Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Қос партия үміткерлері тіркелді

Қос партия үміткерлері тіркелді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұған дейін ОСК-ға 7 саяси партия тиісті құжаттарын тап­сырған еді. Ізінше Орталық сай­лау комиссиясы жіберген сауал­ға сәйкес, уәкілетті мем­ле­кеттік органдар партиялық тізімге енген тұлғалардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді.

Жиында Орталық сайлау комиссиясы «Respublica» партиясының 75 кандидаттан тұратын партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылдады. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров жиылғандарды құжат мәтінімен таныстырды.

Бірінші, «Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін. Екінші, «Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген Құрылтай депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін. Үшінші, Орталық сайлау комиссиясының аппараты «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін «Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын. Төртінші, «Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын. Бесінші, «Respublica» партия­сы қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін, деді ол.

Негізі «Respublica» партиясы 76 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынған. ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов бір кандидат тізімнен не себепті шыға­рылғанын түсіндірді.

Орталық сайлау комиссия­сына Сәния Бақытжанқызы Темірғалиеваның партиялық тізімнен өз еркімен шығару туралы өтініші 11 шілдеде ресми тіркелді. «ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңының 90-бабының 1-тармағына сәйкес, «Respublica» партиясының партиялық тізімінен оның өтініші негізінде Сәния Бақытжанқызы Темірғалиеваны шығару бойынша Орталық сайлау комиссиясы өз құзыреті шеңберінде шешім жобасын дайындады. Жалпы партиялық тізімдегі 38 кандидат – әйелдер, жастар мен мүгедектігі бар адамдар. Олардың үлесі – 50,7%. Демек заңда белгіленген квота сақталды, деді Ш.Өтемісов.

Сондай-ақ ОСК хатшысы VIII сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында партияның 8,59 пайыз дауыс жинағанын ескере отырып, «Respublica» партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылатынын айтты.

Бұдан кейінгі ОСК отырысында «Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның» 33 кандидаттан тұратын партиялық тізімі тіркелді. «ҚР сайлау туралы» конституциялық заңының 89-бабына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы қаулы етіп, құжат мәтінін комиссия төрағасы Н.Әбдіров оқып берді.

Біріншіден, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін. Екіншіден, «Жалпыұлттық социал-демо­к­ратиялық партия» респуб­ли­калық қоғамдық бірлес­тігінің партиялық тізімі бо­йынша тіркелген Құрылтай депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін. Үшіншіден, Орталық сайлау комиссиясының аппараты «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін «Жалпыұлттық социал-демо­кратиялық партия» респуб­ликалық қоғамдық бір­лестігінің партиялық тізімі­нің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын. Төртіншіден, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізі­мі­нің тіркелгені туралы хабар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын. Бесіншіден, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін, деді ол.

ОСК мүшесі Михаил Бортник заң талаптарына сәйкес әрбір саяси ұйымнан тек бір ғана партиялық тізім тіркеуге жіберілетінін атап өтті.

Тізімдегі 14 кандидат әйел­дер, жастар мен мүгедектігі бар адамдар санатына жатады, бұл жалпы жиынтық бойынша 30 па­йыздан асады. Заңда белгіленген квота талаптары сақталған. Орталық сайлау комиссиясы уә­кі­летті мемлекеттік органдар­мен бірлесіп кан­дидаттарға қатысты тиісті тексеру жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нә­ти­жесі бо­йынша партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау тура­­­лы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді деп танылды, деді М.Бортник.

Еске салсақ, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» 2023 жылғы 19 наурызда өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда халықтың 5 пайыздан астам дауысын жинады. Осыған байланысты заңнамада көрсетілгендей партия сайлау жарнасын төлеуден босатылады.

ОСК мүшелері тиісті хат­та­маларға қол қойған соң, 23 тамыздағы сайлауға  «Жалпы­ұлт­тық социал-демо­кра­тия­лық партия» рес­публикалық қоғамдық бір­лестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылданды. Тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктер табысталды. Екі оты­рыстың қорытындысында партия өкілдері брифинг аясында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 07:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see123

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see120

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see118

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see117

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see115

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see114

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see114

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see113

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see112

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see112

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see111

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see111

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see111

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see110

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see109

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see108

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see107

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see107

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see106

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары