Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Келешегі мол кеніштер

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Қазанмен ұрған: әйел мен 6 жастағы қызды өлтірген ер адамға үкім шықты

Қазанмен ұрған: әйел мен 6 жастағы қызды өлтірген ер адамға үкім шықты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматыда әйел мен оның 6 жастағы қызын асқан қатыгездікпен ұрып өлтірген айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты. Бұған дейін де қылмысы үшін сотталған ер адам бұл жолы өмір бойы бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Сотталушы мен марқұм Ақбота Үсербай небәрі алты ай ғана таныс болған. Биыл 5 қыркүйекте екеуінің арасындағы жанжал қанды қылмысқа ұласқан. Ашу үстінде ер адам ас үйдегі шойын қазанмен әйелді баласының көзінше өлімші етіп сабапты. Ауыр жарақат алған әйел сол түні ауруханада көз жұмған. Медициналық сараптама марқұмның ашық бас-ми жарақатын алғанын, бас сүйегінің бірнеше жерден сынғанын, миына қан құйылғанын растады.

"Ақбота және Ерболқызы Көркем анасы үшеуі Апортқа барған. Содан үйіне демалыс орнынан қайтып келген жағдайда артынан Чалтабаев еріп келіп, ренжісіп қалған. Ол газдың үстінде тұрған қазанмен Ақбота мен Көркемді соққықа жыққан. Алынған саусақ іздері экспертиза Чалтабаевқа тиесілі екенін анықтады", – деді жәбірленуші тарап Асқар Бейсембаев.

Қандықол мұнымен тоқтамай, марқұмның зейнеткер анасын да бірнеше рет ұрып, есінен тандырған. Әйел жансақтау бөліміне жеткізіліп, бірнеше отадан кейін аман қалды. Сотталушы мұндай қатыгездікті көзбен көрген жалғыз куәгер 6 жастағы қызды да сол қазанмен бірнеше рет ұрған. Ауыр жарақаттан Көркем ес жимастан бірнеше күннен соң көз жұмды.

"Өмірімнің мәні еді екеуі, екеуінен айырылып, қазір не істеп, не қойып жүргенімді білмеймін? Көркемді өте жақсы көретін едім. Көркем сияқты немере бола ма, болмай ма?. Менің қызымның өмірінде кездескен зұлым адам болып тұр ғой. Бұл адамның қандай екенін білмеген. Қолында қазанмен мені де ұрды. Сол кезде қызымның жерде жатқанын көрдім. Сонда немерем тығылып тұрған екен ғой", – деді марқұм А. Үсербайдың анасы Ажар Сламова.

Сонымен қатар, іс материалдарында тағы бір қылмыстық эпизод бар. Баланың шыңғырған дауысын естіген пәтер иесі есікті қағып, мән-жайды білмек болған. Алайда ер адам қылмысын жасырмақ болып, оны да темір қазанмен маңдай тұсынан ұрып құлатқан. Кейіннен қанға боялған темір қару Медеу ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қақпасының маңында жасырылғаны анықталды.

"Бәрі жақсы, бара беріңіз" деді. Мен "кетпеймін, полиция шақырамын" дедім Балам кілтті әкелуге кетті. Сол кезде қолындағы қазанды көрдім, іші қан-қан болатын. Соған таңданып қарап қалыппын, басыма қатты соққы тиіп, есімнен танып қаламын", – деді жәбірленуші Әсем Исаханова.

Соңғы сөзінде сотталушы өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, қылмыс жасамағанын мәлімдеді. Алайда сараптама нәтижесінде қанға боялған темір қазанда Чалтабаевтың саусақ іздері табылғаны дәлел ретінде ұсынылды.

Мемлекеттік айыптаушы Боралхан Чалтабаевты аса қатыгездікпен екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру және адам өлтіруге оқталу баптарымен айыптады. Судья Бақытжан Бәкірбаев сотталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыру жөнінде үкім кесті.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігі ережелеріне сай, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтықтарында онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы Чалтабаевқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деді судья Бақытжан Бәкірбаев.

Айта кетейік, сотталушы бұған дейін де адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда ертерек босап, пробациялық кезеңде ауыр қылмыс жасап, 2 адамды өмірінен айырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see118

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see113

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see113

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see110

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see106

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see104

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see104

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see104

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see103

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see101

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see99

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары