Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Брюссельде Қазақ мәдени орталығы ашылды

Брюссельде Қазақ мәдени орталығы ашылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Брюссельдегі елшілік жанынан Қазақ мәдени орталығы ашылды. Жырақта жүрген отандастарымыз үшін бұл жай ғана үйірмеге қатысатын орын емес, Қазақстанмен байланысты нығайтатын мекен болмақ. 

Орталықтың салтанатты ашылуында адам қарасы көп. Ата-аналар балаларын, жастар шетелдік достарын ертіп келген. Көпшілігінің үстінде ұлттық киім. Балалар шашуды тағатсыздана күтуде, ал ең ептілері рәсім басталмай-ақ тәттіге қол созып жатыр. Орталықтың ашылуына Еуропада ұзақ жылдардан бері тұрып жатқан тіліміз бен салт-дәстүріміздің жанашырлары ұйытқы болған.

Аружан Болатбаева, Қазақ мәдени орталығы басшысының орынбасары:

- Осы орталықтың ішінде өзім қазақша сөйлесу клубын жүргіземін және қазақша кітап клубын жүргіземін. Өйткені мен үшін маңыздысы – балаларымыздың қазақ тілін ұмытпауы, оны ұмытуға жол бермеуіміз керек.

Өкінішке қарай, шетелде ана тілін білмей өсіп жатқан қаракөздеріміз көп. Әсіресе асырап алынған балалар арасында бұл өте өзекті мәселе. Әйтпесе қазақ тілі олар үшін кіндік қаны тамған жерімен жалғайтын көпірге айналар еді. Бұл орталықтың берері көп. Одан бөлек шығармашылық сабақтардың да маңызы зор: жиналғандар шеберханада қазақтың дәстүрлі текеметін жасауды үйренді.

⁠Жанна Қосубаева, Бельгиядағы қазақ диаспорасының өкілі:

- Біз қазақтың оюы орнектерімен қазақша текемет жасауды үйреніп жатырмыз. Мынандай әртүрлі оюлармен кішкентай ғана осындай текемет жасаймыз.

Домбыра үйрену сабағы балалардың ерекше қызығушылығын оятты. Ұлттық аспапты қалай дұрыс ұстап, қалай шерту керектігін үйрету үшін елшілік қызметкерлері де білек сыбана кірісті.

Тоғызқұмалақ үстелі жанында жиналған жастар ежелгі зияткерлік ойынның қыр-сырын меңгерді. Тағы бір бөлмеде балаларға қазақ ертегілері таныстырылды. Орталықта тек отандастарымыз ғана емес, шетелдіктер де көптеп жиналды. Олар домбыраның не екенін және кілемдегі ою-өрнектер қандай мағына беретінін білуге асықты.

Орталық тұрақты түрде жұмыс істеп, тіл үйрену сабақтары, шығармашылық студиялар және музыка үйірмелері ұйымдастырылып тұрады. Біреулер үшін бұл — ермек, ал басқалары үшін — өз ұлттық болмысын сақтап қалудың бірден бір жолы. Осылайша, орталық тек мәдениетке баулитын орын ғана емес, Бельгия мен Қазақстанды жақындастыра түсетін бірегей алаңға айналмақ.

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы, Жомарт Ахметов

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 23:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары