Қазақстанда базалық мөлшерлеме өскенімен, ипотека беру көлемі де көбейген Ұлттық Банк
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Еске салсақ, Қазақстанда 10 қазанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді. Бұл шешім инфляцияны төмендету және баға тұрақтылығын сақтау мақсатында қабылданған еді.
Халыққа ипотека алу үшін әлі де бірнеше қолжетімді бағдарлама бар:
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша төмен пайызбен несие;
«7-20-25» мемлекеттік ипотекалық бағдарлама;
Банктердің арнайы ипотекалық өнімдері.
Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің өсуіне қарамастан, бұл бағдарламалар тұрғындардың баспана алу мүмкіндігін сақтап отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, инфляциялық қысымды төмендету үшін қосымша шаралар да қабылданған. Оларға тұтынушылық несиелерге шектеу қою, борыш жүктемесін реттеу, кепілсіз кредиттерді шектеу, ең төменгі резервтік талаптарды қатаңдату және Үкіметтің тарифтік саясатты үйлестіруі кіреді.
- Бұл шаралар бағаның тұрақтануына және инфляцияның біртіндеп төмендеуіне көмектеседі, – деді Ұлттық банк Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында.
Бұған дейін ипотека көлемінің өсуі тұрғын үй нарығына қалай әсер еткені туралы жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:24
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 15:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















