Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлесіп жасанды интеллект орталығын ашты

Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлесіп жасанды интеллект орталығын ашты

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы (Академия) «Қазақстан ғылымы мен технологияларының форсайты: деректерден - шешімдерге» атты стратегиялық сессияны өткізді. Іс-шара ғылым, технологиялар және инновациялар саласындағы ұлттық форсайт-зерттеулер мен предиктивті талдау жүйесін дамытуға, сондай-ақ ел және өңірлер деңгейінде бірыңғай болжау жүйесін қалыптастыруға арналған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев өз баяндамасында ғылыми-технологиялық дамуды басқарудың жүйелі тәсілге, басымдықтарды стратегиялық таңдауға және ресурстарды шоғырландыруға негізделген жаңа моделін таныстырды. Ұсынылып отырған модельдің негізінде фрагменттелген қаржыландыру мен бытыраңқы жобалардан ел мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясына кіріктірілген, басқарылатын ғылым архитектурасына көшу көзделген. Ғылым жекелеген бастамалардың жиынтығы ретінде емес, өлшенетін нәтижеге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және ұлттық мүдделерді іске асыруға бағдарланған біртұтас жүйе ретінде қарастырылады.

Қаржыны көптеген бағыттар бойынша теңдей бөлуге негізделген қолданыстағы тәжірибе серпінді нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті сындарлы массаны қалыптастыруға мүмкіндік бермейтіні атап өтілді. Мысал ретінде 2025–2027 жылдарға арналған БНҚ (ПЦФ) конкурсының қорытындылары келтіріліп, оның аясында бағыттардың 42 пайызы бойынша бір ғана өтінім түскені көрсетілді. Бұл нақты бәсекенің және тиімді стратегиялық іріктеудің жеткіліксіз екенін айғақтайды.

Ұсынылып отырған модель үш негізгі қағидатқа негізделеді: мемлекеттің және экономиканың нақты стратегиялық міндеттеріне бағдарлану; қолда бар ғылыми әлеуетке, инфрақұрылымға және кадрлық базаға сүйену; сондай-ақ болашақтағы «мүмкіндіктер терезелерімен» жұмыс істеу және жаңа құзыреттерді қалыптастыру.

Жүйелілікті қамтамасыз ету мақсатында басымдықтардың төрт деңгейлі құрылымы енгізіледі. Стратегиялық басымдықтарға ұлттық қауіпсіздік пен экономиканың бәсекеге қабілетті салаларын дамыту үшін аса маңызды жобалар жатады (жалпы қаржыландыру көлемінің кемінде 40 пайызы). Перспективалы бағыттар жаңа жаһандық ғылыми-технологиялық бағыттарды игеруге бағдарланған (20 пайызға дейін). Базалық зерттеулер қолданбалы шешімдердің негізі ретінде іргелі және инженерлік ғылымдарды қамтиды (20 пайызға дейін). Жеке бағыт ғылыми әлеуетті кеңейтуге - жаңа және дамып келе жатқан ғылыми салаларды қолдауға арналған (20 пайызға дейін).

Басымдықтарды қалыптастыру өңірлік міндеттерді, ресурстық базаны және бизнестің қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылатыны ерекше атап өтілді. Бұл өңірлік ғылыми күн тәртібін бірыңғай ұлттық жүйеге кіріктіруге мүмкіндік береді.

Жаңа архитектураның негізгі элементі ретінде AI SilkNet форсайт және предиктивті аналитика орталығы іске қосылды. Орталық Корей ғылыми-техникалық ақпарат институтымен (KISTI) әріптестік аясында құрылуда. Ол жаһандық ғылыми-техникалық деректерге, форсайт құралдары мен предиктивті талдауға сүйене отырып, ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты аналитикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ болашақта Орталық Азия елдері үшін де жұмыс істейтін болады.

AI SilkNet ғылым мен технологиялар саласында шешім қабылдау жүйесінің зияткерлік өзегіне айналып, ресурстарды шоғырландыруды, басымдықтарды негізді таңдауды және түпкілікті нәтижелер үшін жауапкершілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Іс-шара аясында ғылыми-технологиялық саясатта шешім қабылдауды қолдауға, ғылым мен технологияларды дамытудың басым бағыттарын айқындауға, сондай-ақ ұзақ мерзімді ғылыми және индустриялық стратегияларды қалыптастыруға бағытталған AI SilkNet ақпараттық-талдамалық жүйесі таныстырылды. 

Бұл жүйе - предиктивті талдау мен форсайт құралдарының заманауи платформасы.

Стратегиялық сессия барысында Академияның өңірлермен өзара байланысына ерекше назар аударылды: өңірлік ғылымды дамыту, өңірлік форсайт-желіні қалыптастыру, зерттеулер мен технологиялық дамудың басым бағыттарын айқындау үдерісіне әкімдіктерді, ғылыми ұйымдарды және индустрия өкілдерін тарту.

Сессия жұмысына 400-ден аса жетекші шет елдік және отандық ғалымдар, салалық министрліктер, жергілікті атқарушы органдар, индустрия, бизнес өкілдері, ЖОО мен ҒЗИ басшылары, басқа да салалық қауымдастықтар мен одақтар қатысты. 

Шара аясындағы негізгі оқиға - AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығының ресми ашылуы болды. Бұл орталық Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Корей ғылыми-техникалық ақпарат институтының (KISTI) бірлескен бастамасы болып табылады. Ашылу салтанатына KISTI президенті, доктор Сик Ли, мемелкеттік органдардың, ЖОО, ҒЗИ басшылары қатысты.

AI SilkNet еліміздегі предиктивті аналитика мен ғылыми-технологиялық форсайттың алғашқы ұлттық платформасы болады. Орталық жаһандық және ұлттық үрдістерді жүйелі талдауды, перспективалы зерттеу бағыттарын айқындауды, технологиялық тәуекелдер мен жаңа «мүмкіндіктер терезелерін» бағалауды, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясат саласында шешім қабылдауға сараптамалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Орталықтың негізгі қызметі ғылыми, технологиялық және индустриялық деректерді интеграциялауға, болжау құралдарын дамытуға және ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) негізделген басымдықтарын қалыптастыруға бағытталады. AI SilkNet ғылым, мемлекет және экономиканың нақты секторы арасындағы байланыстырушы буынға айналып, елдің ғылыми-технологиялық дамуын басқаруда деректер мен аналитиканың рөлін күшейтеді.

KISTI – ғылыми-техникалық ақпарат және болжау саласындағы Оңтүстік Кореяның жетекші институты. Ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға енгізуге, ұлттық ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамытуға және болашақты болжауға маманданған.

AI SilkNet орталығын құру Қазақстан ғылым жүйесіне озық халықаралық тәжірибелерді трансферттеуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:258
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 14:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары