Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Қазақстанда екінші орталық жүрек ауыстыру отасын енді өз бетінше жасай алады

Қазақстанда екінші орталық жүрек ауыстыру отасын енді өз бетінше жасай алады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл шешімді Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы мен «University Medical Center» (UMC) корпоративтік қоры бірлесіп қабылдаған.

Осылайша, Алматы кардиоорталығы UMC орталығынан кейін Қазақстанда жүрек трансплантациясын өз бетінше жасау құқығына ие болған екінші медициналық ұйым атанды.

Мекемеде жоғары күрделі отаны орындауға қажетті барлық жағдай жасалған: жоғары білікті кардиохирургтар, анестезиологтар мен реаниматологтар жұмыс істейді. Сонымен қатар заманауи диагностикалық және емдеу әдістері енгізіліп, халықаралық стандарттарға сай жоғары технологиялық жабдық орнатылған.

— Қалалық кардиологиялық орталықтың трансплантациялық орталықтар тізіміне енгізілуі — отандық кардиохирургияның дамуы жолындағы маңызды қадам. Бұл Алматы тұрғындарының жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады және оның сапасын жаңа деңгейге көтереді, — делінген басқарма таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 43 жастағы ер адамға жүрек трансплантациясы жасалғанын хабарлағанбыз.

Жалпы еліміз бойынша 4 мыңнан астам адам трансплантация кезегінде тұр. Оның ішінде 3 723 науқас бүйрекке мұқтаж.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 06:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары