Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қартайғанда уақыт неге жылдам өтеді?

Қартайғанда уақыт неге жылдам өтеді?

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Zmescience.com сайты жариялаған зерттеуге сүйенген Aikyn.kz мидың қартаю мен «ішкі сағаттардың» жылдамдауы арасындағы байланысты түсіндіреді.

Мидың қартаюын зерттеген жаңа ғылыми жұмыс уақыттың «жылдамдауы» мидың бұрынғыдай қоршаған ортадағы өзгерістерді жиі байқамайтындығынан деген болжам ұсынады. Бирмингем университетінің зерттеушісі Сельма Лугтмейер жетекшілік еткен топ «нейрондық күйлер» жас ұлғайған сайын ұзағырақ уақытқа созылып, бір-бірінен азырақ ерекшеленетінін анықтады. «Нейрондық күйлер» дегеніміз – ми белсенділігінің белгілі бір сәттерді немесе оқиғаларды білдіретін үлгілері. Қарапайым тілмен айтқанда: жас ұлғайған сайын біздің миымыз өмір фильмін бұрынғыдай ұсақ-ұсақ кадрларға бөлмейді, тұтастай қабылдайды.

Бұл зерттеудің идеясы да, ауқымы да кинематографиялық сипатқа ие болды. Зерттеушілер Кембридж қартаю және нейроғылым орталығының (Cam-CAN) 18-88 жас аралығындағы 577 қатысушысының деректерін пайдаланды. Қатысушылар Альфред Хичкоктың «Бах! Сен өлдің» атты қысқаметражды фильмінен сегіз минуттық үзіндіні көріп отырған кезде олардың ми белсенділігі функционалдық МРТ арқылы жазылып отырған.

Зерттеушілер экрандағы оқиға шиеленіскен сайын ми белсенділігінің минут сайын өзгеруін тіркеп отырды. Кейіннен зерттеу командасы «Greedy State Boundary Search» («Күйлер шекарасын іздейтін жаднамашыл алгоритм») деп аталатын машина оқыту әдісін қолданды. Бұл әдіс ми белсенділігінің тұрақты күйлерінен келесі күйге қашан ауысатынын, яғни ми «жаңа оқиға басталды» деп «шешім қабылдаған» сәтті анықтайды.

Нәтижелер таңғаларлық болған. Жас қатысушылардың миы нейрондық күйлер арасында жиі ауысса, егде жастағылардың миы әр күйде әлдеқайда ұзақ уақыт тұрақтаған. Бұл құбылыс әсіресе көру қыртысында және қабылдау мен жадыға жауапты префронтальды қыртыста  айқын байқалған.

Зерттеушілердің жазуынша: «Бірдей уақыт аралығында нейрондық күйлердің ұзағырақ әрі сирек ауысуы егде жастағы адамдардың уақытты тезірек өтіп жатыр деп сезінуіне ықпал етуі мүмкін».

Ми уақытты өлшегенде, оны қабылдаған өзгерістер санына сүйеніп бағалайды. Фото doma-prestarelye.ru сайтынан алынды

Зерттеушілер бұл құбылысты нейрондық дедифференциациямен байланыстырады. Яғни мидағы белгілі бір нысандарды, адамдарды немесе көріністерді ажырататын мамандандырылған реакциялар жас ұлғайған сайын анықтылығын жоғалтады. Бұл – неге кейде айлар, тіпті жылдар артта қалғандай сезімді түсіндіретін факторлардың бірі. Кино түсірілімін елестетіңіз: камера біртіндеп фокусын жоғалта бастайды, сонда кадрлар арасындағы шекаралар көмескіленеді. Ғалымдардың пайымдауынша, егде жастағы адамдардың миы үздіксіз тәжірибені айқын бөліністерсіз өңдей бастайды. Бұл уақыт жылдам өтіп жатқандай субъективті әсер тудырады.

Тренто университетінің нейробиологы Джорджо Валлортигара (зерттеуге қатыспаған) Live Science басылымына бұл нәтижелердің «өте нанымды» екенін айтады. Себебі олар субъективті адам тәжірибесін нақты өлшенетін нейрондық үлгілермен байланыстырады.

Мария Кюри-Склодовская университетінің лингвисі Джоанна Шадура адамдардың уақытты екі жүйеде өмір сүріп сезінетінін айтады. Объективті уақыт және ішкі субъективті уақыт. Мысалы, бір жыл бес жасар бала үшін өмірінің 20%-ын құрайды, ал елу жастағы адам үшін небәрі 2%.

«Уақытты қабылдау тек мидағы нейрондық «оқиғалардың» санына ғана емес, сонымен қатар уақытты ішкі, бейсызық (нелинейный) өлшеу тәсіліне де тәуелді», – дейді ол Live Science-ке берген сұхбатында.

Норвегиядағы Кавли институтының нейробиологы Игнасио Полти бұл феноменді былай түсіндіреді: «Уақыт – бұл сағаттарда көріп жүргеніміздей шартты ұғым. Ми уақытты өлшегенде, оны қабылдаған өзгерістер санына сүйеніп бағалайды». Жаңа дағдыларды үйрену, саяхат пен ғашық болу сияқты жаңа тәжірибелер – біздің ішкі уақыт ауқымымызды кеңейтеді. Өйткені олар көптеген өзгерістер мен есте қаларлық сәттер жасайды. Ал күнделікті әдеттер керісінше, уақытты көмескілентеді.Cam-CAN жобасының деректері көрсеткендей, егде жастағы адамдарда белгілі бір уақыт ішінде тіркелетін нейрондық оқиғалар саны азаяды. Алайда ми белсенділігінің өзгерістері мен сыртқы оқиғалардың («оқиға шекараларының») сәйкестігі тұрақты болып қалады. Ми негізгі сюжет желісін бұрынғыдай таниды, тек ұсақ детальдарды азырақ тіркейді.

Бұл байланыс әсіресе назар мен жадыға жауапты ми аймақтарында айқын байқалды. Ал ең көп қартаюға ұшырайтын аймақтарда, әсіресе көру қыртысында, күйлер арасындағы ауысу баяулап, қабылданатын детальдардың бірінші болып жойылатынын көрсетті.

Мақала авторлары былай түйіндейді: «Оқиғаларды жалпы ірі бөліктерге бөлу қабілеті өмір бойы тұрақты күйінде қалады. Бірақ қартаю кезінде ми уақытты нейрондық деңгейде азырақ ажырата бастайды, сөйтіп, уақыт «бұлдырайды».

Егер өмірді қабылдау жылдамдығы мидың ақпарат өңдеу жылдамдығына тәуелді болса, оны өзгерту мүмкін бе? Зерттеу авторларының бірі, Радбауд университетінің өкілі Линда Гирлигс, үміттендіретін жауап береді:

«Жаңа нәрсені оқу, саяхаттау немесе үйреншікті емес істермен айналысу уақытты толық әрі бай сезінуге көмектеседі. Бірақ бұдан да маңыздысы – мағыналы әлеуметтік қарым-қатынас пен қуаныш сыйлайтын әрекеттер», – дейді ол.

Басқаша айтқанда, уақыт тек көңілді болғанда емес, сонымен қатар шын мәнінде саналы түрде өмір сүргенде де баяулайды.

Мына әзіл видео осы туралы:

Біздің уақытты сезінуіміз – оны қалай қабылдайтынымызға байланысты. Сәт сайын ба, әлде өткенге көз жүгірту арқылы ма? Мысалы, Мальдив аралдарына он күндік саяхатты елестетіңіз. Мұхиттың ортасында бәрі жаңа: тағам, тіл, жағажай. Осынау жаңалықтың молдығынан күндер зу етіп өте шығады. Бірақ артқа қарасаңыз, бұл апта шексіз әсерлерге толы ұзақ әрі мәнді кезең болып елестейді.

Ал, керісінше – рейстің үш сағатқа кешігуі, сағат тілі қозғалмай қойғандай созылып кетеді. Сол сәтте мазасыздық уақытты қысады, жалықтыратын күту оны созады. Бірақ есте қалатыны – жаңа әсерлер, олар уақытты кеңейтіп, байытады.

Нейробиологтар бұл құбылыстарды тереңірек зерттеген сайын, уақыт сезімі сағат тіліне емес, миымыз баяндайтын оқиғаға көбірек ұқсайтынын түсінуде. Бұл – жасы ұлғайған сайын баяулайтын кинолента. Кадрлар арасындағы арақашықтық ұзара түседі. Соңында біз байқамай-ақ сол фильмді жоғары жылдамдықта көріп шыққанымызды аңғарамыз. Бұл зерттеудің толық нәтижелері Communications Biology журналында жарияланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2025 13:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары