Қазақстан елшіліктері элиталық автокөліктерді сатуға шығарды: бағалары белгілі болды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстанның төрт бірдей елдегі елшілігі 11 автокөлікті аукционға шығарды, олардың арасында Mercedes-Benz, BMW, Toyota және Hyundai маркалары бар. Кейбір көліктердің бастапқы бағасы небәрі 450–500 доллар. Сауда-саттық 21 қазанға белгіленген, әзірге ресми нәтижелер жарияланған жоқ, деп хабарлайды Tengri Auto.
Автокөліктерді сату туралы хабарландыруларды Қазақстанның Италия, Нидерланд, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытайдағы дипломатиялық өкілдіктері орналастырды.
Барлық аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі: ең жоғары соманы ұсынған қатысушы жеңімпаз атанады.
Mercedes-Benz және BMW (Италия)Қазақстанның Италиядағы елшілігі үш автокөлікті сатылымға шығарды.
Ең қымбат лот - 2013 жылы шыққан қара түсті Mercedes-Benz S 500 4Matic.
Фото: Қазақстанның Италиядағы елшілігі
Хабарландыруға сәйкес:
жүрілген жолы - 142 565 шақырым; қозғалтқышы - бензин, көлемі 4,7 литр; техникалық жағдайы - жұмысқа жарамды, жөндеуді қажет етпейді; бастапқы бағасы - 20 200 еуро.Екінші автокөлік - қозғалтқыш көлемі 2 литрлік дизельді, 2012 жылғы BMW. Оның жүрілген жолы - 292 757 шақырым, бастапқы бағасы - 2500 еуро.
Фото: Қазақстанның Италиядағы елшілігі
Үшінші лот - жүрілген жолы 253 490 шақырым болатын 2013 жылғы Renault. Ол 1550 еуроға бағаланған.
Фото: Қазақстанның Италиядағы елшілігі
Елшілік хабарландыруында үш көліктің де техникалық жағдайы жақсы екені және жөндеуді қажет етпейтіні көрсетілген.
Аукцион 21 қазанда Рим уақытымен сағат 11:00-ге белгіленді. Өтінім 20 қазанға дейін қабылданды.
Mercedes-Benz (Нидерланд)Қазақстанның Нидерландтағы елшілігі тағы екі автокөлікті саудаға шығарды.
Біріншісі - 2010 жылғы Mercedes-Benz C 180 CDI. Көліктің қозғалтқышы 2,1 литрлік дизельді, жүрілген жолы - 264 790 шақырым.
Фото: Қазақстанның Нидерландтағы елшілігі
Бастапқы бағасы - 2092 еуро.
Екінші лот - жүрілген жолы 394 007 шақырым болатын 2013 жылғы Mercedes-Benz Viano. Бастапқы бағасы - 3771 еуро.
Фото: Қазақстанның Нидерландтағы елшілігі
Хабарландыруға сәйкес, Италиядағы елшілік ұсынған көліктерге қарағанда, Нидерландтағы екі көліктің де техникалық ақаулары бар және жөндеуді қажет етеді.
Сауда-саттық 21 қазанда Гаага уақытымен сағат 15:00-ге белгіленген.
Mercedes-Benz (БАӘ)Қазақстанның Абу-Дабидегі елшілігі 2013 жылғы Mercedes-Benz S 400 көлігін сату бойынша аукцион жариялады.
Фото: Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі
Қара түсті автокөліктің бастапқы бағасы - 4901,35 доллар.
Хабарландыруда көлік осы күйде сатылатыны - елшіліктің жөндеу немесе жақсарту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алмайтыны нақтыланған.
Өтінім бергенге дейін әлеуетті сатып алушылар автокөліктің техникалық жағдайымен танысып, бастапқы құнының 15 пайызы мөлшерінде кепілдік жарнасын төлеуі тиіс.
Сауда-саттық 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ге жоспарланған.
500 долларлық Toyota Camry (Қытай)Ең төменгі бастапқы бағалар Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінің хабарландыруларында көрсетілген. Дипломатиялық өкілдік бірден бес автокөлікті сатылымға шығарды.
Ақ түсті 2011 жылғы Toyota Camry.
Фото: Қазақстанның Қытайдағы елшілігі
Жүрілген жолы - 185 961 шақырым.
Қозғалтқышы - 2 литрлік, бензин.
Бастапқы бағасы - 500 доллар.
Қара түсті 2011 жылғы Toyota Camry.
Фото: Қазақстанның Қытайдағы елшілігі
Жүрілген жолы - 173 367 шақырым.
Қозғалтқышы - 2 литрлік, бензин.
Бастапқы бағасы - 500 доллар.
Сұр түсті 2011 жылғы Toyota Corolla.
Фото: Қазақстанның Қытайдағы елшілігі
Жүрілген жолы - 185 369 шақырым.
Қозғалтқышы - 1,6 литрлік, бензин.
Бастапқы бағасы - 450 доллар.
Ақ түсті 2011 жылғы Toyota Corolla.
Фото: Қазақстанның Қытайдағы елшілігі
Жүрілген жолы - 162 745 шақырым.
Қозғалтқышы - 1,6 литрлік, бензин.
Бастапқы бағасы - 450 доллар.
Қара түсті 2012 жылғы Hyundai Sonata.
Фото: Қазақстанның Қытайдағы елшілігі
Жүрілген жолы – 178 361 километр.
Қозғалтқышы – 2 литр, бензин.
Бастапқы бағасы – 500 доллар.
Хабарландыруларда бес көліктің де техникалық жағдайы жақсы екені, алайда қосымша шығындарды талап ететіні көрсетілген.
Сауда-саттық Бейжің уақыты бойынша 21 қазан сағат 10:00-ге белгіленген.
Көліктер неге соншалықты арзан сатылып жатыр?Көрсетілген сомалар автокөліктердің нарықтық құны немесе түпкілікті сату бағасы емес, аукционның бастапқы бағасы. Төрт елде де сауда-саттық бағаны көтеру әдісімен жүргізіледі. Сәйкесінше, қорытынды құны мәлімделген бағадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
Сонымен қатар сатып алушылар көліктердің техникалық жағдайын, жөндеу қажеттілігін және мүлікті қайта рәсімдеуге байланысты қосымша шығындарды ескеруі тиіс.
Мысалы, Бейжіңде аукционға қатысу үшін автокөліктің бастапқы құнының 15 пайызы мөлшерінде кепілдік жарна төлеу талап етілді. Осындай шарттар басқа хабарландыруларда да қарастырылған.
Бұл ретте жарияланған құжаттарда автокөліктерді сауда-саттыққа қатыспай-ақ бастапқы бағамен сатып алуға болатыны туралы ақпарат жоқ.
Төрт дипломатиялық өкілдіктің барлығы сауда-саттықты 2026 жылдың 21 қазанына белгілеген.
Материалды дайындау кезінде елшіліктердің ашық жарияланымдарында олардың нәтижелері туралы ресми мәліметтер болған жоқ.
Бұған дейін Tengri Auto АҚШ-тың Астанадағы елшілігі көліктерін сатылымға шығарғаны туралы хабарлаған болатын. 2025 жылдың тамызында дипломатиялық өкілдік 2011 жылғы Mitsubishi L200 мен алты дөңгелекті Polaris Ranger 6X6 жол талғамайтын көлігін сатылымға қойды. Бастапқы бағалары сәйкесінше 2 миллион және 200 мың теңге болған.
Алайда Аукцион қорытындысы бойынша автокөліктердің құны айтарлықтай өсті. Mitsubishi L200 9,2 миллион теңгеге сатылды, бұл бастапқы бағадан 4,6 есе жоғары. Ал Polaris Ranger 4 миллион 875 мың теңгеге өтті, бұл оның бастапқы құнынан 24 еседен аса қымбат.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:31
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 18:59 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















