Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қазақстандағы қауіпсіз мектеп: миф пе, әлде шындық па?

Қазақстандағы қауіпсіз мектеп: миф пе, әлде шындық па?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Баспасөз конференциясында мамандар балалар қауіпсіздігіне қатысты  мәселелерді шешу бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан кешенді іс-шараларға тоқталып, бағдарламалардың авторлары, білім саласы қызметкерлері мен азаматтық сектор өкілдері түйткілді мәселе төңірегінде пікірлесті, деп жазады Egemen.kz.

Сарапшылар келтірген мәліметке сүйенсек, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есеп комитетінің деректеріне сәйкес, биыл кәмелетке толмағандар арасында 139 суицид және 293 өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеті тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева келтірген мәліметтерде суицид жағдайларының 22 пайызы мектептегі буллингпен байланысты. ДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы жүргізген «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» зерттеуінде Қазақстандағы жасөспірімдердің 13 пайызы (шамамен әрбір 8-інші бала) кибербуллингке ұшыраса, 7 пайызы мектептегі буллинг құрбаны болған, ал әрбір он үшінші жасөспірім төбелеске қатысқан. Қатысқандардың 12 пайызы ұлдар болса, 4 пайызын қыздар құрайды. 2018 жылдан бергі аралықта елде кибербуллинг бойынша көрсеткіш артқан. Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеуіне сәйкес, балалардың 17,5 пайызы буллингке ұшыраған. Бүгінгі таңда, балалар суициді мен мектептегі буллинг еліміз үшін түйткілді әрі шешімі қиын  мәселе қатарында тұр.

 «Өркен»  балалардың әл-ауқаты жөніндегі ұлттық ғылыми-практикалық институтының «Балалардың психологиялық әл-ауқатын зерттеу» зертханасының жетекшісі Ирина Калачева атап өткендей, білім беру ұйымдарында балалар арасындағы қудалаудың (буллингтің) алдын алуға қатысты 2023–2025 оқу жылдарына арналған «ДосболLIKE» бағдарламасы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарды іске асырудағы маңызды қадам болып отыр. Өйткені бағдарлама кешенді тәсілге негізделген, себебі буллингтің алдын алуға білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығы, яғни оқушылар, педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар қатыстырылуы мәселенің алдын алуға мүмкіндік береді.  

 Алматы қаласы Білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры, Венера Қоқанованың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, былтыр 9 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің № 3/445 қаулысымен «Психологиялық қолдау орталығы» құрылды. Оның басты мақсаты – оқушылардың, ата-аналардың, педагогтердің және мектеп психологтарының, психологиялық әл-ауқатын сақтау мен нығайтуға бағытталған бірыңғай, қалалық психологиялық қызмет жүйесін қалыптастыру. Осы орайда биыл орталық мамандары сенім телефоны арқылы 3200-ден астам өтініш қабылдап, 2800-ден астам жеке және отбасылық кеңес өткізген. 120-дан астам оқыту және алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып, 50 мыңнан астам оқушы психодиагностикадан өткен.

Осы орайда пікірін бірдірген Жәния Әубәкірова авторлық мектебінің жетекшісі Алмас Сапарғалиев мектеп директорлары мен мұғалімдерге буллингті анықтау оңай еместігін алға тартты. Айтуынша, бұл мәселені шешуде кәсібилік, баламен жүйелі жұмыс қажет екенін атап өтсе,  №38 мектептің педагог-психологы Юлия Нестеренкова «ДосболLIKE бағдарламасы мектептер үшін өзекті әрі уақытылы қолға алынған бастама дейді. Психологтар тарапынан оны жетілдіру және тәжірибеге енгізу бойынша ұсыныстар бар. Маңыздысы – буллингті алдын алу тек психологиялық көмекпен шектелмейді, ол – терең тәрбиелік маңызы бар үрдіс. Сондықтан осы бағдарлама қатысушыларының міндеттері мен жауапкершілігі нақты айқындалуы тиіс. «Just Support» қорының атқарушы директоры Светлана Богатыреваның айтуынша, қор мемлекет тарапынан жүзеге асып жатқан шараларға мониторинг жүргізген. «Қазіргі кезде елімізде балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету жүйесі қалыптасып келеді. Ол мектеп психологтары мен психологиялық қолдау орталықтарының жұмысымен байланысты. Буллинг және зорлық-зомбылықпен жұмыс істеуге арналған нормативтік-құқықтық база қабылданды. Дегенмен оны жетілдіре түсу қажет.  Психологтардың біліктілігін арттыруда сапаға мән беру қажет. Сонда ғана мамандарға қоғам сенімі артады әрі сапалы көмек алатын болады. Мектеп психологтарының қызметі нақты, түсінікті әрі іске асатындай болуы қажет» дейді сарапшы. Қазіргі кезде «Өркен» институтымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған қор мамандары «Қазақстан балалары» бағдарламасына ұсыныстар енгізген. Осы орайда сарапшы азаматтық қоғамның ұсыныстары ескеріліп, жүзеге асуы үшін балалармен жұмыс істейтін білім мекемелері, орталықтардың бірлескен іс-қимылы қажет.  

 АЛМАТЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:220
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 18:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары