Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстанда алғаш рет нанофильтрациялық респираторлар өндірісі жолға қойылады

Қазақстанда алғаш рет нанофильтрациялық респираторлар өндірісі жолға қойылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

2026 жылғы 8 мамыр күні Ақмола облысы Аршалы ауданының «AQMOLA» индустриялық аймағында Қазақстанда алғаш рет атом энергетикасы мен уран өндіру салаларында қолданылатын нанофильтрациялық технологиялар негізінде тыныс алу органдарын қорғайтын респираторлар мен арнайы жеке қорғаныс құралдарын шығаратын өндірістік кешен құрылысының басталуына арналған салтанатты рәсім өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған бастама еліміз үшін жаңа технологиялық бағытты дамытуға, сондай-ақ наноматериалдар мен заманауи қорғаныс шешімдері саласында құзырет орталығын қалыптастыруға бағытталған.

Технологияны жетілдірумен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары өндірістік кешен жанынан құрылатын ғылыми-зерттеу зертханасында айналысады. Отандық өнімдердің шетелдік баламаларға қарағанда қолжетімді болуымен қатар, радиоактивті бөлшектерді сүзу тиімділігі дәстүрлі әдістермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болады деп күтілуде.

Жеке қорғаныс құралдарының толық өндірістік циклін қалыптастыру және нанофильтрациялық материалдар бойынша зертхана құру импортты алмастыруға, экспорттық әлеуетті арттыруға, ұлттық ғылыми-технологиялық мектептің дамуына және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұл өндіріс ғылым, өнеркәсіп және инновациялық технологияларды тоғыстыра отырып, Қазақстанда жоғары технологиялы жеке қорғаныс құралдарын өндіретін заманауи өндірістік базаның қалыптасуына жол ашады.

Бастама ғылымға негізделген экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылып, ғылым, өнеркәсіп және инновациялық технологиялардың тиімді интеграциясын қамтамасыз етуге арналған.

Өндірістік кешен «Энергоатом» ЖШС мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қатысуымен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігі және республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағын басқарушы компания – «Aqmola Industry» ЖШС тарапынан қолдау көрсетілуде.

Инициативаның іске асырылуы «AQMOLA» индустриялық аймағының дамуына маңызды серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ғылыми қауымдастық пен өндірістік сектор арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Іс-шараға ЕҰУ өкілдері, Аршалы ауданы әкімдігінің қызметкерлері, «Aqmola Industry» компаниясының мамандары, ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.

«Бүгін ғылым, экономика, өндіріс пен билік бір арнада тоғысып отыр. Дәл осындай байланыс қана дамуға жол ашады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында ғылымға негізделген экономиканы қалыптастыру мәселесіне үнемі ерекше назар аударып келеді. Ол ғылымға сүйенген экономиканы дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық бағыттарының бірі екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Бүгін біз осы бағыттағы нақты нәтижені көзбен көріп отырмыз: өндіріс пен өнеркәсіп өкілдері, сондай-ақ инвесторлар өздері ғалымдармен байланыс орнатып, ғылымға бет бұруда. Бұл – маңызды әрі жүйелі өзгерістің көрінісі. Осындай ықпалдастықтың нәтижесінде ғана өнеркәсіп жаңа деңгейде дамып, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі артып, оның өзіндік құны төмендей түседі», – деді Еуразия ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Ерлан Сыдықов.

Өндірістік кешеннің болашағы мен мүмкіндіктері туралы «Энергоатом» ЖШС директоры Антон Скоков өз сөзінде атап өтті.

«Біз Қазақстанға өндірістік қауіпсіздікті арттырудан бастап, адамдарды зиянды әрі ластаушы заттардан қорғауға дейінгі көптеген сұранысқа ие әрі тиімді шешімдер ұсынамыз. Сонымен қатар елімізде бұрын өндірілмеген жоғары технологиялық материалдарды шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жетекші компаниялардың біріне айналып, отандық өнеркәсіптің дамуы мен технологиялық тәуелсіздіктің нығаюына өз үлесімізді қосуды мақсат етеміз», – деді спикер.

Жаңа өндірістің ел экономикасына қосатын үлесі мен мүмкіндіктеріне Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Абай Бекбаев, «Aqmola Industry» ЖШС директорының орынбасары, басқарушы компания өкілі Рүстем Жүнісов және Аршалы ауданының прокуроры Әлия Сүлейменова өз сөздерінде ерекше назар аударды.

Қатысушылар бұл бастаманың іске қосылуы Қазақстандағы ғылымды қажет ететін өндірісті дамытудағы маңызды қадам болатынын, сондай-ақ ғылыми қауымдастық, өнеркәсіп және мемлекет арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Мамыр 2026 18:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары