Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстанда қара жұмыс істеген мигранттар қанша ақша алып кетті?

Қазақстанда қара жұмыс істеген мигранттар қанша ақша алып кетті?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанда жалақы көлемі тұрақты өсіп келеді. Бұл ел экономикасының жанданып, халықтың өмір сүру деңгейінің біртіндеп жоғарылап жатқанын көрсетеді. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың ІІ тоқсанында елдегі орташа айлық жалақы мөлшері 448,6 мың теңге болды. Қалалық жерлерде бұл көрсеткіш – 471 мың теңге, ауылдық жерлерде – 381,7 мың теңге, – деп хабарлайды Aikyn.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 11,3%-ға өсті. Ал алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда өсім 6%-ға жетті. Нақты мәнде (яғни инфляцияны ескергенде) жалақының сатып алу қабілеті 2,4%-ға артты.

Ұзақмерзімді өзгерістерге келсек, соңғы бес жылда орташа айлық жалақы екі есе өсті. Бұл өзгеріс еліміздегі экономиканың құрылымдық жаңаруымен, шикізаттық емес салалардың дамуы, инвестиция көлемінің ұлғаюы және бизнестің цифрлануымен тығыз байланысты.

Бүгінде еңбек нарығы кәсібилік пен құзыреттілікке бұрынғыдан бетер мән беріп отыр. Жұмыс берушілер заманауи технологиялар мен цифрлық дағдыларды меңгерген, шет тілдерін білетін, талдау жасай алатын немесе жобаларды басқару саласында түсінігі бар мамандарға жоғары жалақы төлеуге дайын. Құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы сияқты дәстүрлі салалардың өзінде білікті мамандар елдегі орташа жалақы мөлшерінен әлдеқайда көп табыс таба алады. 

Мәселен, ауыл шаруашылығын алсақ, бұл салада жалақы деңгейі басқаларымен салыстырмалы түрде төмен деп есептелгенімен, нақты маман иелерінің табысы айтарлықтай жоғары болуы мүмкін. Басшылық қызметтерді есепке алмағанда, бұл саладағы жобалау инженерлері орта есеппен 2,7 млн теңге табады, аналитиктердің айлығы – 850 мың теңгеден жоғары, электр машиналары мен құрылғыларын жобалайтын инженерлер – 800 мың теңгеден бастап, жалпы бейіндегі техник-технологтер – шамамен 757 мың теңге, ал бас ветеринар дәрігерлер   730 мың теңге шамасында жалақы алады. 

Демек, бүгінде табыс көлемі тек салаға емес, қызметкердің өзіне де, яғни оның дамуға, білім алуға және еңбек нарығында өзін үздік маман ретінде танытуға деген ұмтылысына байланысты. Осылайша, Қазақстандағы еңбек нарығында білім, тәжірибе және бейімделе білу қабілеті жалақы мөлшерінің жоғары болуының басты факторына айналып келеді.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы жалақы деңгейі Орталық Азия елдерінің ішінде ең жоғары болып отыр және аймақтағы орташа көрсеткіштерден едәуір асып түседі. Мәселен, Қазақстанда орташа айлық жалақы (448,6 мың теңге) Өзбекстаннан шамамен 70%, Қырғызстаннан 73%, ал Тәжікстаннан екі жарым есеге жуық жоғары.

Қазақстанда жұмыс орындарының саны жылдан-жылға артып келеді. Жалпы алғанда, еңбек нарығы барлық негізгі бағыттар бойынша оң қарқын көрсетіп отыр.

Алдымен негізгі көрсеткішке тоқталсақ: 2025 жылдың ІІ тоқсанында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,6% болды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың ІІІ тоқсанынан бері төмендеп келеді және тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең төменгі деңгей болып саналады.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда елімізде жұмыспен қамтылған халық саны 110,1 мың адамға артқан, ал жұмыссыздар саны керісінше  2,2 мың адамға қысқарған. Бұған қоса, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де азайды: 2024 жылдың ІІ тоқсанында 3,2% болса, 2025 жылдың ІІ тоқсанында бұл көрсеткіш 3,1%-ға дейін төмендеді.

Қазақстанның еңбек нарығындағы оң өзгерістерге Үкімет жүзеге асырып жатқан белсенді жұмыспен қамту шаралары да әсер етуде. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, мұндай шаралармен 269,1 мың адам қамтылған, ал жалпы алғанда 607,3 мың адам жұмыспен қамтылған.

Еліміздегі бос жұмыс орындарының жағдайына тоқталсақ, 2025 жылдың 20 қазанындағы жағдайға сәйкес, тек электронды еңбек биржасының өзінде 65 мыңнан астам вакансия жарияланған. Олардың басым бөлігі – жұмысшы мамандықтар бойынша. Жалпы, жыл басынан бері жұмысшы мамандықтарға қатысты 500 мыңнан астам вакансия жарияланған.

Алайда бір айта кетерлігі, жұмыс берушілер тек 14,8 мың вакансия (яғни 22,8%) бойынша ғана тәжірибесіз үміткерлерді жұмысқа қабылдауға дайын. Қалған бос орындар бойынша жұмыс тәжірибесі талап етіледі. Бұл да еңбек нарығында білікті мамандарға сұраныс жоғары екенін көрсетеді. Дегенмен біліктілігі жоқ жұмысшыларға да жұмыс табу мүмкіндігі бар  және ондай ұсыныстар аз емес.

Жалақы мөлшері ең төменгі мөлшерден бастап 1 миллион теңгеге дейін жетеді.

Қалалық жерлерде қызмет көрсету саласындағы жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары. Ауылдық жерлерде (облыс орталықтарынан тыс) нақты секторда, әсіресе өнеркәсіп, құрылыс, тау-кен салаларындағы мамандарға сұраныс артып отыр.

Қалаларда сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар және орташа айлық жалақы мөлшері:

Жұмысшы – 350-600 мың тг Автобус жүргізушісі – 400-600 мың тг Ораушы-қаптаушы – 400-650 мың тг Арнайы техника машинисі – 400-700 мың тг Тракторшы – 350-450 мың тг Дәнекерлеуші – 350 мың теңгеден бастап 

Ауылдық жерлерде сұранысқа ие мамандықтар және орташа айлық жалақы мөлшері:

Жерасты кен жұмысшысы – 350-450 мың тг Жерасты электрослесарьі – 400-500 мың тг Жүк тиегіш машинаның машинисі – 400-500 мың тг Электр-газбен дәнекерлеуші – 350-400 мың тг Құрылыс конструкцияларын монтаждаушы – 400-500 мың тг Шахта қазушы – 750-800 мың тг Тау-кен жұмысшысы — 350-450 мың тг Біліктілігі жоқ құрылыс жұмысшысы – 350-400 мың тг.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болжамы бойынша, 2025-2035 жылдар аралығында елімізде жалдамалы қызметкерлерге деген жиынтық сұраныс шамамен 2 миллион 977 мың адамды құрауы мүмкін. Соның ішінде 813 мыңға жуығы – жұмысшы мамандықтарға тиесілі.

Ең үлкен сұраныс мына салаларда күтілуде:

Өнеркәсіп – 27% Денсаулық сақтау – 12% Құрылыс – 11%

Осылайша, қазіргі еңбек нарығында жұмыс табуға нақты мүмкіндік бар,   әсіресе жұмысшы мамандығы иелері үшін. Бастапқы жалақы мөлшері де жаман емес. Алдағы уақытта сұраныс өнеркәсіп, құрылыс және медицина салаларында арта түспек. Бұл экономиканың нақты секторын қолдап, дамытатын мамандарға деген қажеттілік сақталатынын көрсетеді.

Соңғы жылдары Қазақстанның еңбек нарығында бір қарағанда қарама-қайшы көрінетін, бірақ маңызды бір парадокс қалыптасып отыр. Жұмыс орындарының саны артып келе жатқанымен, шетелдік жұмыс күшінің үлесі де жоғарылап барады. Бұл ретте, кейбір қазақстандықтар жұмыс жоқ деп шағымданып жүргенде, бос тұрған орындарды еңбек мигранттары иемденуде.

Бүгінде кейбір қазақстандықтар жеңіл, бірақ жақсы табыс әкелетін жұмыс іздеуді жөн көреді. Ал физикалық еңбекті талап ететін, техникалық немесе ауыр жұмыстарға көбіне шетелден келген жұмысшылар алынады.

2025 жылғы 13 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда 185,6 мың еңбек мигранты ресми тіркелген. Олар негізінен мынадай салаларда жұмыс істейді:

Құрылыс және жөндеу жұмыстары – 161,3 мың адам (87%) Ауыл шаруашылығы – 14,7 мың адам (8%) Тұрмыстық қызмет көрсету – 9,5 мың адам (5%)

Мигранттардың басым бөлігі – Өзбекстаннан (173,7 мың), Тәжікстаннан (10,1 мың) және Әзербайжаннан (1,7 мың).

Ең көп еңбек мигранттары жұмыс істейтін аймақтар:

Алматы облысы Алматы қаласы Атырау облысы

Бұл өңірлерде құрылыс, қызмет көрсету және өнеркәсіп қарқынды дамып келеді.

Халықаралық көші-қон ұйымының дерегінше, Қазақстандағы еңбек мигранттарының орташа табысы шамамен 526 АҚШ долларын немесе 278 мың теңгені құрайды.

43% мигрант өз табысының 51-75%-ын өз еліне аударып отырады (онлайн немесе қолма-қол). 25% табысын қолма-қол жеткізіп, туыстарына береді.

Ұлттық банк деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында еңбек мигранттары Қазақстаннан мына елдерге жиі ақша аударған:

Өзбекстан – 100,5 млрд теңге (75%) Қырғызстан – 3,5 млрд теңге (3%) Әзербайжан – 1,9 млрд теңге (1,4%) Тәжікстан – 1,5 млрд теңге (1,1%)

Бұл – жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді болған, бірақ шетелдіктер иеленген нақты жұмыс орындары мен нақты табыс көрсеткіші.

Бүгінде Қазақстанда жұмыс орыны жеткілікті, әсіресе:

қызмет көрсету саласында; құрылыс секторында; ауыл шаруашылығында.

Алайда  кейбір қазақстандықтар ауыр жұмыс істеуге дайын емес немесе төмен жалақыдан бастағысы келмейді, яғни, жоғары жалақысы бар, «ыңғайлы» жұмысты күтіп жүр. Салдарынан бұл бос орындар жойылмайды, оларды шетелдік жұмысшылар толтырады.

Демек, Қазақстанның еңбек нарығындағы мәселе – жұмыс орындарының жетіспеушілігінде емес, азаматтардың күткен үміті мен шынайы мүмкіндіктердің қабыспауында. Жұмыс бар, бірақ ол көп жағдайда жергілікті халықтың көңілінен шыға бермейді. Ал қазақстандықтар «жеңіл жұмыс, жоғары жалақы» іздеп жүргенде, шетелден келген жұмысшылар сол орындарды иеленіп, еңбек етіп, табыс тауып жүр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары