Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қолданбаларға қандай рұқсаттарды беру қауіпті қазақстандықтар үшін ескерту

Қолданбаларға қандай рұқсаттарды беру қауіпті қазақстандықтар үшін ескерту

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мобильді құрылғылардағы қосымшаларға артық рұқсат берудің қандай қаупі бар және олардың қандай деректерге қол жеткізіп жатқанын неге мұқият қадағалау керек? Бұл сұрақтарға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қосымшаларды орнату кезінде пайдаланушылар олардың сервис жұмысына шынымен қажет пе екеніне бас қатырмастан, барлық рұқсаттарға автоматты түрде келісе салады. Нәтижесінде бағдарламалар камераға, микрофонға, контактілерге, геолокацияға, файлдарға және басқа да ақпаратқа қол жеткізе алады.

Агенттіктің баспасөз қызметі ескертеді: қосымшада мұндай рұқсаттар неғұрлым көп болса, дербес деректердің жылыстауы, олардың заңсыз пайдаланылуы немесе алаяқтық жасалу қаупі соғұрлым жоғары болады.

Қосымшалар қандай деректерді сұрауы мүмкін?

Қосымшалар өз функцияларына байланысты мыналарға қол жеткізуді сұрауы мүмкін:

геолокация - құрылғының орналасқан жерін анықтау үшін; камера мен фотогалерея - фото және видео түсіру немесе сақталған файлдарды көру үшін; микрофон - дыбысты жазу және беру үшін; контактілер - телефон кітапшасына кіру үшін; файлдар мен құрылғы жады - құжаттармен және басқа файлдармен жұмыс істеу үшін; қоңыраулар мен SMS - соның ішінде растау кодтары бар хабарламаларға қол жеткізу үшін; хабарландырулар - мұнда да жеке ақпарат болуы мүмкін.

Бұл ретте әрбір рұқсат қосымшаның функцияларымен байланысты болуы тиіс. Мысалы, калькуляторға немесе шамға (фонарик) әдетте контактілерге, SMS-ке немесе геолокацияға қол жеткізудің қажеті жоқ.

Артық рұқсат берудің қаупі неде?

ҚНРДА деректері бойынша, егер қосымшаның өзі немесе оны әзірлеушінің жүйелері кибершабуылға ұшыраса, пайдаланушылардың деректері қаскөйлердің қолына түсуі мүмкін.

Алынған ақпарат дербес фишингтік шабуылдар, алаяқтық және әлеуметтік инженерия, басқа аккаунттарды бұзу, адамның егжей-тегжейлі цифрлық профилін жасау, сондай-ақ дербес деректерді заңсыз тарату немесе коммерциялық мақсатта пайдалану үшін қолданылуы мүмкін.

Әсіресе, негізгі функцияларына еш қатысы жоқ деректерге қол жеткізуді сұрайтын қосымшаларға мұқият болған жөн.

Ең алдымен қандай рұқсаттарды шектеу керек?

Геолокация. Егер қосымшаға сіздің қай жерде екеніңізді үнемі білу қажет болмаса, тек оны пайдалану кезінде ғана рұқсат беруді таңдаған немесе бұл функцияны толығымен өшіріп тастаған дұрыс.

Камера мен микрофон. Қолжетімділікті тек жұмыс істеуі үшін шынымен қажет қосымшаларға ғана берген жөн.

Контактілер мен файлдар. Егер сервиске өз функцияларын орындау үшін телефон кітапшасы немесе құрылғыдағы құжаттар қажет болмаса, мұндай рұқсатты шектеген дұрыс.

Қандай жағдайда сақ болу керек?

Агенттік келесі жағдайларда қосымшаны пайдалану қажеттілігін қайта қарауды ұсынады, егер ол:

өзінің функцияларына қатысы жоқ көптеген рұқсатты талап етсе; әзірлеуші туралы шынайы ақпарат болмаса; белгісіз немесе ресми емес дереккөзден жүктелсе; тым көп жарнама мен қалқымалы терезелерді көрсетсе; айқын себепсіз SMS-ке, контактілерге, төлем немесе басқа да құпия деректерге қол жеткізуді талап етсе.

Ведомство дербес деректер алаяқтар үшін үлкен құндылық екенін және олар нысаналы шабуылдарды дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін екенін еске салады. Сондықтан қосымшаларға оларға шынымен қажет болғаннан артық рұқсат бермеу керек. Сондай-ақ, бұрын берілген рұқсаттарды мезгіл-мезгіл тексеріп, артықтарын өшіріп отыру ұсынылады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Тамыз 2026 22:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары