Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Цитоматрица орталығы ашылды

Цитоматрица орталығы ашылды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қатерлі дертке қарсы зерттеулер жүргізетін Қазақстан-Америка цитоматрица орталығы ашылды.

Орталықты құру Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қолға алынып, былтыр маусым айында доктор Тәттім Шәйкеннің қатысуымен келісім жасалған болатын.

Ашылу рәсімінде ректор Жансейіт Түймебаев адамзат денсаулығын жақсартуда ғылымның әлеуетін заманауи технологиялармен ұштастырудың маңызына тоқталып, соңғы отыз жылда Америкада ғылыммен айналысып жүр­ген қара шаңырақтың түлегі Тәттім Шәй­кеннің ғылымдағы жолына тоқталды.

«Бұл бастама Қазақстан мен АҚШ-тың білім, ғылым және жоғары технология­лар саласындағы ынтымақтастығының нәтижесінде іске асып отыр. Ауқымды жоба америкалық ғалымдармен қатерлі жасушалар биологиясына байланысты бірлескен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында жүзеге асты. Алдағы уақытта ғылыми зерттеу нәтижелерін қатерлі ісікке қарсы терапияда инно­вациялық тәсілдерді енгізу мен әзірлеу және жоғары білікті ғылыми мамандарды  даярлау ісінде пайдалану жоспарланып отыр», деді ректор.

Жасуша биологиясы саласында ұзақ жылдар бойы зерттеулер жүргізген профессор Т.Шәйкен Америкадағы «Peri-Nuc Labs LLP» бас директоры. Ол цитоплазманы серпімді қатты цитоплазмалық және тұтқыр сұйық цитозольге бөлуге болатынын анықтады. Ғалымның ғылыми жаңалығы қатерлі ісік пен басқа да аурулардың себептерін зерттеуге, сондай-ақ емдеу технологияларын әзірлеуге жол ашып отыр. Осылайша, профессор қатерлі ауруды клеткалық деңгейде зерттеген әлемдегі санаулы ғалымдар қатарына кірді. Ғалымның бұл жаңалығы патенттеліп, енді клиникалық сынақтар өткізетін болады.

Профессордың айтуынша, Цитома­трица орталығы онкологиялық ауру­ларға қарсы зерттеулер жүргізіп, фар­макогенетикалық және молекулалық диагностикалық тестілеу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Нәтижесінде, қатерлі ауруды емдеуге және алдын алуға жол ашылады.

– Қатерлі дерттің даму кезеңі клет­калық гомеостазға әсер ететін генетикалық өзгерістерден, мутация­дан, эпидемиялық өзгерістерден бас­талады. Екінші кезеңі – аэробты гликолиз, энергетикалық бейімделу Барбург эффектісі ретінде белгілі сүт қышқылының бөлінуіне әкеледі. Үшінші кезеңінде – цитоматрица механикасы өзгеріске ұшырайды. Төртінші кезеңде – химиялық үрдіс жеделдейді, ол биомассаның жиналуына, клетка мөлшерінің өзгерісіне алып келеді. Қатерлі дерт клеткасы әдеттегі клеткаға қарағанда әлдеқайда белсенді. Сондықтан оларға көбірек қоректік зат қажет. Бұл ауру әдетте бірнеше кезең арқылы дамиды. Егер осы кезеңдердің бірін тоқтатар болсақ, қатерлі ісіктің дер­тінің дамуын да тоқтатамыз. Ал клетканың ішкі құрылымы күрделі және бір мезетте миллиондаған химиялық үрдіс жүреді. Оның қалай жүзеге асатыны осы кезге дейін құпия болып келді. Біз соның шешімін таптық, – дейді Т.Шәйкен.

Былтыр қазан айында доктор Шәйкен «Baylor Scott & White Health» денсаулық сақтау жүйесінің бөлімі Baylor медицина колледжінің зерттеуші профессоры лауазымына қабылданып, колледж басшылығымен заманауи ғылыми зертхана ашу ұйғарылды. Техастағы және АҚШ-тың оңтүстігіндегі ең ірі денсаулық сақтау жүйелерінің бірі «Baylor Scott & White Health» 2013 жылы «Baylor Health Care System» (негізі 1903 жылы қаланған) және «Scott & White Healthcare» бірігуі нәтижесінде құрылды. Құрамына Техас штатындағы 50-ден астам аурухана, жүздеген ме­дициналық орталық, клиника және медициналық мекеме кіреді. Мұнда жалпы медициналық, жоғары мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетіліп, күрделі аурулар емделеді.

 «Ecomed» клиникасының ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Байқош­қарованың айтуынша, ел ғылымының халықаралық деңгейде мойындалуы – батыл бастамалардың, ұзақ жылғы ізденістің нәтижесі. Осы орайда профессор Т.Шәйкеннің әсіресе ұйқы безінің қатерлі дертін емдеуге бағытталған зерттеулері, емдеу әдістері еліміз медицинасында тың салаларды игеріп, зерттеулер жүргізуге ықпал етеді. Профессор Салтанат Берденқызы онкологиямен ауырған науқастардың емнен кейін бала сүю мүмкіндігіне ие болуы үшін репродуктивті фунциясын сақтау мақсатында онкофертильді бағыттың тиімді пайдаланылып келе жатқанын атап өтті. Өйткені химиялық, сәулелі терапия, операция барысында жыныс клеткаларын сақтап қалуда онкофертильді әдістерді қолдану өте маңызды. Адам ұрпағын өрбіту орталығы қандай да жағдай болсын ана мен әке болу бақытын сыйлау мақсатында соңғы 30 жылда репродуктивті медицина, заманауи диагностикалық әдістер мен қосалқы репродуктивті технология­ларды пайдаланып, бедеуліктің ең күрделі түрлерімен ауыратын жағдайда мыңдаған отбасыға көмектесті. Салтанат Берденқызының айтуынша, ҚазҰУ-да жаңа орталықтың ашылуы жаңа буын кадрларын даярлауға ықпал етеді. Сондай-ақ медицина саласында еңбек ету үшін бакалаврды биология факультетінде, әрі қарайғы білімді медициналық бағытта жалғастырудың нәтижесі үлкен жемісін беріп отырға­нын жеткізді. Айтуынша, профессор Т.Шәй­кеннің елімізде мамандар даярлау ісіне қатысып, әлемдік медицина, биологиядағы жетістіктерді елге әкелуі қуантарлық жағдай.

Қазақ онкология және радиология институты басқарма төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлмира Жұрабекова Цитоматрица орталығы заманауи мамандар даярлау ісіне серпіліс береді деген сенімде. Айтуынша, елімізде соңғы жылдары қатерлі дертпен ауыратындар саны ұлғайған. Алайда өлім-жітім көрсет­кіші азайған. Бұл науқастарды емдеу тәсілдерінің салыстырмалы түрде алғанда әлдеқайда жақсы нәтижесін беріп жатқанын көрсетеді. Дегенмен қатерлі ісікте ерте кезеңде анықтау аса маңызды. Бұл бағытта ғалымдар мен медицина саласы мамандарының бірлескен күш-жігері қажет. Жаңа орталық осыған жол ашады.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see134

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see134

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see132

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see128

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see128

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see126

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see125

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see122

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see121

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see121

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see120

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see119

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see119

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see119

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары