Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстанның қаржы кеңістігінде юаньнің орны нығайып келеді

Қазақстанның қаржы кеңістігінде юаньнің орны нығайып келеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Юаньнің жаһандық сауда жүйесіндегі үлесі 

Халықаралық есеп айырысу банкінің (BIS) соңғы зерттеу деректеріне сәйкес, юаньнің әлемдік валюта нарығындағы үлесі 8,5%-ға дейін өсті, ал күн сайынғы айналым көлемі 817 млрд АҚШ долларына жетті. Осылайша, юань қазір әлемдегі бесінші ірі сауда валютасы саналады. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда фунт стерлингтің үлесі 12,9%-дан 10,2%-ға дейін төмендеп, юань мен фунт арасындағы айырмашылық азайған.

«2025 жылғы юаньнің халықаралық айналымы туралы есепте» көрсетілгендей, геосаяси белгісіздік пен доллардың жоғары пайыздық мөлшерлемелері бірқатар дамушы елді долларға тәуелділікті азайтуға итермелеп отыр. Осы үрдіс нәтижесінде Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық Азия және Африка елдері юаньді халықаралық есеп айырысуда белсенді қолдана бастады.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) дерегінше, әлемнің дамушы экономикаларының валюталық резервтерінде доллардың үлесі 20 жылдағы ең төменгі көрсеткішке – 58%-ға дейін түскен. Бұл жаһандық деңгейде дедолларизация үдерісінің күшейіп келе жатқанын аңғартады.

Фото: Коллаж: Kazinform/ Canva

Орталық Азияда юаньмен есеп айырысу 

Қытай Халық банкінің трансшекаралық төлем жүйесі (CIPS) бүгінде 189 ел мен өңірді қамтиды, ал қатысушы қаржы институттарының саны 1700-ден асқан. 2024 жылы жүйе арқылы өткен операциялар көлемі 175 трлн юаньға жетіп, жылдық өсім 43% болған.

Осы инфрақұрылымның дамуы Қазақстан компанияларына Қытай серіктестерімен тікелей юань арқылы есеп айырысуға мүмкіндік берді.

2022 жылы Қытай Халық банкі мен Қазақстан Ұлттық банкі арасында юаньмен есеп айырысу жүйесін енгізу жөніндегі меморандумға қол қойылып, «Қытай Өнеркәсіп және коммерциялық банкі» (Алматы) юань бойынша клирингілік банк ретінде бекітілді. Осылайша Қазақстан Орталық Азияда юань клиринг жүйесіне қосылған алғашқы мемлекет атанды.

Қытайдың «ICBC Алматы» және «Құрылыс банкі Астана» филиалдары бірлесе Қытай мен Қазақстан арасындағы қаржы арнасын қалыптастырып, трансшекаралық есеп айырысудың сенімді және тиімді жүйесін құрды.

Биыл ICBC Алматы теңге-юань айырбасы бойынша негізгі маркет-мейкерлердің бірі болып, Қытайдың ішкі валюталық және облигациялық нарықтарына тікелей қатыса бастады.

Фото: China Daily

Цифрлық саудада юаньмен төлем жасау: алғашқы тәжірибе

Жақында қазақстандық Alem Market трансшекаралық электронды сауда платформасы юаньмен есеп айырысудың алғашқы мәмілесін сәтті аяқтады.

Бұл операция CIPS жүйесі арқылы небәрі 10 минутта жүзеге асқан, ал дәстүрлі долларлық есеп айырысумен салыстырғанда төлем жылдамдығы ондаған есе артқан.

Мәміле барысында ICBC Алматы мен Қытай Құрылыс банкінің Астана филиалы CIPS жүйесіне тікелей қатысушы ретінде өтімділік пен есеп айырысу арнасын қамтамасыз етті.

Бұл оқиға юаньнің қолданылу аясын дәстүрлі саудадан бөлек, электронды коммерция, финтех және қызмет көрсету салаларына дейін кеңейткенін көрсетті.

Коллаж: Kazinform

Қазақстанның «қаржы көпірі» ретіндегі рөлі айқындала түсті

Юаньнің халықаралық айналымы — Қытайдың қаржы саясаты ғана емес, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының маңызды қаржылық тірегі болып отыр.

Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика, көлік және инвестициялық ынтымақтастықтың тереңдеуі аясында юаньмен есеп айырысу жүйесі екі ел арасындағы сауданы жеңілдетіп, айырбас тәуекелдерін азайтады және аймақтық қаржы қауіпсіздігін арттырады.

Юаньнің кеңінен қолданылуы еліміз үшін бірнеше оң нәтижеге әкеледі:

- Саудадағы тиімділік – Қытай серіктестерімен тікелей юань арқылы есеп айырысу долларды айырбастау шығындарын азайтады;

- Қаржының әртараптануы – теңге мен юань арасындағы тікелей котировкалар аймақтық валюта нарығындағы теңгенің белсенділігін арттырады;

- Инвестициялық тартымдылық – юаньмен несие беру және облигациялық операциялардың дамуы Қазақстан қаржы нарығын Азия капиталымен терең байланыстырады.

Сонымен қатар, юаньның халықаралық мәртебесінің артуы аймақтық валюталық тәуелділікті қайта қарауды қажет етеді.

Қазақстан үшін маңызды мәселе – юаньды кеңейте отырып, ұлттық валютаның тұрақтылығын және қаржылық егемендігін сақтау.

Қорыта айтқанда, юаньның жаһандық сауда, инвестиция және төлем жүйесінде маңызы артып келеді. Орталық Азия осы үдерістің жаңа стратегиялық торабына айнала бастады. Осы орайда, Қазақстан үшін юань клирингілік жүйесінің енгізілуі — қаржылық серіктестіктің жаңа белесі, әрі елдің Еуразия құрлығын байланыстыратын «қаржы көпірі» ретіндегі рөлін айқындай түседі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:224
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 16:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары