Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Сөзге салынған шынжыр кісен

Сөзге салынған шынжыр кісен

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Жұлдыз» журналының алпысыншы жылдардағы архивін ақтарып отырып Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романының алғашқы нұсқасына кезіктім. «Бірінші дәптер» деп айдарланған сол нұсқада басты кейіпкер Еркін «халық жауының» баласы болып суреттеліпті.

Бүгінгі көзқараспен қа­­расақ, адам жанын ­жауратар ызғар­­лы ке­ңестік заманда әр жазушы­ның үс­те­лінде екі қалам қатар жат­қандай көрінеді. Бірі қалам­гер жүрегін жарып шыққан шын­дыққа жүгінетін батыр қалам да, екіншісі цензура­ның кәрінен именіп, уақыттың ағынына бейімделгіш қорқау қалам. Ең азаптысы сол, кешегі жазушылардың дені екіншісі­не жиі қол созатын. Өйткені қорқау қалам «қоғамға зиянды идея», «совет адамын дұрыс көрсетпеу», «пролетариат мүд­десіне қарсы» деген айыптау­ларды айналып өтіп, ашылмайтын есіктерді ашуға қабілетті еді. Бірақ осы қаламмен жатпай-тұрмай көп жазып, мейлінше мол қаламақы алып, том-том кітап шығарған мыңдардың бәрі де ұмытылды. Ал ардың сө­зін ақиқаттың айбалтасы­мен қақ жаратын бірінші қаламды қолынан сусытпаған саусақпен санарлық қаламгерлердің туын­дылары халық тағдырымен үн­десіп кетіпті.

Бердібек Соқпақбаев рома­ны­ның алғашқы нұсқасын оқып отырғанда көзіміз осыған анық жетті. Кеңес цензурасының қы­лышынан қан тамып тұрған тұста шындық жағында болып, қанша қидалауға түссе де, жа­зықсыз «халық жауы» атанған арда азаматтар һәм олардың ұрпақ­тары туралы жазу шы­нында ерлік емес пе?

Романдағы түзетілген тұсты оқырманмен бірге оқиықшы.

Біз сөз етіп отырған роман­ның қазіргі нұсқасында: «…Алтыншы оқып жүрген кезім. Әкем жуырда қайтыс болған. Қысты күн. Топ бала жар­қа­бақ­та сырғанақ теуіп жүрміз. Нүсіпбай дейтін менен екі-үш класс алда оқитын, сотқарлау жуан білек бір баламен жанжалдасып қалдым. Екеуміз боқтастық. Нүсіпбай:

– Әкеңнің аузын… жетім, – деді.

Жетім деген сөзі етімнен өтіп, сүйегіме жетті. Екеуміз жатта кеп төбелестік. Нүсіпбай менен әлді, күшім келмейді. Таяқты көбірек жеп қалдым. Өшім кетіп бара жатыр. Жетім деп қорлағаны тағы бар. Саза­рып үйге келдім. Нүсіпбайдан қалай да өш алуым керек. Қа­лай алам? Ет кесетін мүйіз сап қара пышағымыз бар. Әлгіні жеңімнің ішіне тығып алдым да, сырғанақтың басына қайта бардым. Үн-түнсіз кеп, Нүсіпбайдың бетінен пышақпен көлденеңдей тартып жібердім. Нүсіпбай баж етіп, бетін басып, тұрып қалды. Қара қан қолының сыртын жауып кетті» делінеді.

Ал түпнұсқада басты ке­йіпкер Нүсіпбаймен белдеуге таласып қалады:

«Нүсіпбай: – Халық жауының баласы, кет! Жолама біздің үйге деп! – мені ұрып, қуып жіберді. Мен кете бардым. Ұрғаны ештеңе емес, «халық жауының баласы» деген сөзі етімнен өтіп, сүйегіме бір-ақ жетті. Төбелесейін десем, әлім келмейді. Үйге келдім де, ет ке­се­­­тін мүйіз сап қара пышақты алып, Нүсіпбайға қайта бардым. Пышақ ұстаған қолым артымда жасырулы. Нүсіпбай мені көріп:

– Неге келдің? Мен саған бұл араға жолама деп айтпадым ба? – деп қоқиланып қарсы жүрді. Мен үндемей жақындап келдім де, пышақпен Нүсіпбайдың бе­тінен көлденеңдей тартып кеп жібердім. Нүсіпбайым баж етіп, бетін басып отырды да қалды. Қара қан қолының сыртын жауып кетті».

«Жетім» деген сөз, әрине, кімге болмасын ауыр тиеді. Бірақ шындығында Бердібек Соқпақбаевтың кейіпкері Еркін­ді жетім деген сөз жасытпа­­ған. Оның жүрегіне тікен болып қа­далған – «халық жауының бала­сы» деген жәбір. Жетімдік – Құдайдың жазғаны. Ал «халық жауы­ның» баласы болу – саясат. Сол саясаттың желі қарсыдан соқ­қанда әкесі жазықсыз жапа кө­ріп, айдауға кеткен, сол үшін кім көрінгенге көзтүрткі болып қор­ланған кейіпкердің пы­шақ алып тұра жүгіруден басқа қо­лы­нан не келеді? Ал осы бір бас көтерер азаматтарымыз­дың ба­сынан өткен тауқымет­ті тағ­дырды Бердібектей көре білген, Бердібектей жаза білген кім бар?

Әрине, біз қолға түсірген алғашқы нұсқа мен қазіргі роман­­­дағы айырмашылық осы бір ғана эпизодпен шектел­мейді. «Әкем қамалғаннан соң бір айдан кейін киім-кешегін арқалап ағайым сүмірейіп үйге келіп тұр. Сөйтсе, оны халық жауының баласы деп әрі оқу­дан, әрі комсомолдан шығарып жіберіпті», «Әкем ұсталардан үш-төрт ай бұрын, 1937 жыл­дың күзінде, біздің Тұйықтан Бөкей, Мәмбет деген адамдар халық жауы болып ұсталды. Бөкей – ұста, ал Мәмбет еті тірі белсенді адам. Әртүрлі қызмет атқарып жү­ретін. Ел соларды да: «Нұрәлі ұстатыпты. Нұрәлі тыңшы екен», деген сөздер айтып жүрді.

Үшінші себеп: әкеміз қа­мал­ған соң, Нұрәлі бізге тіпті қы­рын қарап алды. Халық жауы­ның ба­ласы, халық жауының қатыны деп төбемізге талай рет қамшы ойнатқан кездері болды. Міне, осының бәрі тегін бе?» деген сынды шығарманың қысқар­ған жерлерін шағын мақалада түгел айтып шығу әсте мүмкін емес. Десе де, жоғарыда сөз еткен ақиқат қаламын қолына ұс­таған қаламгерлердің жоғын тү­гендеу бізге парыз іспетті. Демек, кешегі сөзге салынған шынжыр кісен цензураның нұсқауымен өшірілген әр жолды қайтадан оқырман кәдесіне жаратуға ке­шеуілдеуге хақымыз жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды

Экономика • Бүгін, 15:20

Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды

Саясат • Бүгін, 15:05

Мұстафа Шоқайдың бұрын жарияланбаған фотосуреттері табылды

Жәдігер • Бүгін, 14:45

Израилдің батыс жағалауында 4G іске қосылды

Саясат • Бүгін, 14:00

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

Футбол • Бүгін, 13:35

Президент сұхбаты: мемлекет саясаты қалай өзгерді?

Саясат • Бүгін, 13:11

АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады

Әлем • Бүгін, 12:40

Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды

Спорт • Бүгін, 12:15

Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды

Қоғам • Бүгін, 12:03

Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?

Оқиға • Бүгін, 11:37

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Футбол • Бүгін, 11:26

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жаңа техника жұмысты жетілдіреді

Аймақтар • Бүгін, 10:50

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қаңтар 2026 16:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары