Құрылтай сайлауы: тағы бір партияның кандидаттары тіркелді
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы тағы бір партия ұсынған кандидаттардың тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін комиссия мүшелері Respublica-ның партиялық тізімдерін тіркеуге алған болатын. Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кандидаттары да тіркелді. Барлық 33 адамға тиісті куәліктер таратылды.
"Партиялық тізімде 14 кандидат әйел, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады, бұл жалпы жиынтық бойынша 30 пайыздан асады. Заңда белгіленген квота талаптары сақталған. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттарға қатысты тиісті тексеру жүргізді", - дейді комиссия мүшесі Михаил Бортник.
Айтуынша, жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат Қазақстан Конституциясының және "ҚР сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді деп танылған.
Айта кетері, 2023 жылғы сайлауда ЖСДП 5 проценттік межеден асып, мәжіліске төрт депутатпен кірген болатын. Осыған байланысты Құрылтай сайлауында жарна төлеуден босатылып отыр. Сайлау жарнасын екі партия ғана төлейді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:66
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 16:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















