Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

Франкфурт әуежайында өлімге әкелетін инфекцияның көзі іздестірілуде

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Instagram жаңа функцияны іске қосты

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Жастар неге шетелге кетеді?

Қойма толы сәбізді күресінге тастаймыз ба?

Қойма толы сәбізді күресінге тастаймыз ба?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ертіс-Баян өңірінің фермерлері сәбіз экспортына шектеу енгізбеуді сұрап отыр. Сауда және интеграция министрлігі ұсынған шектеу күшіне енсе, көкөніс өсірушілер адам айтқысыз шығынға ұшырап, қойма толы өнімді күресінге лақтырғаннан басқа амал қалмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Суретті түсірген Валерий Бугаев

Елімізде сәбіз экспортына үш айлық уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Жауапты министрліктің мәліметінше, бұл қадамның мақсаты – азық-түлік тапшылығын тудырмай, бағаны тұрақты ұстау. Алайда Павлодар облысының фермерлері сәбізге сұраныс қазірдің өзінде төмендеп кеткенін алға тартып отыр. Ал қойма толы тонна-тонна өнім. Экспорт шектелсе, онсыз да арзан өнімді өткізу бір басқа, қоймаларда шірітіп алу мәселесі шығып тұр. Ертіс-Баян өңірінде сәбіз өсіретін шаруашылықтар өте көп. Әсіресе, Черноярка алқабы мен Ақсу қаласының ауылдық аумағында картоп пен сәбізге ден қойып, нәпақасын содан айырып отырған фермерлер жүздеп саналады. Жоғарыдағы іс-шара жүзеге асса, шаруалардың қолдары байланып, олар орасан зор шығынға батуы ықтимал.

«Черноярка» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Николай Надедовтің айтуынша, шаруашылықтың қоймасында жиналған тонна-тона сәбіз үйіліп жатыр. Ал жергілікті нарықта алушы жоқтың қасы.

- Біздің облыстың шаруалары картопты да, сәбізді де өте көп егеді, аймағымыздың қажеттілігінен анағұрлым көп. Кооперативіміздің өнімдерін жергілікті нарықтан сатып алып жатқандар өте аз. Есесіне көршілес елдің бірнеше аймағынан тұрақты сұраныс бар. Ертең шектеу енгізілсе, біздің ала жаздай өсіріп, жиып алған көл-көсір өніміміз өтпей, қоймаларда шіріп кететіні анық. Енді бір айдан кейін қоймалардағы сәбіз бүліне бастайды, себебі өнімнің сақтау мерзімі шектеулі. Ендеше біз мыңдаған тонна сәбізді күресінге лақтырамыз деген сөз. Ал фермерлердің мойнында миллиондаған теңге несие, лизинг бар. Бізге сондықтан өз өнімімізді өткізетін дәліз керек. Қазірдің өзінде еліміздің оңтүстік нарығына теріскейдегі көршімізден 300 мың тонна сәбіз кіргені туралы ақпарат алып отырмыз. Неге біздің картопты алмайды? Бұл жағы бізге беймәлім. Сайып келгенде түсініксіз, шаруалар үшін өте тиімсіз жағдай қалыптасып отыр, - деп қынжылады ол.

«Андас» ШҚ басшысы Зейнолла Сәлменбаев мұндай шектеуді жиілетсе, ертеңгі күні көкөніс өсіретін шаруа таппай қаламыз деп дабыл қағып отыр.

«Кез келген мемлекет тауар өндірушілерін, нарығын қорғайды. Ал бізге керісінше кедергі келтірілмекші. Егер сәбіз экспортына шектеу қойылса, қазіргі күнде тауарымызды өткізіп отырған нарығымыздан айырыламыз. Өзбекстан, Қырғызстан елдері біресе сатып, біресе шектеумен жүрсек, сенімсіз серіктес ретінде біздің тауардан бас тартады. Одан кейін ешкім өсіргісі де келмейді. Мысалы,Чернояркада тек сәбіз ғана егетін шаруашылықтар бар. Олардың күйі не болады?», деп күйінеді тәжірибелі фермер.

Ресми статистикаға сүйенсек, қазіргі уақытта жергілікті қоймалар сәбіздің килограмын небәрі 70-80 теңгеден босатып жатыр. Яғни баға арзан, өнімге тапшылық жоқ. Ендеше қойма толы сәбіз отандық нарықтағы сұранысты жауып тұрса шектеу енгізудің қандай пайдасы бар? Фермерлер мұндай шектеудің салдары алдағы уақытта сәбіз алқаптарын қысқартуға апарып соқтыратынын, салдарынан өнімнің бағасы қымбаттап кетуі ықтимал екенін айтады.

Желтоқсан айында сәбіз, қант және жұмыртқа бағасы төмендеді

Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, былтыр облыста 5 мың гектарға сәбіз егіліп, 165 мың тонна өнім алынған. Өткен жыл соңына дейін 8,9 мың тоннасы Өзбекстан мен Ресейге экспортталса, жыл басынан бері біраз бөлігі сатылған. Қазіргі таңда қоймаларда 64 мың тонна сәбіз бар. Оның тең жартысы тоңазытқыш жабдықтары жоқ қоймаларда сақтаулы. Ол ары кетсе 1-1,5 ай сақталады. Күн жылына, бірден бұзыла бастайды. Ал наурыз айынан бастап елімізге Өзбекстаннан жаңа өсіп шыққан импорт сәбіз ағыла бастайтынын ескерсек,  жергілікті қоймаларда сақталып тұрған мыңдаған тонна сәбізді күресінге тастауға тура келеді.

Елімізде сәбіз экспортына тыйым салынды

Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов мәселеге ел Парламенті назар аударып отырғанын жеткізді. Айтуынша, ел қоймаларында, соның ішінде Павлодар жерінде өнімнің жеткілікті көлемі сақтаулы. Әдетте артық өнім экспортқа шығарылатын. Бірақ биыл өнімге сұраныс болмай тұр.

- Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі картопқа да шектеу енгізгісі келген. Мәселені Үкімет деңгейінде көтеріп, абырой болғанда ол шешім жүзеге аспады. Ендігі кезек сәбізге тіреліп отыр. Негізі бұл жердегі мәселе жауапты министрліктің «баға өсіп кетсе, оны қалай тежейміз» деген ниетінен туындап отыр. Яғни министрлік бағаның одан әрі өсіп кетуінен қорқады, бірақ оны тежейтін тетік ойлап таппаған. Олар фермерлерде қандай жағдай қалыптасып отырғанынан бейхабар. Экспортты шектесек, баға өспейді деген ұсыныс ойға сыймайды. Алайда таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, ертең біздің халықаралық экспорт нарығындағы орнымызды көрші елдердің жеткізушілері тартып алатыны сөзсіз. Мәжілістегі Аграрлық мәселелер комитеті отандық азық-түлік қауіпсіздігіне шын мәнінде қауіп төнсе ғана шектеу жасалсын деген талап қойып отыр. Ал ондай қауіп қазір байқалмайды, - дейді депутат.

Нұржан Әшімбетов өңірлерде бағаны ырықтандыру, фермерлер мен дүкендер арасында өнімді тікелей жеткізуді ұйымдастыру жұмыстары нашар деген пікірде. Бұл мәселені Мемлекет басшысы айтудай-ақ айтып келеді, алайда облыстарда істелген шаруа мардымсыз. Оның ойынша, бұл мәселені шешу үшін ірі жеткізушілер ірі қалаларда азық өнімдерінің хабтарын, атап айтқанда, «көтерме-бөлшек сауда орталықтарын» тұрғызуы, ал оның құрылысына Үкімет жеңілдетілген пайызбен қаражат бөлуі керек. Есесіне өңірлер арасында азық-түлік өнімдері бойынша ірі жеткізу жүйелері ұйымдастырылады. Нарықты жаулап алған импорт өнімнен біртіндеп арыламыз.

«Азық-түлік бағасының қымбат болуына өңірлер арасындағы логистиканың дамымай отырғаны себеп. Өзіңіз қараңыз, еліміздің батыс өңірлеріне тек көрші мемлекеттен импорт көкөніс өнімдері келеді. Ал бағасы Павлодардікінен қымбат. Егер облыстар арасында байланыс орнаса, бұл тұтынушыларға да, фермерлерге де аса тиімді болар еді ғой. Фермерлердің арзан өнімін алатын алыпсатарлар қазір ойына келген бағасын қоятын болды. Тұтынушы сөресіне дейін ол 3 рет қымбаттайды. Мәселен ірі жеткізуші қоймадан сәбізді 80 теңгеге алып, оны ұсақ жеткізушілерге қымбатқа сатады делік. Ал ұсақ компаниялар оған тағы үстеме қосып, дүкендерге жөнелтеді. Дүкендер өз кезегінде пайдасыз қалмауы үшін бағаға өз маржасын қосып жібереді. 80 теңгенің сәбізі дүкендерде 200 теңгеге саудаланып жатыр. Картоп та солай, фермерден 120 теңгеге алынып, 250 теңгеге сатылады. Бұл – Сауда және интеграция миниистрлігінің тікелей айналысатын жұмысы. Сауда жүйесін реттемей, баға мәселесі шешілмейді. Біз өнім өндірушілермен емес, алыпсатарлармен күресуіміз керек. Біресе, етке, біресе тірідей малға, біресе картоп пен сәбіз экспортына шектеу қоямыз. Мұндай орынсыз әрекеттер арқылы ауыл шаруашылығын орасан зор шығынға батырып, азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отырғанымызды ұғуымыз керек», деп қосты ол.

Қазіргі уақытта бұл мәселеге Сенат депутаты Ернұр Әйткенов кірісіп, Үкіметке депутаттық сауал әзірлеп жатыр. Ал Нұржан Әшімбетов алдағы күндері Үкіметте өтетін ведомствоаралық комиссия отырысына қатысып, кәсіпкерлердің жанайқайын жеткіземін деп уәде етті. Мәжілістегі аграрлық мәселелер комитеті министрліктің ауыл шаруашылығына қатысты шешімдеріне өз келісімін беруі керек. Егер келіспесе, шешім қабылданбайды.

Атап өтерлігі, Павлодар облысындағы тұрақтандыру қоры да сәбіз бойынша алдағы кезеңге жететін қорды қамдап алған.

«Тұрақтандыру қорында 6,6 мың тонна картоп пен 1,5 мың тонна сәбіз бар. Ол өңір тұрғындарының алдағы қажеттілігінің кемі 50 пайызын жабады. Маусымаралық кезеңде немесе нарықта бағаның өсуі кезінде бағаны тұрақтандыру мақсатында көкөніс өнімдері сатыла бастайды. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорынан картоптың килограмы 100 теңгеден, сәбіз 110 теңгеден сатылып жатыр», деп хабарлады «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Дәурен Жамбайбек.

Көкөніс өсірушілер бұған дейінгі жылдары болған жағдайлардан министрліктегілер сабақ алса деп отыр. Себебі, шектеу қойылған өнімге келесі жылы тапшылық байқалған кездер болған. Сондықтан бұл мәселе бойынша Үкімет оң шешім шығарады деп үміттенеміз.

Павлодарлық фермерлер сәбіздерін сата алмай отыр

Соңғы жаңалықтар

«Келешек мектептері» рекордттарға жол ашты

Білім • Бүгін, 10:35

Қойма толы сәбізді күресінге тастаймыз ба?

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады

Дін • Бүгін, 10:25

Аида Балаева Әуезов атындағы драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Мәдениет • Бүгін, 10:10

Таиландта аударылған катердің ішінде 8 Қазақстан азаматы болған

Оқиға • Бүгін, 10:07

Салық режимін өзгертуге бір реттік мүмкіндік берілді

Экономика • Бүгін, 09:57

Ирандағы ахуалға байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті

Саясат • Бүгін, 09:40

Торғай өзенінде балық қырылып жатқаны рас па?

Аймақтар • Бүгін, 09:35

«Реал» бас бапкер Хаби Алонсоны қызметінен босатты

Футбол • Бүгін, 09:32

Трамп Иранмен кәсіп жүргізетін барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізді

Әлем • Бүгін, 09:30

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:22

Түркістан облысында бір отбасының үш адамы көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 09:15

Құмды тоқтатқан технология

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Лайықты баға және Венецияға жолдама

Қоғам • Бүгін, 09:10

Толқынды күткен бала болмысы

Басылым • Бүгін, 09:07

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 11:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

26 Тамыз 2026 16:46see153

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

26 Тамыз 2026 22:37see147

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

26 Тамыз 2026 21:39see142

Франкфурт әуежайында өлімге әкелетін инфекцияның көзі іздестірілуде

26 Тамыз 2026 18:14see141

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see140

Instagram жаңа функцияны іске қосты

26 Тамыз 2026 16:47see140

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see139

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see138

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see136

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see134

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see133

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see126

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see120

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see118

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see117

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see117

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see114

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see110

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see109

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары