Қазақстандық тауарлар ірі шетелдік сауда желілеріне шығарылады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев отандық тауарларды ірі шетелдік сауда желілеріне шығару жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл бес айда шикізаттық емес тауарлар экспорты 14,5 процентке артып, 11,8 миллиард АҚШ долларына жетті. Бүгінде Қазақстанда өндірілген тауарлардың шамамен 44 проценті экспортқа шығарылады.
"Келесі кезең – дайын өнімді сыртқы нарыққа ілгерілету. Ол үшін отандық өнімді Lulu Hypermarket, Carrefour, Gross, Panda, Spinneys және тағы басқаірі шетелдік сауда желілерінің сөрелеріне орналастыру жөніндегі жаңа қолдау шарасы пысықталып жатыр", - деді Шаққалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал экспортты арттыру кезінде алдымен Еуразиялық Экономикалық Одақ, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Еуропа және Қытай елдеріне басымдық беріледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 11:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















