерекше затты бөгейді. Олардың заманауи баламалары бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатқаны белгілі.
Сәуле Жұмамбаева заманауи әдістер аллергенді молекулаларға дейін жіктеуге мүмкіндік беретінін айтады. Дәрігерлер иммундық жүйенің нақты қай ақуызға реакция беретінін көріп, аллергияны "жалпылама" емдемей, нақты молекулаға қарсы "дербес қару" таңдайды.
Бұл қан талдау техникасы мен спецификалық тестердің, соның ішінде АСИТ әдісінің дамуының арқасында мүмкін болған.
Анықтама: Аллерген-спецификалық иммунотерапия (АСИТ) - тек симптомдарды басып қана қоймай, иммундық жүйені нақты аллергендерге сезімталдықты төмендетуге біртіндеп "үйрететін", іс жүзінде ағзаның реакциясын өзгертетін әдіс. Бұл әдістің шыққанына жүз жылдан асса да, бүгінде ол қарқынды дамып келеді. Қазір қолдануға ыңғайлы формалары пайда болды: егер бұрын негізінен инъекциялар қолданылса, қазір - таблеткалар мен тамшылар түрінде шығады. Әдіс қауіпсіз әрі тиімді бола түсті.
Алайда технологиялардың дамуына қарамастан, аллергиямен ауыратындардың саны артып келеді. Неліктен заманауи медицина осы толқынды әлі күнге дейін тоқтата алмай отыр? Көптеген сарапшы емдеудің ең қауіпсіз жолы деп санайтын АСИТ неге әлемді аллергиядан құтқара алмады?
АСИТ: тиімділігі, қолжетімділігі және жұмыс принципі Зерттеулер не дейді: АСИТ тиімділігі туралы цифрлар1 500-ге жуық пациент бақылауға алынған ірі зерттеулерде АСИТ әдісінің тиімділігі келесідей бағаланады:
қатысушылардың 40–50 пайызында риниттің айқын симптомдары айтарлықтай төмендеген; антигистаминдік препараттарды тұтыну және ингаляторларды қолдану 35–45 пайызға азайды; астмамен ауыратын науқастарда ауыр ұстамалардың жиілігі 30 пайызға төмендеді.Сонымен қатар АСИТ жаңа аллергия түрлерінің пайда болу қаупін азайтады және емдеу курсы аяқталғаннан кейін де әсерін сақтайды. Теория жүзінде бұл әдіс тозаңға, үй жануарларына немесе басқа да көп таралған аллергендерге аллергиясы бар жандардың бәріне көмектеседі.
Біздің сарапшымыздың айтуынша, АСИТ бүгінде аллергиямен күресудің "алтын стандарты" болып саналады. Бір курс аясында бір мезгілде 1-2, кейде 3-4 аллергенді - тозаңдық, тұрмыстық және эпидермалдық түрлерін емдеуге болады. Дегенмен ол аллергиямен ауыратындар санының артуына тосқауыл бола алмайды және алғашқы профилактиканы алмастырмайды.
Толық диагностика жасау және препаратты дұрыс таңдау - емнің сәтті болуының негізгі шарты. Лабораториялық тесттер кешені мен тері аллергиялық сынамалары ең сенімді диагностикалау әдісі болып қала береді.
Неліктен АСИТ бірінші курстан кейін әрдайым нәтиже бере бермейді? Ықтимал себептері:
аурудың өзіндік ерекшеліктері; препараттың қате таңдалуы; оны енгізу режимінің сақталмауы; аллергенмен тұрақты жанасу; терапияның жеке адамға әсер етпеуі.Емдеу курсын үзу нәтижелерді нашарлатады, сондықтан пациентпен емнің ұзақтығы мен шарттарын алдын ала талқылау маңызды. Сарапшылар маман таңдауға мұқият қарауды, аллерголог дәрігердің тәжірибесі мен санатын ескеруді ұсынады.
Қазақстандағы АСИТ терапиясының бағасы: 2026 жылы аллергияны емдеу қанша тұрадыДенсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, АСИТ препараттары Қазақстандағы тегін медициналық көмек тізбесіне кірмейді, сондай-ақ МӘМС бойынша сақтандыру арқылы да өтелмейді. Ағзаның белгілі бір қоздырғышқа реакциясын дәл анықтауға көмектесетін қазіргі заманғы аллергия тесттері де әзірге тегін қызметтердің ресми тізіміне енгізілмеген.
Аллергияның молекулалық диагностика әдістеріне (ImmunoCAP, ALEX және т.б. тесттер) келетін болсақ, министрліктің ақпараты бойынша, олар да медициналық қызметтердің қолданыстағы тарификаторында жоқ.
"Бейінді мамандар денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізуге бастамашылық жасауы, сондай-ақ осы әдістерді денсаулық сақтау жүйесіне енгізудің клиникалық тиімділігі мен мақсатқа сәйкестігін растайтын дәлелді базаны ұсынуы қажет", - делінген ведомствоның біздің сауалымызға берген жауабында.
Адамдарға көбіне диагностика мен емдеу ақысын өз қалтасынан төлеуге тура келеді. Бірақ мәселе тек құнында емес, сонымен қатар бұл әдістердің қаншалықты таралғаны мен қолжетімділігінде болып отыр.
Бір және бірнеше аллергенге арналған АСИТ курсы қанша тұрадыИммунитеттің мұндай "қайта жүктелуі" қарапайым астаналық үшін қаншалықты қолжетімді екенін түсіну мақсатында біз тәжірибе жасап, елорданың жиырмаға жуық жетекші жеке және мемлекеттік клиникаларына хабарластық.
Нәтиже бізді таңғалдырды: 20 медициналық мекеменің ішінде АСИТ терапиясын тек үшеуі ғана жүргізетін болып шықты. Клиникалардың басым бөлігінде - ірі ғылыми орталықтардан бастап танымал желілік мекемелерге дейін - аллергологтар тек кеңес берумен және стандартты антигистаминдік дәрілерді тағайындаумен ғана шектеледі.
АСИТ жүргізуге дайын клиника тапқандардың өзі үшін емнің құны айтарлықтай жоғары, ал кейбіреулер үшін тіпті қолжетімсіз болып қалып отыр.
Жетекші аллергоорталықтардың бүгінгі прайс-парақтарына сәйкес, бір аллергенге (мысалы, жусан немесе қайыңға) арналған бір жылдық инъекция немесе тамшы курсы орта есеппен 230-260 мың теңге тұрады.
Жағдайды қиындататын тағы бір жайт - тек бір ғана қоздырғыштан көзі қышып, жас ағатын "таза" аллергиктер өте сирек кездеседі. Егер ағзада бірнеше триггер болса, АСИТ курсының бағасы жылына 380 000 теңгеге дейін көтеріледі.
Тұрақты әсерге қол жеткізу үшін терапияны үш жылдан бес жылға дейін жалғастыру қажеттігін ескерсек, емдеудің жалпы құны 1,5 миллион теңгеден асуы мүмкін.
Бірақ мәселе ақпараттандыруда да болып отыр. Кейіпкерлерімізбен сөйлесе келе, барлық емдеу әдістерін қолданып көрген тәжірибелі аллергиктердің өзі АСИТ-тің не екенін әрдайым біле бермейтінін түсіндік.
Мысалы, алматылық Жәмилә Қожахан шөптер гүлдейтін маусымда 30 жылға жуық зардап шегіп келсе де, аллергенге ерекше иммунотерапия курсы туралы ешқашан естімегенін айтады. Оның қолданатыны - тек уақытша шаралар мен қашан да жанында жүретін антигистаминдік спрей құтысы.
Сарапшылардың пікірінше, бұл хабарсыздық кездейсоқ емес, жүйелі мәселенің көрінісі. Аллергияны емдеу технологиялары бар, бірақ оларға қолжетімділік әзірге қалаған деңгейде емес. Әсіресе өңірлердегі адамдарға қиын: бәрі бірдей АСИТ-тің толық курсынан өте алмайды немесе қажетті талдауларды тапсыра алмайды.
Ақтөбелік Әсел Шеймерденованың тарихы - соның айқын мысалы. Ол сегіз жылдан бері аллергиямен күресіп келеді, қазір оған тіпті ең күшті гормоналды препараттар да көмектеспейді.
"Жалғыз амалым - үш күнде бір рет супрастин салдыру, содан кейін жақындарым маған бір-бір жарым сағат ұйықтап, ес жиюға мүмкіндік береді. Дәрігерлердің ешбірі АСИТ-ті (аллерген-спецификалық иммунотерапия) ұсынған жоқ. Бұл мәселеге енді ғана байыппен қарай бастаған сияқты, бұрын тіпті дәрігерлердің өзі немқұрайлы қарайтын".
Дәйексөз авторын қосу
Сурет қосу
![]()
Әсел Шеймерденова
Ақтөбе тұрғыны, 8 жылдан бері аллергиямен күресіп келеді
Кейіпкеріміздің айтуынша, өңірлердегі жүйелі көмектің ақсауы оның жағдайындағы емделушілерді дертті емдемейтін, тек симптомдарын уақытша басатын ескі препараттарды жылдап қолдануға мәжбүр етеді.
АСИТ-тің және өзге де заманауи әдістердің пайдасын түсіндіретін білікті аллергологтың тұрақты бақылауы болмағандықтан, қала тұрғындары түрлі "ағзаны тазарту" шаралары мен пайдасы шамалы дәрі-дәрмектердің тұтқынына айналған.
Осылайша, ғалымдар жаңа препараттар әзірлеп, иммунитетті "қайта бағдарламалаудың" жолдарын іздеп жатқанда, мыңдаған адам әрбір гүлдеу маусымын жеке басының ауыр сынағындай өткеруге мәжбүр.
Авторлар: Айнұр Әжібаева, Вячеслав Половинко
Аударған: Нұрила Ермекбаева
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:82
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 09:59 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















