Құрылтайдың жанынан қоғамдық палата не үшін құрылады
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай жанынан қоғамдық палата құрылады. Бүгін депутаттар тиісті қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін мәжілістің жанында қоғамдық палата болған. Ал сенат жанындағы сарапшылар клубы заң жобаларын мұқият пысықтап отырған. Осы жұмысқа беделді сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес сектор өкілдерін тартылды.
"Сондықтан бүгінде осы алаңдар аясында жинақталған озық тәжірибені сақтап, бұл жұмысты ары қарай Құрылтай қызметі шеңберінде жалғастырып, оны жаңа деңгейге көтеру маңызды", - дейді депутат Айдос Сарым.
Оның айтуынша, дәл осындай бірлестіктер азаматтар мен билік арасындағы сенімді көпір қызметін атқарып, қоғамның нақты сұраныстары мен ұстанымдарын көрсететін маңызды индикаторға айналып отыр.
"Палатаның жұмысы тек заң жобаларымен шектелмеуге тиіс. Оның алаңында қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың ең өзекті мәселелерін талқылау қажет. Ең алдымен, бұл – кәсіби сараптаманы, ашық пікірталасты және қоғаммен кері байланысты қажет ететін мәселелер. Сондықтан Палата құрамында кең ауқымды өкілдікті қамтамасыз ету маңызды", - деді депутат.
Қоғамдық палатаға 50 адам кіретін болады. Ал қажет болған жағдайда жекелеген мәселелер мен салалық тақырыптарды талқылауға беделді ғалымдарды, сала мамандарын, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қосымша тартуға болады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:67
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 12:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















