Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

Әлемде әр жетінші адам психикалық бұзылыспен өмір сүреді ДДСҰ

Инфрақұрылым кезек күттірмейтін мәселе

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Емхана басшысы жұмыстан әрең шығарған қызметкерін қайта жұмысқа алуға мәжбүр болды

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

182 миллион теңгенің алтынын Қазақстан арқылы аяқ киіммен өткізбек болған

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Қазақстан Құрылтайының жаңа депутаттары анықталды

Қазақстан Құрылтайының жаңа депутаттары анықталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының XV отырысы өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Отырысқа саяси партиялардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының халықаралық байқаушылары қатысты. Сонымен қатар, бейнеконференцбайланыс режимінде астана, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қосылды. Отырыс Интернет-ресурс және YouTube арқылы сурдоаудармамен қамтамасыз етіле отырып, тікелей эфирде көрсетілді.

Отырысты ашқан Нұрлан Әбдіров нақтыланған тізімге сәйкес сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адамды құрағанын атап өтті. Дауыс беру күні азаматтардың өтініштері бойынша, сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі тіркеу туралы мәліметтерді тексеру және азаматтарды учаскелердің мекенжайлары бойынша 1 тәулікке  уақытша тіркеу жөніндегі онлайн-сервистер арқылы 17 501 адамға дауыс беру мүмкіндігі берілді. Сайлауға барлығы 9 351 539 адам қатысты, бұл тізімге енгізілген барлық сайлаушы санының 74,08%-ын құрайды.

Айта кетейік, 15 наурызда өткен референдум науқанымен салыстырғанда, осы сайлауда дауыс берген сайлаушылар саны 224 357 адамға артты. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бұл көрсеткіш халықтың электоралдық мәдениет деңгейінің өскенін көрсететінін атап өтті.

Сонымен қатар, 85 576 адам үйден дауыс берді, ал есептен шығару куәлігін алған азаматтардың 88%-ы дауыс берді.

Бюллетеньдерді санау қорытындысы бойынша сайлаушылардың дауыстары төмендегідей бөлінді:

«Әділет» партиясы - 6 528 948 дауыс немесе 71,17%; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 469 058 дауыс немесе 5,11%; Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 97 751 дауыс немесе 1,07%; Қазақстан Халық партиясы - 285 395 дауыс немесе 3,11%; «Ауыл» партиясы - 574 621 дауыс немесе 6,26%; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 478 083 дауыс немесе 5,21%; Respublica партиясы - 509 631 дауыс немесе 5,56%; «Бәріне қарсымын»  - 230 446 дауыс немесе 2,51%.

ОСК Төрағасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын жинаған бес саяси партия арасында депутаттық мандаттар бөлінетінін атап өтті.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының 145 мандаты төмендегідей бөлінді:

«Әділет» партиясы - 110 мандат; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 8 мандат; «Ауыл» партиясы - 10 мандат; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 8 мандат; Respublica партиясы - 9 мандат.

ОСК басшысы саяси партиялардың өкілдерінің назарын депутаттық мандаттардың партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында бөлінуі тиіс екеніне аударды. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін 30 пайыздық жиынтық квотаны көздейтін конституциялық заң талаптарының сақталуын қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті.

«Құрылтай сайлауы жалпыұлттық қолдауға ие болған конституциялық реформаның қорытындысы бойынша жаңартылған сайлау заңнамасына сәйкес өтті. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, сайлау науқаны белсенді әрі еркін жағдайда өтті. Азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың еркін ерік білдіруі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Халықаралық байқаушылар сайлау органдарының сайлаушыларды ақпараттандыру бойынша ауқымды әрі инклюзивті науқан өткізуін, сайлауға тиімді дайындық жүргізуін және дауыс беру күнін ұйымдастыруын да жоғары бағалады», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайлауды өткізу барысында еліміз бойынша учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің атқарған зор рөлін де атап өтті. Бұл жұмысқа 247 аумақтық және 10 423 учаскелік сайлау комиссиясы тартылды. Олардың құрамына 71 мыңнан астам комиссия мүшесі кірді. Бұл ретте олардың 1%-дан азы ғана сайлау комиссияларында тұрақты кәсіби негізде жұмыс істейді. Орталық сайлау комиссиясы комиссия мүшелерін, байқаушыларды, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін оқыту үдерісіне үлкен мән береді. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде сайлау заңнама талаптарына толық сәйкес өткізілді.

«Сайлау науқанының барлық кезеңі сайлау процесін ұйымдастырудағы негізгі қағидаға айналған «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылды. Дауыс беру күні сайлау рәсімдеріне 51 мыңнан астам ұлттық байқаушы және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 777 байқаушы байқау жүргізді. Сайлау учаскелерінде сайлау барысын жариялаған шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де болды. Оның ішінде қазақстандық БАҚ-тың 1 852 өкілі және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 117 журналисі қатысты. Сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге атсалысқан баршаңызға алғысымды білдіремін», - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Отырыстан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары үшін дәстүрлі брифинг өтті. Брифинг барысында олар журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 19:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see142

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see133

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see132

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see132

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see131

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see128

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see128

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see128

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see122

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

10 Қазан 2026 17:10see121

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

10 Қазан 2026 12:45see120

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

10 Қазан 2026 16:24see119

Әлемде әр жетінші адам психикалық бұзылыспен өмір сүреді ДДСҰ

10 Қазан 2026 11:42see118

Инфрақұрылым кезек күттірмейтін мәселе

10 Қазан 2026 08:07see116

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see116

Емхана басшысы жұмыстан әрең шығарған қызметкерін қайта жұмысқа алуға мәжбүр болды

09 Қазан 2026 22:56see113

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see112

182 миллион теңгенің алтынын Қазақстан арқылы аяқ киіммен өткізбек болған

10 Қазан 2026 11:05see112

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see109

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары