Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қара сөзге шорқақ еді, бірақ әнге келгенде Қалидан асқан жан жоқ Жүсіпбек Елебеков

Қара сөзге шорқақ еді, бірақ әнге келгенде Қалидан асқан жан жоқ Жүсіпбек Елебеков

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Біз көбіне өнер адамдары туралы олардың сахнадағы болмысымен, шығармашылығын талдаумен, тағдырының күрделі кезеңдерімен байланыстырып айтамыз. Әндері мен күйлері, орындау мәнері, тарихи орны жайлы дерек те, талдау да жеткілікті. Алайда оқырман үшін өнерпаздың талантымен қатар, оның күнделікті өмірдегі қалпы, мінезі қызық деп ойлаймыз. Сондықтан өнерпаз тұлғасын тек ресми деректерден емес, естеліктер арқылы тану маңызды. 

Осындай естеліктерде пафос жоқ, керісінше тірі адам, тірі сөз, тірі жағдай бар. Солардың бірі – Хабиба Елебекованың «Қайран, Жүсекем» атты естелік кітабы. Бұл кітапта Жүсіпбек Елебековке қатысты ғана емес, тұтас бір дәуірдің өнер адамдары туралы көптеген шынайы әңгімелер сақталған. Аталған естеліктің ішінде әнші Қали Байжановқа байланысты айтылған жайттар ерекше назар аударады. Бұл тұста Қали жайлы сөзді тек бір адам емес, оны жақсы таныған, бірге жүрген тұлғалар Шәкен Айманов пен Жүсіпбек Елебековтің өзі айтады. 

Шәкен Қалиды жанындай жақсы керетін. Қалидың баладай сенгіш аңқаулығын, сөзге шорқақтығын айтып, екеуі рақаттанып күледі, – деп басталады әңгіме.

Хабиба апамыз Қалидің қартайған шағындағы қылықтарын жаза бастайды. Қатарластары сияқты намаз оқиды. Бірақ автордың жазуынша, бұл “намаз оқымайды деп айтпасын дегендегісі” дейді екен. 

Бірде Қалибек Қуанышбаев, Жүсіпбек Елебеков, Шәкен Айманов Қарағандыға барып, Қали Байжановтың үйіне түседі. Бәрі бір-бірімен дос. Ал Қалекең мен Қалики тіпті баяғы Қоянды жәрмеңкесінде бірге ән айтып, “әнші Қали, пері Қалибек атанған” екен. Және барлығы бір-бірімен тек дос емес, алыс-жақын туысқандығы да бар көрінеді. 

Сол бір кездесуден Қали намазын оқуға тұрып, артынан қол жайып аруақтарға бағыштайды екен.

…қол жайып аят оқып отырғандай аузын күбірлетіп отырып, жан-жағына алақтап қарап қоятын көрінеді. Көзіне бірінші ілінген Қалекидің әкесінің атын атап, Қуанышбайдың аруағына бағыштадым деп бір қойып, Жүсіпбек өкпелеп қала ма дегендей, Жүсіпбекке қарай мойын бұра, дауысын көтеріңкіреп Елебектің аруағына, Шәкенге қарап, Айманның аруағына бағыштадым деп, жанындағы өзі білетін адамдардың әкелерін түгел айтып шығатын көрінеді. Қалекеңнің ақкөңіл аңқаулығын, жанының баладай тазалығын айтып екеуі рақаттана күлетін. Шәкен Қалекеңнің сондағы аңқаулық тұрпатын айнытпай салып айтып бергенде, көзімізден жас аққанша күлеміз, – деп жазады Хабиба Елебекова

Қали Байжанов қара сөзге шорқақ, әңгіме айтуға келгенде ойы шашырап, бірді айтып бірге кететін адам болған екен. Оның білетіні – ән, сондықтан сөз бастаса да көп ұзамай әнге барғысы келіп тұрады. Осы мінезін жақсы білетін Шәкен Айманов әдейі оны сөйлетіп, Қоянды жәрмеңкесіндегі қызықты бір оқиғаны айтып беруді сұрайды. 

Қали болса, әңгімесін қайта-қайта «осы өзіміздің Қапан бар» (Қапан әйелі болса керек) деп бастап, ойды әр тарапқа алып кетеді. Айтпақ болған әңгімесі бес-алты сөйлемнен әрі аспай, өзі де қайда бастап, қайда келгенін аңғармай қалады екен.

Шәкен Қалидың әңгімесін айтқанда, күлкіден ішегіміз қататын. Бірақ Қали асқан әнші еді. «Әнді Қалидай түсініп, нәшініне келтіріп, құбылтып айтатын әнші кемде-кем», – деп табына таңғалып отыратын Жүсекең…

– Жүсеке, бұл ғажап әнші ғой. Оның ән орындауындағы шеберлігіне қанша үңілсем де, ой түйінін түйе алмай-ақ қойдым. Сіз әншісіз ғой. Сезесіз бе? Мұның сыры неде? – деді бір күні Шәкен.

– Меніңше, Қалидың басқа әншілерден басым түсіп, жоғары тұруы, біріншіден, ол қазақтың небір асқан дарынды әншілерінен үлгі алды. Мен Қалидай бақытты әнші жоқ деп айтар ем. Өйткені, ол Біржан мен Ақанның алдын көрді. Атақты Жарылғапберлінің сүйікті шәкірті болып, сабақ алды. Сондай-ақ дауылпаз композитор Жаяу Мұсамен де сан рет кездесті. Мұның бәрі оған әсер етпейді дейсің бе?! 

Кейін Жүсекен Қалидің басқа әншілерге қарағанда табиғи таланты әлдеқайда жоғары дейді. Мысалы, әнші айтатын «Ардақ», «Алтыбасар», «Шама», «Жиырма бес», «Келіншек» секілді әндерді кез келген әнші нақышына келтіріп айта алмайды дейді. Басқа өнерпаздың қиналып айтатын бұл әндерді – Қали еркін айта береді. Бұл оның алдындағы ұлы ұстаздарынан алған өнегесі, яғни, оның бәрін ақылмен емес, жүрекпен сезіну арқылы алған деп қорытындылапты сөзін Жүсіпбек.

Шәкен екеуінің Қали жайында әңгімесі таусылмайтын. Әңгімелеп отырып Қалиша ән айтып, домбыра тартатын. Ұзақ түнге ән айтып, әншілер жайында сыр шертуге жалықпайтынына күні бүгінге дейін қайран қаламын. Не деген өнер сүйгіш, әңгеге құмар жандар десеңші! Бірін-бірі жетектеп, бірін-бірі толықтырып отырушы еді, – деп аяқтайды сөзін Хабиба Елебекова.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына   белсенді  гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 13:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары