Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа жүйенің жөнсіз есебі

2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды

Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады

Отбасы күні: Ұландық әскери қызметшілер шаңырағын шаттыққа бөлеп отыр

Жел соғып, жаңбыр жауады: қай өңірде күн суытады

210 миллионға екі кереует: Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары тергеуге алынды

Бүгінгі жұлдыз жорамал: кім күтпеген жерден ақша аударымын алады, кімге өз шекарасын қорғауға тура келеді

Есіл өзеніндегі Нұрлы жол вокзалы маңындағы өлі балықтар: Астанада су сынамалары алынды

Қазақстан бюджетке мұнайдың жаңа бағасын белгіледі не болды

Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті

Қазақстандықтар шетелде арқылы төлем жасай алады

Көлік министрлігі ескертеді: Ұшақта қандай сөздерді қолдануға болмайды?

Мас күйінде үш адамның өліміне себеп болған жүргізуші 10 жылға сотталды

Берекелі шаңырақ берік қоғам негізі

Аяқ киімнің ұлтарағына жасырған: ШҚО да тергеудегі азаматқа ерекше сәлемдеме жеткізбек болған

Иран АҚШ пен келіссөздерді қайта бастау шартын атады

Йемендегі хуситтер стратегиялық бұғазға жақындады Reuters

Bloomberg миллиардерлер индексі әлемдегі ең бай адамдар аталды

Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түрмеде бақылау күшейтіледі

Қазақстанда орман көшеттерін өсіретін жаңа жылыжай кешені құрылмақ

Қазақстаннан отырып қосымша табыс табуға болатын 7 сайт

Қазақстаннан отырып қосымша табыс табуға болатын 7 сайт

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазіргі уақытта қосымша табыс табу үшін міндетті түрде екінші жұмыс орнына орналасудың қажеті жоқ. Мәтін жазу, аударма жасау, дизайн, бағдарламалау немесе қарапайым онлайн тапсырмаларды орындау арқылы интернеттен табыс табуға болады.

Алайда мұндай платформаларды тұрақты жалақы беретін жұмыс орны ретінде қабылдамаған жөн. Тапсырыс саны адамның тәжірибесіне, рейтингіне, тілді білуіне және бос жобалардың болуына байланысты. Aikyn.kz қосымша жұмыс табуға көмектесетін бірнеше халықаралық платформаны жинақтады.

Upwork – фриланс мамандар мен тапсырыс берушілерді байланыстыратын халықаралық платформа. Онда мәтін жазу, аударма, графикалық дизайн, бағдарламалау, маркетинг, бухгалтерлік есеп және виртуалды көмекші қызметтері бойынша жобалар жарияланады.

Қазақстандық мамандар да платформада тіркеліп, тапсырыстарға өтінім бере алады. Жұмыс сағаттық ақы немесе алдын ала белгіленген жоба құны бойынша төленеді. Қаражатты жергілікті банк шотына және қолжетімді халықаралық төлем сервистері арқылы шығаруға болады.

Жаңадан тіркелген адамға алғашқы тапсырысты алу оңай болмауы мүмкін. Сондықтан профильді толық толтырып, бұрынғы жұмыстардан бірнеше үлгі орналастырған дұрыс.

Fiverr платформасында маман тапсырыс іздеуден бұрын өзінің қызметін жариялайды. Мысалы, логотип жасау, бейнемонтаж, мәтін аудару, әлеуметтік желіге жазба әзірлеу немесе аудионы мәтінге айналдыру қызметін ұсынуға болады.

Тапсырыс беруші жарияланған қызметтердің арасынан өзіне қажетті маманды таңдайды. Сондықтан мұнда жұмыстың нақты сипаттамасын жазу, сапалы мұқаба дайындау және бастапқы бағаны дұрыс белгілеу маңызды.

Платформа қызмет ақысын ұстайтынын да ескеру қажет. Сол себепті тапсырыстың толық сомасы орындаушының қолына түспейді.

Freelancer.com сайтында тапсырыс берушілер жобаларын жариялайды, ал мамандар өз бағасы мен жұмыс мерзімін көрсетіп, өтінім береді. Бағдарламалау, сәулет, дизайн, аударма, мәлімет енгізу, ғылыми зерттеу және мәтін жазу бағыттарында тапсырмалар бар.

Платформаға тіркелу тегін болғанымен, орындалған жобадан комиссия алынады. Ресми мәліметке сәйкес, фрилансерлер үшін негізгі комиссия мөлшері жоба құнының 10 пайызына тең.

Бұл сайтта бір жобаға бірнеше ондаған адам өтінім беруі мүмкін. Сондықтан ең төмен бағаны ұсынудан гөрі, тапсырысты қалай орындайтыныңызды нақты түсіндірген пайдалы.

Clickworker күрделі кәсіби қызметтен бөлек, шағын онлайн тапсырмалар ұсынады. Олардың қатарында сауалнама толтыру, интернеттен ақпарат іздеу, мәтінді тексеру, аудио немесе бейне жазу, суреттерді санаттарға бөлу және қосымшаларды сынау бар.

Кейбір тапсырмаларды телефон арқылы орындауға болады. Дегенмен олардың саны қолданушы тұратын елге, тілге және жеке профиліне байланысты өзгеріп отырады. Компания төлемдерді белгіленген ең төменгі сома жиналғаннан кейін қолжетімді төлем тәсілдерінің бірі арқылы жүргізеді.

Бұл платформа үлкен табысқа емес, бос уақытта шағын қосымша ақша табуға көбірек қолайлы.

CrowdGen – Appen компаниясының жасанды интеллект жобаларына қатысушылар жинайтын платформасы. Мұнда мәтіндерді бағалау, аудио жазбаларды тексеру, суреттерді белгілеу, іздеу нәтижелерін салыстыру және жасанды интеллект жауаптарын саралау сияқты жұмыстар кездеседі.

Қолданушы өзіне қолжетімді жобаға өтінім береді. Кейбір тапсырмаларға кіріспес бұрын тест тапсырып, талаптарға сәйкестігін растауы қажет. Жобалардың қолжетімділігі елге, тілге және қатысушының біліктілігіне байланысты.

Қазақ және орыс тілдерін жақсы білетін мамандарға тілдік деректерді тексеруге қатысты жобалар кездесуі ықтимал. Бірақ платформада әрдайым бос жұмыс болады деп кепілдік берілмейді.

UserTesting сайттар мен мобильді қосымшалардың қолайлылығын тексеруге мүмкіндік береді. Қатысушы экрандағы әрекеттерін орындай отырып, көргенін және ойлағанын дауыстап түсіндіреді.

Алдымен қысқа сынақтан өтіп, содан кейін сауалнамалар арқылы нақты зерттеулерге іріктелу қажет. Әр тапсырманың сыйақысы оны бастамас бұрын көрсетіледі. Компанияның мәліметінше, желіге әлемнің 40-тан астам елінен қатысушылар қосылғанымен, тест саны ел мен пайдаланушының профиліне байланысты әртүрлі болады.

Бұл жұмыс анық сөйлеуді және көбіне ағылшын тіліндегі нұсқауларды түсінуді талап етеді.

Toloka жасанды интеллект жүйелеріне қажетті деректерді дайындауға арналған шағын тапсырмаларымен танылған. Онда суреттерді салыстыру, мәтінді бағалау, іздеу нәтижелерін тексеру және нысандарды белгілеу сияқты жұмыстар ұсынылуы мүмкін.

Алайда тапсырмалардың саны барлық қолданушыда бірдей емес. Ол елге, тілге, рейтингке және тапсырыс берушілердің белсенділігіне байланысты. Сондықтан Toloka-ны негізгі жұмыс емес, қосымша табыс көзі ретінде қарастырған дұрыс.

Алаяқтардан қалай сақтануға болады?

Онлайн жұмыс іздегенде «алдын ала ақша аудар», «ақылы оқудан өт» немесе «картаңыздың толық деректерін жібер» деген талаптарға сақ болған жөн. Шынайы тапсырыс беруші жұмыс беру үшін қызметкерден ақша сұрамауы керек.

Хат алмасу мен төлемді платформаның ішінде жүргізген қауіпсіз. Upwork мамандары шектен тыс жоғары ақы, түсініксіз жұмыс сипаттамасы, платформадан тыс байланысу талабы және тегін сынақ жұмысын сұрау алаяқтық белгісі болуы мүмкін екенін ескертеді.  Сондай-ақ комиссияны, қаражат шығару жолдарын және Қазақстандағы табысты заңды түрде декларациялау талаптарын алдын ала тексеру қажет.

Қосымша табыс бір күнде қалыптаспайды. Алғашқы кезеңде профиль толтыруға, жұмыс үлгілерін дайындауға және бедел жинауға уақыт кетеді. Бірақ нақты дағдысы бар адам үшін халықаралық платформалар жаңа тапсырыс берушілерге шығудың және табысын арттырудың бір жолы бола алады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Шілде 2026 22:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа жүйенің жөнсіз есебі

12 Қыркүйек 2026 18:17see158

2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды

12 Қыркүйек 2026 18:14see154

Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады

12 Қыркүйек 2026 18:15see154

Отбасы күні: Ұландық әскери қызметшілер шаңырағын шаттыққа бөлеп отыр

12 Қыркүйек 2026 18:16see154

Жел соғып, жаңбыр жауады: қай өңірде күн суытады

12 Қыркүйек 2026 17:37see150

210 миллионға екі кереует: Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары тергеуге алынды

12 Қыркүйек 2026 18:28see149

Бүгінгі жұлдыз жорамал: кім күтпеген жерден ақша аударымын алады, кімге өз шекарасын қорғауға тура келеді

12 Қыркүйек 2026 17:23see149

Есіл өзеніндегі Нұрлы жол вокзалы маңындағы өлі балықтар: Астанада су сынамалары алынды

12 Қыркүйек 2026 17:22see148

Қазақстан бюджетке мұнайдың жаңа бағасын белгіледі не болды

12 Қыркүйек 2026 17:22see147

Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті

12 Қыркүйек 2026 20:30see146

Қазақстандықтар шетелде арқылы төлем жасай алады

12 Қыркүйек 2026 18:12see145

Көлік министрлігі ескертеді: Ұшақта қандай сөздерді қолдануға болмайды?

12 Қыркүйек 2026 17:19see144

Мас күйінде үш адамның өліміне себеп болған жүргізуші 10 жылға сотталды

12 Қыркүйек 2026 18:13see144

Берекелі шаңырақ берік қоғам негізі

12 Қыркүйек 2026 18:14see143

Аяқ киімнің ұлтарағына жасырған: ШҚО да тергеудегі азаматқа ерекше сәлемдеме жеткізбек болған

12 Қыркүйек 2026 17:13see142

Иран АҚШ пен келіссөздерді қайта бастау шартын атады

12 Қыркүйек 2026 17:37see140

Йемендегі хуситтер стратегиялық бұғазға жақындады Reuters

12 Қыркүйек 2026 23:02see140

Bloomberg миллиардерлер индексі әлемдегі ең бай адамдар аталды

12 Қыркүйек 2026 17:23see138

Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түрмеде бақылау күшейтіледі

12 Қыркүйек 2026 17:35see136

Қазақстанда орман көшеттерін өсіретін жаңа жылыжай кешені құрылмақ

12 Қыркүйек 2026 18:17see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары