Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Қылмыс төмендеп, цифрландыру күшейді: ІІМ 2026 жылғы басым міндеттерді белгіледі

Қылмыс төмендеп, цифрландыру күшейді: ІІМ 2026 жылғы басым міндеттерді белгіледі

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Отырысты ашқан Ішкі істер министрі Ержан Саденов өткен жыл құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды кезең болғанын атап өтті.

– Өткен жыл Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту кезеңі болды. Осы бағытта министрлікте Профилактика жылы жарияланып, бұл жасалып қойған құқық бұзушылықтарға ден қоюдан олардың алдын алуға басымдық беруге мүмкіндік берді. Жүйелі профилактика өз тиімділігін дәлелдеп, қылмыстың тұрақты түрде төмендеуіне септігін тигізуде, – деді Ержан Саденов.

Жүйелі профилактикалық және жедел жұмыстың арқасында 2025 жылы елде қылмыс саны 6 мыңнан астам дерекке азайды. Әсіресе кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, ұрлық, бұзақылық және басқа да ауыр, аса ауыр қылмыстар бойынша айтарлықтай төмендеу байқалды. Сондай-ақ қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың саны азайып, қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстар, бұрын сотталған адамдар тарапынан жасалатын қайталама құқық бұзушылықтар төмендеді.

Қылмыстың барлық түрі бойынша, оның ішінде аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 98%-ға дейін артты. Өткен жылдары жасалған 2,7 мыңнан астам қылмыс ашылды. Бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жолындағы ішкі істер органдарының ұстанымын көрсетеді.

2025 жылы полиция іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 20 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталып, олар отбасыларына қайтарылды. Жәбірленушілердің құқықтары қамтамасыз етіліп, оларға келтірілген залал бойынша шамамен 60 млрд теңге өтелді.

17 миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Осылайша ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін заң бұзушылықтар ерте кезеңде тоқтатылды.

9 мыңнан астам бала мен жасөспірім тәлімгерлік, спорт және профилактика бағдарламаларымен қамтылды. Бұл шаралар кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тарту қаупін төмендетудің негізгі құралы ретінде қарастырылады.

23 мыңнан астам жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін ұсталып, жолдағы жүздеген трагедияның алдын алу мүмкін болды.

Ұйымдасқан және трансұлттық қылмыспен күресу жұмысы айтарлықтай күшейтілді. Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 10 іс трансұлттық сипатта. Қылмыстық қауымдастықтардың 299 көшбасшысы мен қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам қару тәркіленді. Қабылданған шаралар қылмыстық топтарды қаржыландыру және жабдықтау арналарының жойылуына, сондай-ақ олардың экономика мен қоғамдық қауіпсіздікке ықпалын тоқтатуға мүмкіндік берді.

Есірткі қылмыстарына қарсы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде 31,7 тонна есірткі тәркіленді, бұл 12 миллионнан астам бір реттік дозаға тең. 109 есірткі зертханасы жойылды, оның ішінде 13-і синтетикалық есірткі өндірісі бойынша. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.

Киберқылмыспен күрес бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 84,5 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталды. 13 call-орталық жойылды, соның ішінде шетелде орналасқандары да бар. «Дропперлік» фактілері бойынша интернет-алаяқтарға көмектескен адамдарға қатысты 56 қылмыстық іс тергелуде. Киберқылмыспен күрес жөніндегі БҰҰ конвенциясына қол қойылды, бұл трансшекаралық цифрлық қылмыстарды тоқтату саласында халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қылмыстық-атқару жүйесі саласында министр мемлекеттік-жеке серіктестік форматы аясында алғаш рет жаңа колония салынғанын атап өтті. Сондай-ақ 2026–2030 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асырудың, бақылау құрамын күшейтудің және сотталғандарды еңбекке тарту деңгейін арттырудың маңызын еске салды.

Жиын барысында ІІМ басшысы облыстық және аудандық бөліністер жетекшілерінің есептерін тыңдап, кемшіліктерді атап көрсетті және оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырып, жеке жауапкершілік туралы ескертті.

2026 жыл Қазақстанда Президенттің бастамасымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғаны атап өтілді. Бұл бағыттың ІІМ қызметінің алдағы жұмысында басымдық болатыны айтылды.

– Мемлекет басшысы атап өткендей, цифрландыру мен жасанды интеллект мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың негізгі құралына айналуы тиіс. ІІМ үшін бұл қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне көшу дегенді білдіреді, – деді Ержан Саденов.

ІІМ құрылымында Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті құрылды, құқық қорғау саласында интеллектуалды жүйелерді одан әрі енгізу шаралары қабылдануда. Ұлттық бейнемониторинг жүйесін іске қосу аясында «Қауіпсіз қала» жобасын дамытуға, көшелер мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған видеоаналитикалық алгоритмдер енгізілуде.

«Орталық – облыс – аудан» қағидаты бойынша аналитикалық функциялары бар жедел басқару орталықтарын құру жалғасуда. Аппараттық-бағдарламалық кешендер мен дрондарды қолдану кеңейтілуде, бұл жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санын 10%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Ішкі істер министрі қылмыс деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын дамыту және тереңдету, қызметке цифрлық және интеллектуалды шешімдерді белсенді енгізу, азаматтардың өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап беру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Министр 2026 жылы ведомстволық білім сапасын арттыруға, азаматтық жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламаларды дамытуға, ведомстволық оқу орындарының инфрақұрылымын жаңартуға және заманауи оқу практикаларын енгізуге күш салу қажеттігін айтты.

Басым міндеттердің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы жақында қабылданған заңды іске асыруға дайын болу.

Балалар мен жасөспірімдер мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Оларды елдің болашағы ретінде қарастыру қажет. Осыған байланысты нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу, профилактикалық жұмысты күшейту, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ мектептерге бекітілген қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру міндеттелді.

Мал ұрлығына қарсы, ұйымдасқан қылмыспен, есірткі қылмыстарымен және киберқатерлермен күресті күшейту, сондай-ақ қылмыстарды ерте кезеңде анықтау және тоқтату жүйесін жетілдіру тапсырылды.

Министр қызметкерлердің тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін қайта қарау қажеттігін атап өтті. Ішкі профилактикалық жұмыстарды күшейту, ұжымдарда қоғамдық бақылау мен айыптау механизмдерін белсенді пайдалану, сондай-ақ антты бұзған немесе қызмет беделін түсірген қызметкерлерді уақытында қызметтен босату тапсырылды.

Қорытындылай келе, ІІМ заңның сақталуын қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, қоғамдық қауіпсіздікті тұрақты түрде арттыруға белсенді әрі алдын ала әрекет етуге бағдарланды.

Айта кетейік, ІІМ-де бірқатар кадрлық тағайындау жүзеге асырылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 11:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары