Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстанда үкімет жалақыны көтеріп, несиелерді жеңілдетуді жоспарлап отыр

Қазақстанда үкімет жалақыны көтеріп, несиелерді жеңілдетуді жоспарлап отыр

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Үкімет халықтың табысын арттырудың 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Құжатта жалақы, жұмыс орындары, азық-түлік бағасы, салық жеңілдіктері, әлеуметтік қолдау және қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту шаралары жазылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz қаулыға сілтеме жасап.

Құжатта 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өскені атап өтілген. Алайда, қазақстандықтардың нақты табысы төмендеген - инфляция салдарынан сатып алу қабілеті азайды.

Жоспар авторлары елдегі орташа жалақы 461 мың теңгені, ал медианалық жалақы небәрі 332 мың теңгені құрайтынын көрсеткен. 39 пайыздық айырмашылықтың себебі – орташа жалақы көрсеткіші басшылық құрамның жоғары еңбекақылары әсерінен өсуімен түсіндіріледі, ал медианалық жалақы қызметкерлердің басым бөлігі нақты қанша жалақы алатынын дәлірек көрсетеді.

Құжат мәліметтеріне сүйенсек, қазақстандықтар шығыстарының жартысынан көбін - 52 пайызын тамаққа жұмсайды. 2025 жылы азық-түлік инфляциясы 13,5 пайыз болды. Жоспар бойынша 2029 жылға қарай азық-түлік шығындары үлесін 40 пайызға дейін төмендету көзделген.

Қазақстандағы 2026 жылғы жалақы өсімі: кімге және қанша?

Жоспар мақсаты - жалақының нақты 10 пайызға өсуі және жыл сайын инфляциядан 2–3 пайыздық тармаққа озу. Бұл ең алдымен төмен және орташа жалақы алатын қызметкерлерге қатысты.

Субсидия, жеңілдетілген несие сияқты мемлекеттік қолдау алатын жұмыс берушілер қызметкерлеріне өңірдегі медианалық жалақыдан төмен емес еңбекақы төлеуге міндеттеледі. Әйтпесе, мемлекеттік қолдаудан айырылады.

Әкімдіктер ірі және орта кәсіпорын басшыларымен, сондай-ақ сауда желілерімен кассирлердің, жүк тасушылардың, әкімшілердің және басқа да қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі бойынша кездесулер өткізеді. Уағдаластықтар ұжымдық шарттарда бекітіледі.

Ең төменгі жалақы көлемі 2026 жылдың аяғына қарай қайта қаралады. Бюджет саласының қызметкерлері - мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер үшін жалақыны индекстеу 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап, орта және төменгі буынға басымдық бере отырып қарастырылған.

Қазақстандағы сапалы жұмыс орындары: заң бойынша бұл не деген сөз?

Жыл сайын 240 мыңға дейін сапалы жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, ал 2029 жылға қарай олардың жалпы саны 3,8 миллионға жетуі тиіс. Құжаттағы анықтама бойынша, сапалы жұмыс орны - бұл алты айдан астам тұрақты жұмыспен қамту, өңірдегі медианалық деңгейден төмен емес жалақы, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, медициналық сақтандыру, ақылы демалыс және қауіпсіз еңбек жағдайлары.

Азық-түлік бағасы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесі шектеулі күйінде - 15 пайыздан аспайтын болады. Бұл талаптың сақталуын бақылау күшейтіледі деп уәде берілді.

2027 жылдың қаңтарынан бастап азық-түлік тасымалдауға арналған теміржол тарифі 36 пайызға төмендетіледі. Барлық өңірде апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасады. Бағаның маусымдық шарықтауы кезінде азық-түлік тиелген жүк көліктеріне басымдық берілетін "жасыл дәліз" енгізіледі. 2029 жылға қарай инфляцияны 5–7 пайызға дейін төмендету жоспарланған.

Ауыл тұрғындарына арналған шағын несиелер мен қолдау

"Ауыл аманаты" жобасы аясында ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындарына жеке қосалқы шаруашылықты, кооперативтер мен шағын бизнесті дамыту үшін 30 мыңнан астам бюджеттік шағын несие беру жоспарланған. Сондай-ақ агроқұзыреттілікке оқыту және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту қарастырылған.

Несиелер мен қарыздар: не өзгереді?

2026 жылдың мамырына қарай қазақстандықтардың тұтынушылық несиелері 17 триллион теңгеге жетті. Оның бір триллионнан астамы - үш айдан астам кешіктірілген қарыздар.

Жоспар бойынша қарызды рәсімдеу кезіндегі комиссиялар саны азайтылады, несиенің түсінікті шарттары бар - ұсақ қаріпсіз және жасырын төлемдерсіз стандартты құжат енгізіледі, бірнеше кредитор алдындағы берешекті бірден реттеуге арналған бірыңғай цифрлық платформа іске қосылады. Жағдайы өте ауыр адамдар үшін рәсімдеу мерзімі бір айға дейін болатын жеңілдетілген банкроттық қарастырылған.

Таксистер, курьерлер, фрилансерлер: жаңа ережелер

394 мыңға жуық қазақстандық табысын цифрлық платформалар - такси, жеткізу, фриланс арқылы табады. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыстың бұл форматы ресми мәртебеге ие болды: алғашқы жылы бюджетке 6,3 миллиард теңге салық пен әлеуметтік төлемдер түсті.

Жоспарда платформалық жұмыспен қамтуды одан әрі реттеу қарастырылған - бұл мұндай жұмысшылардың тұрақты әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтарын қорғаудың ашық тетіктері болуы үшін қажет.

Дәрі-дәрмек және әлеуметтік қолдау

Азаматтардың жекелеген санаттары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мониторингіне сәйкес, 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың наурызына дейін препараттардың 631 атауының бағасы орта есеппен 24,6 пайызға төмендеді.

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға тиісті жеңілдіктер туралы хабарлама автоматты түрде SMS арқылы келеді. Өтінішті қолмен тапсырудың қажеті болмайды. Бұл формат құжатта "әлеуметтік әмиян" деп аталады.

Қазақстандағы ипотекалық шегерім: қашан қайтарылады?

Жоспарда 2029 жылдан бастап ипотекалық сыйақылар бойынша толық салықтық шегерімді қайтару мәселесі пысықталып жатыр. Шешім 2027 жылдың аяғына қарай қабылдануы тиіс. Ипотекасы бар отбасылар үшін бұл нақты салық жүктемесін азайтады.

Жоспар 2029 жылға дейін есептелген. Жарты жылда бір рет министрліктер мен әкімдіктер Ұлттық экономика министрлігіне іс-шаралардың орындалу барысы туралы есеп береді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 18:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see164

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see147

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see146

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see145

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see144

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see142

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see141

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see141

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see141

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see139

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see138

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see138

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see138

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see137

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see137
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары