Қосшағылда қарт әйелдің бетіне сірке суын шашып, алтын ұрлаған күдікті ұсталды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл ауылындағы қарт әйелге шабуыл жасау ісі бойынша күдікті ұсталды. Белгісіз әйел мүмкіндігі шектеулі тұрғынның үйіне басып кіріп, оның бетіне сірке суын шашқаннан кейін алтын әшекейлерін алып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Аikyn.kz.
Жылыой аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 30 қазанда күдікті Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі таңда тергеу жалғасуда, барлық процессуалдық шаралар заң шеңберінде атқарылып жатыр.
Полиция өкілдері ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу аяқталғанға дейін істің өзге де мәліметтері жария етілмейтінін атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Косшагыл ауылында ІІ топтағы мүгедектігі бар қарт әйелге белгісіз адамның шабуыл жасап, оның бетіне сірке суын шашып, көзін күйдіріп, алтын әшекейлерін ұрлап кеткені хабарланған болатын. Баян Жанұзақова
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 11:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















