Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстан Сингапур кванттық технологиялар орталығы ашылды

Қазақстан Сингапур кванттық технологиялар орталығы ашылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Farabi Hub инновациялық өнімдер және жоғары технологиялық жобалар орталығында Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ASTRASEC PTE. LTD (Сингапур) және  Qubitera  ЖШС технологиялық серіктестерімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жоба Қазақстанның ұлттық кванттық экожүйесін қалыптастырудың негізіне айналмақ.

Орталық қызметі іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, зерттеушілерді, инженерлерді және технологиялық кәсіпкерлерді қамтитын жаңа буын мамандарын даярлауға, кванттық қорғалған байланыс пен есептеу шешімдерін дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар орталық озық халықаралық тәжірибелерді трансферлеуге, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық стартаптарды іске қосуға жұмыс істейді. Бірінші кезеңде заманауи фотондық жүйелермен және оқу-тәжірибелік инфрақұрылыммен жабдықталған кванттық криптография және кванттық байланыс зертханасы іске қосылды. Бұл ғылыми-зерттеулер жүргізуге және мамандарды практикалық даярлауға мүмкіндік береді.

Іс-шараға қатысушыларды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтап, жобаның ғылым мен жоғары білімді дамыту, цифрлық және технологиялық қауіпсіздікті күшейту, инновациялық экономиканы қалыптастыру және маңызды салаларға кадр даярлау бағытындағы мемлекеттік басымдықтарға сәйкес келетінін айтты. «Бүгінде әлем кванттық революцияның қарсаңында тұр. Оның маңыздылығы – дәстүрлі кремний технологияларына негізделген заманауи цифрлық, коммуникациялық және есептеу жүйелерінің әлеуеті өзінің шарықтау шегіне жеткенінде. Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасындағы бұл орталық еліміздің ғылымы мен экономикасын дамытуға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деп атап өтті министр.

Жиында ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, ғылым мен бизнестің ықпалдасуының стратегиялық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, университет әлемдік деңгейдегі инновациялар тоғысатын орталыққа айналып келеді. «Жаңа орталықтың құрылуы – ҚазҰУ-ды әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру стратегиясын іске асырудағы маңызды қадам. Біз болашақ технологияларын жасау үшін қуатты академиялық әлеуетті сингапурлық серіктестердің озық тәжірибесімен біріктіреміз. Қазақстан мен Сингапурдың кванттық саладағы ынтымақтастығы синергетикалық әсер береді», – деді ректор.

ASTRASEC PTE. LTD компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы өз сөзінде: «Кванттық зерттеулерді дамыту – Қазақстан үшін стратегиялық қажеттілік. Жаңа буын кванттық технологияларына ие елдер ақпараттық қауіпсіздік саласында шешуші артықшылыққа қол жеткізеді. Бүгінде негізгі басымдық кванттық коммуникацияға беріліп отыр: ол мемлекеттің цифрлық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, болашақтағы ең перспективалы технологияларды дамытуға жол ашады», –  деді.

Салтанатты рәсімде сондай-ақ ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов, ҚР Энергетика вице-министрі Ілияс Нәссенұлы, ҚР Қорғаныс министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Серік Божғұлов және басқа да қатысушылар сөз сөйледі.

Орталықтың ашылуына арналған іс-шаралар аясында «Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығы – ұлттық кванттық экожүйенің өсу нүктесі» тақырыбында жабық дөңгелек үстел отырысы өтті. Талқылауға министрліктер өкілдері, ғалымдар және технологиялық компаниялар басшылары қатысты. Қатысушылар орталықтың даму бағыттарын талқылап, кванттық киберқауіпсіздік, индустриялық серіктестік және бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы зияткерлік меншікті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Ақпан 2026 11:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары