Қазақстандық теннисші азиялық спортшылардың 30 жылдық рекордын жаңартты
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақстандық теннисші Александр Бублик үлкен тарих жазуды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты sports24.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлемнің 16-ракеткасы ерекше жетістікке жетіп, 1990 жылдан бері «Үлкен дулыға» және «Мастерс» турнирлерінде бір маусымда әлемдік рейтингтің үздік ондығындағы теннисшілерді жеңе алған Азияның екінші өкілі атанды.
Бұған дейін мұндай жетістікке тек жапондық Кэй Нисикори қол жеткізген еді. Ол 2014 жылғы маусымда US Open финалына дейін жеткен.
Парижде өткен ATP Masters 1000 турнирінде Бублик әлемнің алтыншы ракеткасы Алекс де Минорды табандылықпен жеңді. Есеп: 6:7 (5:7), 6:4, 7:5. Бұл нәтиже қазақстандық спортшыны тарихқа енгізіп қана қоймай, оны турдағы ең күтпеген ойыншылардың бірі әрі «Мастерс» сериясындағы жартылай финалға шыққан алғашқы қазақстандық теннисші етті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:94
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 13:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















