Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қос палатадан бір палатаға: 23 тамыз Құрылтай сайлауы

Қос палатадан бір палатаға: 23 тамыз Құрылтай сайлауы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мәжілістің II шақырылымында және Сенаттың I шақырылымында депутат болып сайланған, көптеген жұмыстардың атқарылуы мен түрлі заңдардың қабылдануына бастамашы болған, саяси өмірде көп жылдық тәжірибесі бар Геннадий Шиповскихтың айтуынша, бүгінде Қазақстан ғана емес, күллі әлем өзгеріп жатыр, дүниежүзінде үлкен-үлкен саяси жүйелер өзгеріп жатыр. Сондықтан Құрылтай – жаңа заманның талабы.

«Менің ойымша, қос палатадан бір палаталы жүйеге көшу – заңдарды жан-жақты және жедел әрі сапалы қарауға септігін тигізетіні анық. Сол себепті заман талабына сәйкес болашақта Құрылтай біздің жоғары заң шығарушы мықты органға айналатынына кәміл сенемін», деді Г. Шиповских.

Ауқымды саяси реформаның алғышарты 

III шақырылымда депутат болған ол Құрылтайға кандидат депутаттардың сайлаушыларымен түрлі байланыста болуы қажет екенін атап өтті.

«Мысалға менің сайлаушыларыммен байланысым түрлі форматта өтті. Облыстық орталықтар мен қалалар ғана емес, шалғай-шалғай елді мекендердің де тұрғындарымен кездесіп жүрдім, жеке қабылдаулар да өткіздім. Instagram, Facebook, TikTok арқылы тікелей эфирлерге шықтым. TikTok-та менде 77 000-нан астам оқырманым бар, сол оқырмандарымның түрлі сұрақтарына бейнеүндеу арқылы жауап қайтарып жүрген кездерім болды. Сондықтан менің саяси тұлға болып қалыптасуыма әлеуметтік желі де креативтік тұрғыдан өзіндік серпін берді нақты айта аламын.

Құрылтайға кандидат депутаттар сайлаушыларымен қарым-қатынас тұрғысында жаңа заманның талабы ретінде әлеуметтік желіні пайдаланса, нұр үстіне нұр», деді Г. Шиповских.

Еске салайық, әуел баста Парламент қабырғаларында 150-ден астам депутат болды. Одан кейін конституциялық реформадан кейін олардың саны 148-ге азайды. Енді Құрылтайда 145 депутат болатыны мәлім. 

Г. Шиповскихтің пікірінше, кез келген елде бірінші кезекте сайлаудың электораттық санына қарайды, яғни халық санына байланысты, сол себепті 145 депутат көп те емес, аз да емес.

«Қателеспесем, көршілес Қырғызстанда 90 депутат, халқы 7-8 миллион. Енді есептеп көріңіз. Біздің елімізде халық саны 20 миллионнан астам, оның ішінде сайлауға қатыса алатын адамдар 18 жастан асу керек, соған сәйкес 145 депутат көп те емес, аз да емес, тура сәйкесіп тұр», деді ол.

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына толық дайын екенін мәлімдеді

Сонымен қоса, Геннадий Шиповских өз сөзінде «Amanat» партиясының өте көп жұмыс атқарғанын атап, оның «Әділет» партиясына қосылып, бұл сайлаудан бас тартуы – оңды шешім болғанын тілге тиек етті.

«Мен өзім «Amanat» фракциясының мүшесі болдым, партия «Жер аманаты», «Кедергісіз келешек» т.б. мықты жобаларды іске асырды. Мысалға «Жер аманаты» жобасы шеңберінде 1 милллион гектардан астам жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды. Еске алатын болсақ, «Amanat» партиясы осы 4 жылдың ішінде көптеген жан-жақты жобаларды жақсы жүзеге асырды.

Президенттік бағытты ұстанатын «Әділет» партиясы құрылды. «Amanat»  фракциясының да көзқарасы дәл сол бағытта. Мемлекет басшысы өзінің бір сөзінде: «Еліміздегі көптеген мықты-мықты саяси күштер жалпы біріккені абзал», деп айтқаны мәлім. Осы орайда «Amanat»  фракциясы «Әділетпен» бірлесіп, бір партияға айналды. «Amanat»  партиясының мүшесі болған мықты кадрлар бар, мықты жобалар да бар. Бұл 2 партияның бірігуі жай ғана саяси додаға бірге қатысу емес, бұл бірігудегі ең басты мақсат – халықтың мүддесі. «Әділет» партиясының көптеген ұлы жетістіктерге жететініне толық сенімдімін», деді ол.

Жаңа есімдер мен танымал тұлғалар: «Әділет» партиясының сайлауалды тізіміне кімдер енді?

Қоғамда «заңдар неғұрлым жедел қабылданса, соғұрлым сапасы төмен болуы мүмкін» деген пікір айтылып жатыр, байқауымызша, көптеген адамдар солай ойлап жүр. Г. Шиповских бұндай пікірмен келіспейтінін айтты.

«Мұндай көзқараспен келіспеймін, өйткені бұрын Парламентте 2 сатылық сүзгі (Мәжілісте 2 оқылымнан өтіп, Сенатта да 2 оқылымнан өтетін) болса, енді Құрылтайда 3 сатылық сүзгі болады, бұл – заңдардың сапалы қаралуы тұрғысында өте жақсы тетік», деді ол.

Депутат аталған тетіктің ешқандай кері әсер етпейтінін, бір палаталы құрылымда заңдар әлдеқайда сапалы қабылданатынына толық сенетінін атап өтті.

«Ең бастысы, Құрылтайда мықты-мықты маман депутаттар болса, заңдардың сапалы қабылдануына ешқандай кедергі болмайды», деп түйіндеді Геннадий Шиповских.

Сайлауға қатысу – азаматтық парыз: Құрылтай – халықтың жаңа таңдауы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Шілде 2026 14:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see146

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see142

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see139

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see138

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see127

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары