Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстан АҚШ тың Орталық Азиядағы ең сенімді сауда серіктесі

Қазақстан АҚШ тың Орталық Азиядағы ең сенімді сауда серіктесі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Былтыр Орталық Азия елдерінен АҚШ-қа жөнелтілген тауарлар мен қызметтердің 96,7%-ы Қазақстанның үлесіне тиді. Ақшалай түрде бұл 2,4 млрд АҚШ долларын құрады, ал жалпы көлем – 2,5 млрд доллар. Екінші орында – Өзбекстан (44,4 млн доллар). Бұл деректер БҰҰ-ның Comtrade есебіне негізделген Trading Economics халықаралық порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: wikipedia.

АҚШ-тан Орталық Азия елдеріне импортталатын тауарлар бойынша да көш бастап тұрған – Қазақстан. Өңірдегі бес елдің ішінде Қазақстанның үлесі 62,3%. 2024 жылы елге АҚШ-тан шамамен 1,1 млрд доллардың өнімі әкелінген. Екінші орында Өзбекстан (380,8 млн доллар).

Trading Economics мәліметінше, өткен жылы АҚШ-тың жалпы импорты 3,4 трлн доллар, ал экспорты 2,1 трлн доллар шамасында болған. Негізгі сауда серіктестері – Мексика, Канада, Қытай. Ал Орталық Азия елдерінің үлесі АҚШ сыртқы саудасының жалпы көлемінде 1%-дан аз.

Сауда қатынастарының дамуы

Соңғы жылдары Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара сауда серпінді дамып жатыр. 2019 жылдан бері АҚШ-тың Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы үлесі 2,3%-дан 3%-ға дейін өскен. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 4,2 млрд долларды құрап, 2019 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке жеткен. Оның 53,2%-ы – АҚШ-тан импорт.

2025 жылғы қаңтар–тамыз айларында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,1 млрд долларды құрады – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ға аз. Мұндай төмендеу тек екі елдің өзара саудасымен байланысты емес, жалпы алғанда, Қазақстан экспортының ақшалай көлемінің қысқаруы байқалып отыр.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, АҚШ-қа отандық экспорт көлемі 749,7 млн долларды құрады – бұл 2024 жылдың үш тоқсанымен салыстырғанда екі есе аз. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мұның басты себебі – мұнай мен мұнай өнімдері экспортының қысқаруы. АҚШ-пен есеп айырысуда бұл көлем 269,1 млн долларды құрады – өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе төмен. Физикалық жеткізілім де, тоннасына шаққандағы орташа баға да азайған.

АҚШ Қазақстаннан уран және оның қосылыстарын, күміс, ферроқорытпалар, тантал мен титан сияқты сирек металдарды да сатып алады. Алайда бұл бағыттар бойынша да экспорт көлемі төмендеген.

Импорт және инвестиция

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында АҚШ-тан Қазақстанға әкелінген тауарлардың жалпы көлемі 1,7 млрд доллардан сәл аз, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,8%-ға төмен. Қазақстан АҚШ-тан негізінен жоғары технологиялық өнімдерді – жеңіл көліктер, ұшақтар, ауыл шаруашылығы техникасы, медициналық жабдықтар, компьютерлер мен телефондарды импорттайды.

Маңызды үлес дәрі-дәрмек пен вакциналарға тиесілі: биылғы 9 айда АҚШ-тан жеткізілген осындай әлеуметтік маңызы бар өнімдердің көлемі 249,3 млн долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе артқан.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық тек саудамен шектелмейді. Инвестициялар, әлеуметтік-экономикалық байланыстар, гранттық бағдарламалар және бизнес-серіктестік те қарқынды дамыпк келеді.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылғы қазан айының бастапқы кезінде Қазақстанда АҚШ капиталы қатысқан 468 шетелдік кәсіпорын жұмыс істеген. Америкалық инвесторлар үшін ең тартымды салалар – IT және цифрландыру, сараптамалық қызметтер, өңдеуші өнеркәсіп, білім беру, сауда.

Геосаяси тұрақсыздық пен соңғы жылдардағы дағдарыстарға қарамастан, америкалық компаниялар Қазақстандағы қызметін тоқтатпаған – олардың саны, керісінше, 18,8%-ға артқан, ал бірлескен Қазақстан-АҚШ кәсіпорындарының саны 5,6%-ға артқан.

АҚШ Қазақстанның сыртқы саудасындағы жетекші серіктес болмаса да, екі ел стратегиялық, саяси және экономикалық тұрғыдан маңызды әріптестер болып қала береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 16:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары