Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Қатты қалдықтарды өңдеу ісі баяу өңірлер анықталды

Қатты қалдықтарды өңдеу ісі баяу өңірлер анықталды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Премьер-министр Олжас Бектеновтің басшылығымен Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңесте экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев табиғатты қорғау, ағаш отырғызу, заңсыз қоқыс алаңдарын жою, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: naryk.kz

Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында республикада 1 250 экологиялық іс-шара өткізілген. Шара барысында 2,8 млн-нан астам ағаш отырғызылған. Сондай-ақ 1 млн гектардан астам жер тазартылып, шамамен 800 мың тонна қалдық жиналған. 

Заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы бағытта құқық қорғау органдарымен бірлесе 1 300-ден астам мобильді топ қызмет атқарады. Биыл ғарыштық мониторинг арқылы 3 833 полигон анықталып, олардың 80%-ы жойылған. 165 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Қоршаған ортаны тазарту ісінен қоғам да бей-жай қарамаған. Жыл басынан бері @TazaQazBot телеграмм-чат платформасы арқылы 24 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 23 мыңнан астамы орындалған. Мұнда келіп түскен өтініштердің басым бөлігі ауланы тазарту, абаттандыру, тұрмыстық қоқысты шығару мен жолдарды жөндеуге байланысты болған. 

«Таза Қазақстан» бастамасындағы негізгі аспектілерінің бірі – қалдықтарды өңдеу. Өңірлердің экологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған (ҚТҚ) 8 жаңа полигон пайдалануға берілген. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша, оның ішінде кәдеге жарату алымынан түсетін қаражат есебінен жалпы құны шамамен 89,4 млрд теңгені құрайтын 22 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асыру сатысында тұр.Тағы 40 жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы, Кешенді жоспарда қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша 100 полигон салу көзделген.

Премьер-министр жұмыс қарқыны баяу Абай және Ұлытау облыстары әкімдерін тыңдады. Аталған өңірлерде полигондардың 36% және 53%-ы ғана жойылған. Олжас Бектенов өңір әкімдеріне тұрмыстық қатты қалдықтарға қатысты жағдайды түзету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Жетісу облыстарының әкімдіктері жыл соңына дейін заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстарын аяқтап, полигондар құрылысын жеделдетуі қажет.

Биыл шамамен 6,5 млн қазақстандық экологиялық акцияларға қатысты

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева экологиялық мәдениет қалыптастырудың жаңа тәсілдері туралы айтты. Бүгінгі таңда оқушылардың 87,2%-ы қосымша экологиялық білім алған. Олар үшін экология, биология, туризм, өлкетану және басқа да бағыттар бойынша клубтар мен үйірмелердің 380-ге жуық түрі жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта еліміздегі 35 жоғары оқу орнында экология саласы бойынша мамандар даярланады. 2025–2026 оқу жылында «Қоршаған орта» бағыты бойынша 2358 мемлекеттік грант бөлінген. 

Орман қоры аумағында 2 млрд ағаш отырғызу мәселесі қаралды

Экология министрінің айтуынша, 2021–2025 жылдар аралығында республика бойынша жалпы ауданы 918,4 мың гектар алқапқа 1 млрд 470 млн ағаш егілген. Оның ішінде биыл 320 млн көшет отырғызылған.

«Семей орманының» жабық тамырлы көшеттер өсіру тәжірибесі Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай, Абай облыстарында қолданылып жатыр. Отандық ағаш тәлімбақтарында өсірілген көшеттердің өмір сүру деңгейі 90%-ға жетеді. Келесі жылдың басында сыйымдылығы жылына шамамен 6 млн көшет егуге жететін орман тұқымын өндіру бойынша жаңа 6 кешеннің құрылысы басталады.

Арал теңізінің құрғаған түбінде табиғи экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жоба шеңберінде Қазалы қаласында қуаттылығы 3 млн данаға дейін сексеуіл көшеттері бар тәлімбақ салынды. Құрғатылған теңіз түбінде тағы бір тәлімбақ салу және «Арал Орманы» резерватын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстары әкімдіктері басшылығының есебі тыңдалып, онда ағаш отырғызу және тұқым жинау бойынша кемшіліктер бары анықталды. 

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктер тәлімбақтар құру бойынша тиісті шаралар қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Бұл жағдайда егілген көшеттердің санына ғана емес олардың жерсініп кетуіне де назар аударылу керек.

Бақылауды күшейту үшін Премьер-министрдің төрағалығымен «Таза Қазақстан» Президент бастамасының жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталық құрылады. Жауапты мемлекеттік органдар жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ай сайын баяндап отыруы тиіс. 

Жиында Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 13:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары