Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогы кезеңінде жүлдеге таласады

Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогы кезеңінде жүлдеге таласады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) қолдауымен өтетін бұл турнир Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

FIE күнтізбесіне жыл сайын осы санаттағы небәрі бес турнир кіреді. Олар дәстүрлі түрде Швейцария, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері және Канадада өтеді. Биыл Қазақстан алғаш рет осы тізімге қосылып, Орталық Азияда әлем кубогын өткізген алғашқы ел атанды. 

Турнирге жалпы 222 әйел және 272 ер спортшы қатысып жатыр. Командалық сайыста 31 ерлер және 23 әйелдер құрамасы бақ сынайды. Барлық қатысушының саны, оның ішінде жаттықтырушылар мен төрешілерді қоса алғанда, 1 000 адамнан асады. 

– Әлем кубогының Қазақстанда, өз елімізде өтуі бізге ерекше толқу мен үлкен жауапкершілік жүктейді. Турнир алдында Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде нәтижелі оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Оған 7-ден астам елдің спортшылары қатысты. Бұл жарыс алдындағы дайындықтың маңызды кезеңіне айналды. Бүгіннен бастап жарысты бастадық. Өз тарапымыздан ел намысын лайықты қорғау үшін бар күшімізді саламыз, - деп атап өтті команда капитаны Эльмир Әлімжанов.

Қазақстан атынан турнирге 30 семсерлесуші қатысуда, олардың қатарында Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов бар.

Әйелдер арасындағы сайыста 24 семсерлесуші медаль үшін сынға түседі. Олардың ішінде Ульяна Писцова, София Николайчук, Каролина Фомина және Владислава Андреева бар. 

Кімге үміт артамыз? Наурыз айының басында Руслан Курбанов Германияда өткен әлем кубогының кезеңінде тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль иеленген еді. Ол турнир барысында қарсыластарына дес бермей, финалда италиялық Давиде Ди Веролиді жеңді. Дегенмен командалық сайыста жүлдеге таласу қиынға соқты. Жерлестеріміз ширек финалға дейін жетіп, Швейцарияға жол берді. Соған қарамастан, қазақстандық семсерлесушілер жекелей де, командалық бәсекеде де жүлде үшін таласуға қауқарлы екенін талай рет дәлелдеген. Бұған әлем және Азия чемпионатының нәтижелері дәлел. 

Елордада өтетін жарысқа әлемдік деңгейдегі жұлдыздар да жиналып отыр. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары Коки Кано (Жапония), Гергей Шиклоши (Венгрия), Олимпиаданың күміс жүлдегері Андреа Сантарелли (Италия), сондай-ақ, италиялық Давиде Ди Вероли (әлем чемпионы), франциялық Александр Бардене (екі дүркін әлем чемпионы), мысырлық Мохаммед Эль-Сайед (Олимпиаданың қола жүлдегері), жапониялық Акира Комата (Олимпиаданың күміс жүлдегері), чехиялық Якуб Юрка (Олимпиаданың қола жүлдегері), бельгиялық Нейссер Лойола (әлем чемпионатының қола жүлдегері) бар. Мұндай мықты спортшылардың Астана төрінде бас қосуы жарыс көркін қыздыра түспек.

Командалық сайыста басты қарсыластардың қатарында Франция, Мысыр, Жапония, Гонконг және Италия құрамалары бар. Дегенмен Қазақстан құрамасы кейінгі жылдары тұрақты нәтижелерімен көзге түсіп, медаль үшін күресуге лайық ұжымдардың бірі екенін дәлелдеп келеді. Сондықтан жанкүйерлердің үміті зор. 

Әйелдер арасында эстониялық Катрина Лехис (Олимпиада чемпионы), Джулия Рицци (Олимпиада чемпионы), Альберта Сантуччо (Олимпиада чемпионы) екеуі де италиялық, оңтүстіккореялық Сан Сера (Олимпиаданың күміс жүлдегері), Мари-Флоренс Кандассами (Олимпиаданың күміс жүлдегері), Александра Луи-Мари (Олимпиаданың күміс жүлдегері) екеуі де франциялық, венгриялық Эстер Мухари (Олимпиаданың қола жүлдегері) медальға таласады. Командалық сайыста сөзсіз Италия, Франция және Польша құрамалары фаворит саналады.

Жарыс кестесіне зер салсақ, төрт күн бойы көрерменді ерлер мен әйелдер арасындағы жеке және командалық жарыстар күтеді. Ашылу салтанаты, жеке сайыстардың жартылай финалдары мен финалдары 28 наурызда өтеді. Ал 29 наурыз күні командалық жарыстар ұйымдастырылады.

Бұған дейін елордада алғаш рет семсерлесуден әлем кубогы кезеңі өтетінін хабарлағанбыз. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 13:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see172

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see171

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see156

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see125

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see116

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see115

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see93

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see93

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары