Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

ҚазҰУ алаңында өңірлік басқарушыларды даярлау сапасы талқыланған жиын өтті

ҚазҰУ алаңында өңірлік басқарушыларды даярлау сапасы талқыланған жиын өтті

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Аймақтық басқару кадрларының құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбында Оқу-әдістемелік бірлестігінің  мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиын жұмысына Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Әлібек Ахмедияр, агенттіктің Мемлекеттік қызметті өткеру департаментінің директоры Роза Мұратқызы, «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Қаринова және өзге де белгілі сарапшылар, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Отырысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ашты. Университет басшысы шараның Ұлттық құрылтайдан кейінгі өтіп жатқан алғашқы жиналыстардың бірі екенін атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік қауымдастықта лайықты орнымызды алу үшін басқару жүйесін жетілдіруді алға қойғанын жеткізді.

Сонымен қатар ректор басқарушы кадрларды даярлауда жоғары білім беру жүйесінің маңызына тоқталды.

«Бүгінгі отырыс барысында жоғары оқу орындарында жүзеге асырылып жатқан «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларына талдау мен бағалау ұсынылады. Құзыретті, жауапты әрі нәтижеге бағытталған басқарушы кадрларды қалыптастыру – тек білім беру міндеті ғана емес, бұл ел үшін стратегиялық басымдық», – деді ректор.

Вице-министр Гүлзат Көбенова Оқу-әдістемелік бірлестік алаңында кадрларды даярлауға қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін барлық мүдделі тараптар жиналғанын атап өтті. Оның айтуынша, ауыл әкімдерінің диалог алаңында өңірлік басқарушыларды даярлау мәселесі көтеріліп, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру міндеті қойылды.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде бұл мамандық бойынша 44 жоғары оқу орнында кадрлар даярлануда. Соңғы үш жылда 27 мың маман оқуын аяқтап, олардың шамамен 75 пайызы түрлі қызметке орналасқан. Осы уақыт аралығында аталған мамандық бойынша 31 докторант докторлық диссертация қорғаған.

Сонымен қатар Гүлзат Ізбасарқызы мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы білім беру бағдарламаларының сапалы әзірленгенін айтып, алайда практикалық құрамдас бөліктің, нақты кейстердің жеткіліксіз екеніне назар аударды.

Отырыс барысында аймақтық басқарудағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда Қазақстан өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің теңгерімсіздігі, ауылдық округтердің ескірген инфрақұрылымын жаңғырту қажеттілігі, экологиялық сын-қатерлер, әкімшілік кедергілер, сондай-ақ цифрлық дәуір талаптары талқыланды. Қатысушылардың пікірінше, бұл мәселелерді шешу үшін экономикалық модельдеу, өңірлердің ерекшелігін ескеретін жүйелі тәсіл және жобалық басқару тетіктері қажет.

Сондай-ақ жиын аясында мемлекеттік қызметшілерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары, аймақтық басқарушылардың дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әкімдер мектебінің тәжірибесі таныстырылды. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларын талдау және бағалау, басқарушы кадрлардың практикалық даярлығын арттыруға бағытталған микроквалификация бағдарламаларын енгізу мәселелеріне ерекше мән берілді.

Сонымен қатар қатысушылар өңірлік басқарушы кадрларды даярлау сапасын арттыру Қазақстанның орнықты дамуының, мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін нығайтудың және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы стратегиялық басымдықтарды іске асырудың маңызды факторы екенін атап өтті.

Жиын соңында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға, сондай-ақ өңірлік басқарушылардың құзыреттерін дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 14:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see122

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see116

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see115

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары