Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстан цифрландыруды қалай ілгерілетіп жатыр?

Қазақстан цифрландыруды қалай ілгерілетіп жатыр?

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгінгі таңда цифрландыру мен жасанды интеллект тек технологиялық тренд қана емес, біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Енді кез келген саланы, әсіресе мемлекеттік қызметтерді, олардың ішкі басқару жүйелерін цифрлық шешімдерсіз елестету мүмкін емес. Жасанды интеллект тек есептеулер мен деректерді өңдеумен шектелмей, экономика мен өндірісті жаңғыртып, әлеуметтік саланы тиімдірек етеді. Бүгінгі таңда Қазақстан ақпараттық технологияларды барынша енгізу арқылы өз экономикасын инновациялық деңгейге көтеріп, жаһандық бәсекелестікке дайын елге айналып отыр. Бұл – болашаққа жасалған нақты қадам, әр қазақстандықтың өміріне әсер ететін өзгеріс, цифрландырудың ең көрнекті жемісі.

  Цифрлық басқару – жаңа дәуірдің талабы

Расында, экономикалық тұрғыдан алғанда цифрландыру мен жасанды интеллект елдегі құрылымдық өзгерістердің негізгі драйверіне айналса, елімізді пост-шикізаттық даму траекториясына шығара алады. Еңбек өнімділігін және салық базасын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, мемлекеттік басқаруды цифрландыру – әкімшілік шығындарды қысқартуға, бизнес пен азаматтар үшін қызметтерді жеделдетуге, жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту бойынша тапсырмасын жүзеге асыру үшін Премьер-министрдің жетекшілігімен Цифрлық штаб құрылды. Штабтың шешімімен 200-ден астам құрамдас бөлікті қамтитын Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың кешенді жоспары бекітілді. Бұл интеграцияға жұмсалатын еңбек шығындарын қысқартуға, функционалдылық пен статистикадағы айырмашылықтар бөлігінде ақпараттық жүйелердің бірін-бірі қайталау мәселесін шешуге ықпал етеді.

Биыл 9 шілдеде Аlem.cloud Ұлттық суперкомпьютер орталығы іске қосылды. Ол тек біздегі ғана емес, Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютер саналады. Ғылым мен технологиялардың дамуына серпін беретін суперкомпьютер қарапайым компьтерге қарағанда мыңдаған есе жылдам. Есептеуге келгенде өте жүйрік. Қуантарлығы оның мүмкіндіктері мемлекеттік органдарға, ғылыми институттарға, жоғары оқу орындарына, бизнес пен стартаптарға қолжетімді болады. Суперкомпьютер негізінде мемлекеттік қызметтерде қолданылатын қолданбалы ЖИ модельдерін, оның ішінде үлкен тілдік моделдерді оқыту, ЖИ агенттерін әзірлеу, деректерді талдау, контент құру және модельдеу міндеттерін тестілеу жұмыстары жүргізілді.

        Цифрлық жүйелер қызмет сапасын арттырады

Елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға бағытталған жұмыстардың ауқымы бәсеңдеген жоқ. Содан болар бүгінде электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі 90,4%-ы. Жалпы, тізілімде 1 448 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бар болса, оның басым бөлігі онлайн форматта қолжетімді. Көпшілікке таңсық болар, бірақ, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90,6%-ы смартфон арқылы қолжетімді. Бұл қадам бұрын сабылып іздейтін қызмет түрлерін ел азаматтары үшін барынша ыңғайлы ете түсті. Сондай-ақ елде цифрлық құжаттардың 39 түрі енгізілген. Құжаттар бұрынғы қағаз түрінде пайдаланып келген үлгілерді толық алмастыра алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауда былай деді:

«Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс». 

Яғни, алда ауқымды цифрлық трансформация мен жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу негізінде экономиканы жаңғырту міндеті тұр. Біз ғана емес, жаһан халқы жасанды интеллект дәуіріне аяқ басты. Жаңа заманға сай дамуды ойласа көш ілгері жүру үшін экономиканың барлық саласына ақылды жүйе енгізбек. Жасанды интеллект министрлігі де құрылатын болды. Мұның барлығы бізге цифрландыру бағытындағы жұмыстардың ауқымы кең екенін ұқтырады. 

Экономикалық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Салтанат Ахметжанованың пікірінше, бүгінде еліміз цифрлық басқару деңгейі бойынша Орталық Азия және ТМД елдерінің ішінде көш бастап тұр. 

"Иә, еліміз цифрлық басқару бойынша ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатарда тұрса, әлемдік рейтингтерде де алғы шепте. Есте болса, 2017 жылдың соңында цифрлық технологияларды кезең-кезеңімен енгізу арқылы ел экономикасын технологиялық жаңғыртуға бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген еді. Сөзсіз, бағдарлама нәтижелі болды. Бүгінде 2029 жылға дейінгі жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Елде мобильді және кеңжолақты интернет инфрақұрылымы кеңейіп келеді. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында жасанды интеллектті оқыту міндетті пән ретінде енгізіліп жатыр", – дейді Салтанат Ахметжанова.

ЖИ-дің экономикадағы және өзге салалардағы ықпалы

Экономика секторында жасанды интеллект өндірістік жабдықтардың тиімділігін арттыруға ықпал етсе, ауыл шаруашылығында «ақылды» технологиялар климаттық тәуекелдерді алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Экономика құрылымында цифрлық кластерлер қалыптасады. Білімге негізделген экономикаға көшу жеделдейді. Шикізатқа тәуелділік төмендеп келеді. Өнеркәсіп пен энергетикада ЖИ жабдықтарды алдын ала бақылау және болжау жүйелерін енгізуге, өндірістік шығындарды азайтуға, сондай-ақ энергия тұтынуды оңтайландыратын «ақылды желілерді» дамытуға жағдай жасайды. Агроөнеркәсіп кешенінде қазірдің өзінде дақыл өнімділігін дрондар арқылы мониторингілеу және суару жүйелерін автоматтандыру мақсатында қолданылады. Бұл азық-түлік импортына тәуелділікті азайтып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі. Ал көлік және логистика саласында ЖИ маршруттарды оңтайландыруға, жүк және жолаушылар тасымалы ағындарын басқаруға, сондай-ақ интеллектуалды көлік жүйелерін іске қосуға мүмкіндік береді. 

«ЖИ-дің енуімен жаңа мамандықтар кеңінен дамиды. Оның ішінде жасанды интеллект инженерлері, үлкен дерек талдаушылары, алгоритм әзірлеушілері сұраныста болады. Сол секілді автоматтандыру мен роботтандыру кейбір мамандықтарды алмастыруы мүмкін. Демек, бұл өзгеріс салаға кадрларды қайта даярлауды талап етеді. Цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу кезінде қысқа мерзімде белгілі бір шығындар болуы ықтимал. Алайда ұзақ мерзімді кезеңде бұл бастамалар ЖІӨ өсіміне, экономиканың тұрақтылығы мен жаһандық бәсекеге қабілетті арттыруға, сондай-ақ сандық технологиялар саласында өңірлік көшбасшылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – дейді сарапшы Салтанат Ахметжанова сөзін түйіндеп.

Цифрландыру, жасанды интеллект мемлекеттік басқару, экономика салаларынан бөлек әлеуметтік бағытты да айналып өтпейді. Мәселен, ЖИ телемедицинаны, диагностика жүйелерін және бейімделген онлайн-білім беруді дамытуға жол ашады. Бұл қадам – халықтың өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді. Қорыта айтқанда, цифрлық құралдар, жасанды интеллект еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып қана қоймайды, шикізатқа тәуелділікті төмендетіп, әртараптандырылған инновациялық экономиканың негізін қалыптастырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 21:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары