Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстанда жұмыс орындарын субсидиялау және жұмыс берушілерге квота бөлу тәртібі жаңартылды

Қазақстанда жұмыс орындарын субсидиялау және жұмыс берушілерге квота бөлу тәртібі жаңартылды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібін жаңартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Енді қызметкер қабылдайтын ұйымдар субсидияланатын жұмыс орындарын ашу үшін бұрынғыға қарағанда икемдірек талаптармен қатыса алады. Сонымен қатар бұл бағыттағы барлық негізгі рәсім электронды форматқа көшіріліп, жұмыс берушілерге қойылатын талаптар нақты әрі түсінікті етілді.

 Кімдер қатыса алады?

Субсидияланатын жұмыс орындарын мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші негізінде ұйымдастырады. Мұндай жұмыс орындарын ашуға коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, әлеуметтік кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволары мен бағынысты ұйымдары өтініш бере алады. Сондай-ақ дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 50 және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар да қатыса алады. Үкіметтік емес ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері де бұл тізімде бар. Бұл ретте жұмыс берушілердің әр санатына қойылатын талаптар мен жұмыс орындарының саны әртүрлі. Яғни барлық жұмыс берушіге бірдей талап қолданылмайды, олардың қызмет түрі мен мәртебесіне қарай жеке тәртіп белгіленген. Сонымен бірге жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, барлығына ортақ бірқатар талап бар. Олар кемінде 12 айдан бері жұмыс істеп келе жатқан болуы керек. Сондай-ақ ол банкроттық рәсімінде болмауы, экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы заң талаптарын сақтауы және бұған дейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары аясында жасалған шарттарды тиісінше орындауы қажет.

Бұдан бөлек, жан басына шаққандағы мемлекеттік тапсырыс бағдарламалары, инфрақұрылымдық мемлекеттік сатып алулар немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аясында бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда субсидияланатын жұмыс орындары ашылмайды.

Бұл талап бір шығынның мемлекеттік бюджеттен екі рет қаржыландырылуына жол бермеу үшін енгізілген. Яғни мемлекет қаржысы бір жұмыс орнына немесе бір шығынға бірнеше бағдарлама арқылы қайталанып жұмсалмауға тиіс. Осы арқылы бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану көзделеді.

Субсидияланатын жұмыс орындарының саны жұмыс берушінің санатына байланысты белгіленеді.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін республикалық маңызы бар қалаларда 1-ден 10-ға дейін, ал өңірлерде 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орнын ұйымдастыруға болады. Бұл ретте үкіметтік емес ұйымдар Үкіметтік емес ұйымдардың ресми дерекқорында тіркелген болуы қажет.

Коммерциялық ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орны қарастырылған.

Бұл санатқа жататын жұмыс берушілердің жалақы бойынша қарызы болмауға тиіс. Олар соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты аударып келген болуы керек. Сонымен бірге бағдарламаның алдыңғы кезеңдеріне қатысқан азаматтарды тұрақты жұмысқа қабылдауы қажет.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін де 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орны қарастырылған. Ал ауылдық әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындарға қатысты бөлек тәртіп қолданылады. Олар үшін субсидияланатын жұмыс орындарының саны ауылдағы халықтың санына қарай белгіленеді. Мұндай жұмыс орындарының саны ауыл тұрғындарының жалпы санының 2 пайызынан 5 пайызына дейін болуы мүмкін.

Барлық рәсім электронды түрде жүргізіледі
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудағы негізгі өзгерістердің бірі – осы процестің толық цифрландырылуы. Енді жұмыс берушілерді іріктеу, азаматтарды ашылған жұмыс орындарына жолдау және қажетті құжаттарды тексеру электронды форматта жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар Электрондық еңбек биржасы арқылы іске асады.

Рәсімдерді цифрландыру қағаз құжаттарға деген қажеттілікті азайтып, өтініштерді тезірек қарауға жол ашады. Сонымен қатар процестің ашықтығын арттырып, шешім қабылдаудағы адами факторды барынша шектеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудың жаңартылған тәртібі жұмыс берушілерге қойылатын нақты талаптарды, олардың санатына қарай сараланған тәсілді және негізгі рәсімдерді толық цифрландыруды көздейді.

Бұл өзгерістер субсидияланатын жұмыс орындарын нақты қажеттілікке қарай бөлуге, жұмыс берушілер мен бағдарламаға қатысушылар үшін рәсімдердің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалануға мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Тамыз 2026 11:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары