Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Қазақстандықтар салықты қалай төлейді негізгі өзгерістер

Қазақстандықтар салықты қалай төлейді негізгі өзгерістер

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Биылдан бастап жаңа Салық кодексі аясында көлік пен мүлік салығын төлеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Бұдан бөлек, салықтық шегерімдер өзгерді. Sputnik Қазақстан көлік пен мүлік салығына қатысты негізгі өзгерістерді ұсынады.

Көлік салығы қалай өзгерді

2026 жылдан бастап көлік жүргізушілеріне салық төлеу жағынан бірқатар жеңілдіктер беріледі. Алдымен ескі көліктердің салығы төмендетіледі. Олар:

шығарылғанына 10 жылдан 20 жылға дейін болған көліктерге 30 проценттік жеңілдік;

20 жылдан асқан көліктерге 50 проценттік жеңілдік.

Бұдан бөлек, қозғалтқыш көлемі үлкен джиптердің салығы төмендетіледі.

қозғалтқышы 3000-4000 текше сантиметрден асатын көліктерге 15 АЕК (2026 жылда - 64 875 теңге);

қозғалтқышы 4000 текше сантиметрден асатын көліктерге 117 АЕК (2026 жылда - 506 025 теңге);

Осы межеден асатын әрбір текше метр үшін тағы 7 теңге қосылады.

Сосын көліктің шығарылған жылына қарай тағы жеңілдік беріледі. Мәселен, 20 жылдан асқан жағдайда 50 проценттік жеңілдікпен 15 АЕК емес, 7,5 АЕК (2026 жылда - 32 437 теңге) төленеді.

Ал шаруалар немесе фермер қожалықтары бір пикап автомобиль үшін көлік салығынан босатылады.

Қымбат көліктердің салығы қандай болады

Салық кодексі бойынша бағасы 18 000 АЕК-тен (2026 жылда– 77,8 млн теңгеден) асатын көліктерге 10 проценттік акциз енгізіледі. Оны алғашқы тіркеу кезінде және қайта сатқан жағдайда төлеу керек. Қымбат көліктердің бағасы сатып алу-сату шарты және инвойс негізінде есептеледі.

Айта кетері, қымбат көліктердің шекті бағасы айлық есептік көрсеткішпен анықталады. Ал АЕК жыл сайын көтеріліп тұрады. Демек, қымбат көліктердің шекті бағасы да өседі.

Көлік салығын қашан төлейміз

Салықтық есептілік нысандарының санын қысқарту мақсатында көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ұсыну міндеті алынып тасталды. 2026 жылдан бастап салық төлеуші тек жылдық декларацияны ғана тапсыратын болады және тиісінше салықты жыл қорытындысы бойынша бір рет төлейтін болады.

"Көлік салығы жылдың қорытындысы бойынша төленетінін ескере отырып, төмендетілген коэффициенттерді қолдана отырып есептелген салық сомасы 2026 жыл үшін 2027 жылы есептелетін болады", - дейді салықшылар.

Осылайша, биыл көлік салығы бұрынғыдай төленеді. Ал келесі жылы барлық жеңілдік мен акциз қолданылады.

Мүліктік табысты айқындау мерзімі өзгерді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылжымайтын мүлікті сату кезінде мүліктік табыс бойынша меншік ету мерзімі екі жылға дейін ұзартылды. Бұл дегеніміз, үйді сатқанда табыс салығын төлемеу үшін екі жыл күту керек. Ал одан бұрын сатылса, 10 проценттік салықты төлеуге тура келеді.

"1 қаңтарға дейін сатып алынған және аталған күннен кейін өткізілген мүлікке қатысты бұрын қолданылған меншік ету мерзімі бір жыл болып сақталады", - деп атап көрсетті мамандар.

Айта кетері, мүліктік табыс алған жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыруға, ал табыс салығын 25 қыркүйекке дейін төлеуге міндетті.

Байлардың салығы көбейеді

Бүгінде мүлік салығын мемлекеттік органдар есептейді. Биылдан бастап жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 миллион теңгеден асатын болса, қалған соммадан тағы 2 процент ұсталады. Мәселен, адамда алты пәтер бар. Олардың жалпы құны - 600 млн теңге. Ондайда 450 млн теңгеден кейін 150 млн теңгеге тағы 2 процент салық салынады. Ал базалық ставка жылына 3 миллион теңге болады.

Сондай-ақ, қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10 проценттік акциздер болады. Тағы мына табыс түрлеріне салық қарастырылған:

дивидендтер түріндегі кірістер үшін 230 000 АЕК дейін – 5% (1 млрд. теңгеге жуық), 230 000 АЕК-тен асқан сомаға - 15%;-

бейрезидент – жеке тұлғалардың табыстары бойынша 8500 АЕК-ке дейін – 10%, 8500 АЕК-тен асқан сомадан 15%.

Салықтық шегерімдердің алдын ала сомасы

Жеке тұлғалар 2025 жылдың табыс алығын есептеу кезінде өзге де салықтық шегерімдердің алдын ала сомасын қолдануға құқылы. Аталған сома медициналық қызметтерге, оқуға және ипотекалық қарыздар бойынша сыйақыны төлеуге байланысты жоспарланған шығыстарды қамтиды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қаңтар 2026 16:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see122

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see122

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары