Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2% ға өсті

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2% ға өсті

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 4,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға жоғары, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыстардың көлемі 10,7 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 17,5%-ға өскен.

"Саладағы маңызды өзгерістердің бірі жаңа Құрылыс кодексінің енгізілуі болды. Құжат құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, құрылыс нысандарын пайдаланудың кепілдік мерзімін ұзарту, жобалау кезінде сейсмикалық тәуекелдерді ескеру және құрылыс ұйымдарын цифрлық бақылау тетіктерін енгізу қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.

Құрылыс материалдары нарығында отандық өндірістің үлесі 70%-дан асады. Ішкі нарықтағы сұранысты 3 мыңнан астам кәсіпорын қамтамасыз етеді.

2026 жылы құрылыс материалдарын өндіру саласында жалпы құны 202,2 млрд теңге болатын 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар аясында 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетері, Қазақстанда бүгін – құрылысшы күні аталып өтеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Тамыз 2026 13:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары