Қазақстанға 33 градус аяз келе жатыр: ТЖМ ескерту жасады
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ведомствоның мәліметінше елімізде ауа райы күрт өзгереді.
"Қатты аяз болып, қар жауады, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді деп болжанып отыр. Ақтөбе, Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Алматы, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында 20-33 °C қатты аяз болады", - деп жазылған хабарламада.
СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында қар жауып, боран соғады.
Алматы, Түркістан, Жамбыл, ШҚО, Ақтөбе, Қызылорда, БҚО облыстарында көктайғақ болады.
Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтап, алысқа жол жүруді шектеп, жылы киініп жүру қажеттігін ескертті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 09:11 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















