Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

ҚазҰУ да Қазақстан АҚШ цитоматрицаны зерттеу орталығы ашылды

ҚазҰУ да Қазақстан АҚШ цитоматрицаны зерттеу орталығы ашылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан-Америка цитоматрицаны зерттеу орталығының салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жаңа орталықта ғалымдар цитоматрица құрылымын, жасуша ішіндегі күрделі клеткалық процестерді терең зерттеп, биомедициналық ғылымды дамытуға үлес қосады. Сонымен қатар қатерлі ісік жасушаларының биологиясына арналған бірлескен инновациялық жобалар іске асырылып, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға мүмкіндік бермек.

Ауқымды іс-шараға ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, Peri-Nuc Labs LLP бас директоры, АҚШ-тағы Хьюстон университетінің профессоры Таттым Шайкен, «ЭКОМЕД» клиникасының ғылыми директоры, биология ғылымының докторы, профессор Салтанат Байқошқарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Жұрабекова, отандық ғылыми-зерттеу институттары мен жетекші клиникалардың өкілдері, белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев өз сөзінде бірлескен орталықтың ашылуы Қазақстан ғылымы үшін маңызды қадам екенін атап өтті. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзінде: «Ғылымның ең басты миссиясы – адамзат игілігіне қызмет ету.  Мықты университеттер – келешектің фабрикасы. Бұл жерде идеялар туып, кедергілер еңсеріледі», – деп атап өткен болатын. Президент тапсырмасына орай, біздің алдымызда ғылымды жетілдіру, жасанды интеллект технологияларын барлық салаға енгізу мақсаттары тұр. Университетте жаңа орталықтың ашылуы – Қазақстан мен АҚШ арасындағы нәтижелі әріптестіктің жемісі. Бұл орталықты құру жөніндегі келісімге 2024 жылдың 6 шілдесінде қол қойылған. Келешекте осы орталықтың негізінде ірі зерттеу және инновациялық бағыттағы кластер құрылатын болады», – деді ректор.

Өз кезегінде профессор Таттым Шайкен цитоматрицаның қасиеттері мен жаңа зерттеу бағыттарына арналған ғылыми презентациясын ұсынды. Ол қатерлі ісік жасушалар мінез-құлқын зерттеудегі цитоматрицаның маңызына тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асатын бірлескен жобалардың негізгі бағыттарымен таныстырды.

«Қазіргі таңда әлем ғалымдары қатерлі ісік ауруының алдын алу және емдеу бағытында жан-жақты зерттеулер жүргізуде. Біздің басты мақсат та – осы. Біз жасушадағы цитоплазманы зерттеу арқылы клеткадағы қатерлі ісікті болдырмау жолдарын қарастырамыз», – деді Таттым Шайкен.

Сондай-ақ шара барысында Қазақстанның жетекші мамандары да құттықтау сөз сөйледі. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Жұрабекова орталықтың отандық онкология саласының ғылыми әлеуетін күшейтетініне сенім білдірді.

Ал «Экомед» клиникалар желісінің ғылыми жетекшісі Салтанат Байқошқарова: «Қазақстан ғылымының халықаралық деңгейде мойындалуы – осындай батыл бастамалардың нәтижесі. Бұл жоба жас зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді.

Айта кетейік, ҚазҰУ студенттері орталықтағы заманауи құрылғыларды пайдалана отырып, тағылымдамадан өтеді.

Орталықтың ашылуынан соң, қонақтарға арнайы экскурсия ұйымдастырылып, оқу ордасы базасындағы ғылыми орталықтар мен зертханалардың жұмысы көрсетілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 18:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары