Қарағанды облысында тауда бес адам адасып кетті
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында "Шахтер" демалыс аймағының маңындағы тауға серуендеуге шыққан бес турист адасып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Адасқан бесеудің үшеуі бала.
Туристер "Шахтер" демалыс аймағынан солтүстікке қарай 15 шақырым жерде орналасқан Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы "Кендара" шатқалында болған.
"ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, демалушыларды қысқа уақытта тапты. Оларды аман-есен "Шахтер" демалыс аймағына жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", - дейді министрлікте.
Орманға барарда өзіңізбен бірге қуаты толық телефонды, ауыз су мен азық-түлік қорын міндетті түрде алып жүріңіз. Жақындарыңызға баратын бағытыңыз туралы алдын ала хабарлап, қараңғы уақытта орманға шықпаған жөн, деп ескертті құтқарушылар.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:19
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Тамыз 2026 19:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















