Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қазақстанда 2025 жылы жалпы ет өндірісі 1,2 млн тоннаны құрады

Қазақстанда 2025 жылы жалпы ет өндірісі 1,2 млн тоннаны құрады

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

gov.kz

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы саласын дамыту бойынша жүйелі шараларды қолға алуда.

Соңғы жылдары мал шаруашылығы негізгі көрсеткіштер бойынша қарқынды дамып келеді және еліміздің ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 40%-ын қалыптастырады. Мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың арқасында мал саны артып, өнім өндіру көлемі ұлғая түсті. Заманауи технологиялар белсенді енгізіліп, саланың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін артуда.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,3%-ға артып, 3,8 трлн теңгені құрады (2024 жылы – 3,3 трлн теңге).
Ірі қара мал басы 8,2 млн-ға жетіп, өсім 2,4%-ды құрады (2024 ж. – 7,98 млн бас). Қой мен ешкі саны 20,6 млн бас (+1,6%), жылқы – 4,6 млн бас (+5,6%), түйе – 294 мың бас (+4,8%), құс – 48,6 млн бас (+6,9%) болды.

Жалпы ет өндірісінің көлемі 2,7%-ға өсіп, 1,2 млн тоннаны құрады (2024 ж. – 1 168,6 мың тонна). Сиыр сүтін өндіру 5%-ға артып, 3,6 млн тоннадан 3,8 млн тоннаға жетті. Тауық жұмыртқасын өндіру 2,4%-ға өсіп, 4,6 млрд данаға жетті (2024 ж. – 4 461,5 млн дана).

Қазіргі таңда Қазақстан сиыр, қой, жылқы еттерімен және тағамдық жұмыртқамен толық қамтамасыз етілген. Экспорттық әлеуетті арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, 2025 жылдың 11 айында ет экспорты 24,8%-ға өсіп, 91,3 мың тоннаға жетті(2024 ж. – 73,1 мың тонна). Оның ішінде сиыр еті экспорты 59,1%-ға артып, 31,3 мың тоннаға, қой еті – 92,8%-ға өсіп, 29,4 мың тоннаны құрады.

2023 жылдан бастап жылдық 2,5% мөлшерлемемен сүт-тауарлы фермаларын салуға арналған жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы іске асырылуда. Егер 2019 жылы елде 19 заманауи сүт-тауарлы фермасы болса, бүгінде олардың саны 100-ден асты, ал жиынтық қуаты жылына 500 мың тоннадан астам сүт өндіруге жетеді. Алдағы үш жылда 118 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл сүт өндірісін 615 мың тоннаға арттырып, жалпы көлемін екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Құс еті бойынша импортты алмастыру мәселесі жаңа құс фабрикаларын іске қосып, қолданыстағыларды кеңейту арқылы шешілуде.

Инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде соңғы бес жылда құс еті өндірісі 157%-ға өсіп, 2020 жылғы 236,5 мың тоннадан 2025 жылы 371,7 мың тоннаға жетті. Алдағы үш жылда жиынтық өндіріс көлемі 241,3 мың тоннаны құрайтын тағы үш ірі жобаны іске қосу жоспарлануда.
Осылайша, 2029 жылға қарай сүт өнімдері мен құс еті бойынша ішкі нарық отандық өндіріс есебінен толық қамтамасыз етіліп, экспорттық жеткізілімдерді кеңейтуге жағдай жасалады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Құжатта жылдық 5–6% мөлшерлемемен жеңілдетілген кредиттеу, «Даму» институты арқылы кепілдендіру тетіктері, селекциялық жұмысты дамыту, жемшөп базасын нығайту, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экспорттық нарықтарды кеңейту секілді мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары көзделген.

Кешенді жоспарды тиімді іске асыру 2030 жылға қарай ірі қара мал санын 12 млн басқа, қой санын 28 млн басқа дейін арттыруға, ет өндірісін 1,8 млн тоннаға, сүт өндірісін 4,2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, ал ет экспортының көлемін екі есеге арттырып, 165 мың тоннаға дейін жеткізуге жол ашады.

Бүгін, 10:13

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 13:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары