Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Қазақстан әуежайларында ерекше жолаушыларға қызмет көрсету тәртібі жетілдіріледі

Қазақстан әуежайларында ерекше жолаушыларға қызмет көрсету тәртібі жетілдіріледі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде әуе көлігінің ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кеңеске Көлік министрлігінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, отандық әуе компаниялар мен әуежайлардың өкілдері, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен ерекше қажеттіліктері бар басқа да жолаушылардың мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдар мен инклюзивті қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында нормативтік талаптарды жетілдіру, ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға қызмет көрсету статистикасы, сондай-ақ әуе компаниялар, әуежайлар мен қызмет көрсетушілер арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық аспектілері қаралды. Әуежайлардың инфрақұрылым қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы тәжірибелер таныстырылды.

Алматы халықаралық әуежайы мен Астана халықаралық әуежайының өкілдері ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға қызмет көрсету саласында қолданылатын тәсілдер мен практикалық шешімдерді ұсынды.

Қатысушылар мүгедектер арбалары мен басқа да қозғалыс құралдарын тасымалдау ерекшеліктерін, оның ішінде оларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру және әуе тасымалы процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелерін талқылады.

Кеңестің маңызды бөлігінің бірі инклюзивті қоғамдастық өкілдерінің мәселелері мен ұсыныстарын талқылауға арналды. Өздерінің практикалық тәжірибелерімен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның сарапшы-кеңесшісі Гүлнара Ахмолдина, AUTISM KAZAKHSTAN ұлттық қауымдастығының төрайымы, Аутизм жөніндегі Түркі мемлекеттері федерациясындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі Нұрия Балтабайқызы, «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі Жаңагүл Ділжанова бөлісті. Ерекше қажеттіліктері бар жолаушылардың әуе көлігін пайдалану кезінде кездесетін өзекті мәселелері көтерілді.

Кеңеске қатысушылар мемлекеттік органдар, әуе компаниялар, әуежайлар және инклюзивті қоғамдастықтар өкілдері арасындағы жүйелі диалогты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Бұл ретте нормативтік талаптар мен қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру кезінде жолаушылардың өздерінің практикалық тәжірибесі мен нақты қажеттіліктерін ескеру маңызды.

Әуежай инфрақұрылымы мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмысты одан әрі үйлестіру және бірыңғай тәсілдерді әзірлеу мақсатында ҚР Көлік министрлігі Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың, әуежайлардың, авиакомпаниялардың және инклюзивті қоғамдастықтардың өкілдері қатысатын бірлескен жұмыс тобын құруға бастамашылық жасады.

Жұмыс тобы қолданыстағы талаптар мен қызмет көрсету тәжірибесіне талдау жүргізумен, проблемалық мәселелерді анықтаумен, ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеумен, сондай-ақ әуежай инфрақұрылымы мен қызметтердің қолжетімділігін арттыру және барлық мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындаумен айналысады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:26
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары