Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қарағанды облысында 600 ден астам лифтінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен

Қарағанды облысында 600 ден астам лифтінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қарағанды облысында 600-ден астам лифтінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен.

Тек облыс орталығының өзінде жүздеген үй жарты ғасыр бұрын орнатылған жеделсатыларды пайдаланып келеді. Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында бар болғаны 25 лифтті ауыстыру жоспарланған. Жаңғырту жұмысы неге баяу?

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Жарамсыз болған лифт өте көп. Олардың кейбіріне тіпті жарты ғасырдан асып кеткен. Мысалы, Қарағандының қақ ортасындағы мына үйдің жеделсатысының қаңтарулы тұрғанына біраз болған. Өңірде осындай жұмыс істемей тұрған 150-ден астам лифт бар. 

Бұған қоса жұмыс істеп тұрса да, жарамдылық мерзімі баяғыда өтіп кеткен 400-ден астам лифтіні ауыстыру қажет. Олардың басым бөлігі тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр, дейді мамандар.

Данияр Дүйсембаев, тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының директоры:

- Көбі 40-50 жыл бұрын орнатылған. Жыл өткен сайын оларды пайдалану қауіпті болып барады. Себебі металы шіріп кеткен, көтергіш механизмі тозған. Қайта жөндеу мүмкін емес. Сондықтан жаппай жаңалаған жөн. 

Жеделсатысы істен шыққан үй тұрғындарына өте қиын. Әсіресе қарт адамдар мен мүгедектігі бар жандар далаға шыға алмайды. 

Алексей Коровиков, қала тұрғыны:

- Менің жасым 74-те, баспалдақпен көтерілу өте қиын. Сегізінші қабатта кішкентай балалары бар адамдар тұрады. Оларды күн сайын арқалап жүреді. Біз жеделсатыны ауыстыруға өтініш жазғанбыз. Биыл жаңалап береміз деген. Бірақ нақты қай кезде екені белгісіз. 

Қазір жарамдылық мерзімінен 2-3 есе асыра пайдаланылған лифтілердің біразы тоқтатылған. Жаңа лифтіні тұрғындар өз қаражатына немесе тұрғын үйді жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы орната алады. Бағдарламада лифтінің құнын 8 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, мына тоғыз қабатты үйде жеделсаты осы жүйе арқылы жаңартылған. 

Любовь Чеканова, қала тұрғыны:

- Былтыр бізге лифтіні ауыстырып берді. Қазір жоғарғы қабаттарға қиналмай көтерілеміз. Ескі лифт сықырлап, тербеліп тұратын, кейде ішінде қалып та қоятынбыз. 

Былтыр өңірде мемлекеттік бағдарлама аясында көпқабатты үйлерде 51 лифт ауыстырылды. Ал биыл Қарағанды мен Теміртауда 25 жеделсатыны жаңарту жоспарланған.

Данияр Дүйсембаев, тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының директоры:

- Қазір қаржыландыру тоқтатылған. Біз республикалық бюджетке өтінім жасадық. Сонымен қатар жеке компаниялар арқылы инвестиция тарту мәселесін де пысықтап жатырмыз. Облыстық бюджет есебінен жобалық-сметалық құжат та дайын. Яғни барлық қаржыландыру көзін қарастырып, жаңғырту жұмысын жеделдеткіміз келеді.  

Мамандардың айтуынша, қазір ескі лифтілерге қажетті қосалқы бөлшектер еш жерде шығарылмайды. Сондықтан жаппай жаңартудан басқа амал жоқ. Ал жаңа жеделсатылар биылдан бастап Алматы мен Астанадағы отандық өндірушілерден сатып алынуы тиіс. 

Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 08:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары