Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Қыстағы қауіпсіздік дөңгелектен басталады

Қыстағы қауіпсіздік дөңгелектен басталады

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сондықтан мамандар ауа райы суыта бастағанда-ақ қысқы шинаға уақытылы ауысудың маңызын ескертіп келеді. Осы мәселе төңірегінде сарапшылардан шиналарды ауыстыру уақыты қашан екенін, шиналарды қалай таңдау керегін сұрап білдік.

Қашан ауыстырған жөн?

Автосарапшылардың пікірінше, шинаны күнтізбеге емес, термометрге қарап ауыстыру керек. 

– Қазақстан Республикасының ережеле­рі мен заңнамасына сәйкес жүргізушілер 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін қысқы ши­наларды пайдалануға міндетті. Техникалық сипаттамаларға сәйкес жазғы шиналар 7°C және одан төмен температурада ұста­ғыштығын жоғалта бастайды. Олар қатаяды және тиімділігі төмендейді. Сондықтан шиналарды ауыстыруды кешіктірмеңіз; егер температура 7°C-қа дейін төмендесе, оларды ауыстырудың уақыты келді, – деп түсіндірді автоэксперт Ануар Сапиев.

Оның сөзінше, шиналарды ауыстыру­дың оңтайлы уақыты аймаққа байланысты қазан және қараша айларында. Бұл рәсімге солтүстіктегілер ерте қамданса, оңтүстік аймақтарда сәл кешірек қолға алынады. Бір сөзбен айтқанда, қардың жауғанын күтіп отырудың қажеті жоқ.

Көлік жүргізушілерінің көп қоятын сұрақтарының бірі шинаның шпилькалы болуы ма әлде үйкелісті ме? Тәжірибе көр­сет­кендей, сұраққа нақты жауап жоқ. Ол түр­лі жағдайға, әсіресе ауа райына байланысты.

– Дөңгелектерді таңдау – маңызды шешім. Ең бастысы дәлелденген, жоғары сапалы қысқы шиналарды сатып алуы­ңыз қажет. Бұл, біріншіден, сіздің қауіпсіздігі­ңізге жауап береді. Ал бюджет жағы қиын болса, қазір барлық жерде бөліп төлеу жүйесі бар. Сондықтан қосымша шығын тым көп болмайды.

Шпилькалы шиналар мұз бен тығыз қарда өзін жақсы ұстайды. Олар қар жау­ған кезде, тасжолдар мен ауыл жолдарында жиі жүретіндерге жарамды. Ал үйкелісті шиналар (әдетте «жабысқақ шиналар­ды» деп атайды) қалада жақсы жұмыс істейді. Олар тынышырақ, асфальтты бүлдір­мейді, таза жолдарда жүруге ыңғайлы және өз­гер­мелі ауа райында жақсы жұмыс істей­ді, – дейді Ануар Сапиев.

Ауыстырмасақ не болады?

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, Қазақ­стан­дағы көліктер 1 желтоқсаннан 1 нау­рыз­ға дейін қысқы шиналармен жабдық­та­луы керек. Маусымға сәйкес келмейтін шиналарды пайдалану 5 АЕК айыппұлға әкеп соғады. 2025 жылы бұл 19 660 теңгені құрайды. Бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін айыппұл төрт есеге артып, 20 АЕК немесе 78 640 теңгеге жетеді.

Көлікке қысқы шиналар орнатылғанда, жазғы шиналар пайдаланудан шығарылады. Алайда оларды келесі маусымға дейін дұрыс сақтауға да білгірлік керек. 

Әркімнің шиналарды дискілерімен сақтауға мүмкіндігі бола бермейді. Егер шиналар дискісіз келсе немесе бос болса, оларды тік күйінде сақтаған дұрыс. Себебі сарапшылардың пікірінше, көлденеңінен (тегіс) сақталған кезде, шиналар аздап деформацияланып, салбырап, кейіннен көлікке орнатылған кезде қолайсыздық тудыруы мүмкін.

«Жол қауіпсіздігі қауымдастығы: Common Road» президенті, автосарапшы Арсен Шакуов шиналарды сақтауға дайындау кезінде  кір мен химиялық заттарды кетіру үшін жуу, оларды кептіру, арнайы шиналық химиялық қоспаны жағу қадамдарын орындауды ұсынады.

– Шын мәнінде, егер шиналар көліктен алынып, дискісіз сақталса, олардың қай жерде тұрғаны маңызды емес. Басты талап шиналар ауыр заттың астында қалмауы және қысымға түсіп жаншылмауында жа­тыр. Қысымның өзгеруі шиналардың өзде­ріне зиян келтірмейді. Сондай-ақ шина­ларды сақтаған кезде мынадай қара­па­йым ережелерді ұстанған жөн: жылу көзде­рінен алыс қою; тікелей күн сәулесінен қорғау; зақым келетін өткір немесе қатты заттардан аулақ сақтау. Осы шарттарды орындасаңыз, шиналар келесі маусымға дейін жақсы күйінде сақталады, – дейді Арсен Шакуов.

Еліміздің қай өңірінде тұратыныңыз да қыстық шинаны қашан ауыстыру керегін анықтауда маңызды рөл атқарады.

Автосарапшылардың сөзінше  Солтүс­тік және Шығыс Қазақстанда аяз бен көктайғақ ерте түсетіндіктен, шинаны қазанның соңғы онкүндігі мен қарашаның бірінші жартысы аралығында ауыстырған жөн. Орталық Қазақстанда қыс ерте түсіп, жел мен мұздау жиі болатынын ескеріп, ауыстыру мерзімі қарашаның басынан 15-іне дейінгі кезеңге сәйкес келеді.  Батыс Қазақстанда салыстырмалы түрде жұмсақ болғанымен, көктайғақ кенеттен пайда болуы мүмкін, сондықтан шинаны қара­шаның 10-25-і аралығында ауыстыру ұсыны­лады. Оңтүстік Қазақстанда қыс кеш бас­­талатындықтан, бірақ ауа райы күтпеген жерден суып кетуі ықтимал екенін ескеріп, шинаны қарашаның соңы мен желтоқсан­ның басында ауыстырған дұрыс. Ал таулы аймақ саналатын Алматы мен Талдықорған өңірінде ауа райы тез өзгеретіндіктен, қыстық шинаны қарашаның ортасы мен аяғы аралығында ауыстыруға кеңес беріледі.

Сақтықта қорлық жоқ

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтының мәлімдеуінше, былтыр Ақмола облысында ауа райының нашар­лауына байланысты бір күнде 1064 көліктің қозға­лысы шектелген көрінеді.

– Ауа райының күрт нашарлауына және қатты мұздың пайда болуына байланысты полиция қызметкерлері Ақмола облысында күшейтілген патрульдік режимге көшті. Тек бірінші күні ғана жүргізушілердің жазғы шиналарды пайдалануына байланысты 1064 көліктің қозғалысы шектелді», – делінген хабарламада.

Министрліктің ақпаратынша, облыстық және республикалық тасжолдарда мұндай оқиға саны 430-ға жеткен. Шамамен 100-і Көкшетауда, ал қалғаны аудандық жолдарда тіркелді. Сонымен қатар Орал қаласында өткен жылы қыстың алғашқы он күнінде ғана полиция көлік иелерінің қысқы шиналарын уақытылы ауыстырмаған 48 жағдайды анықтады.

– Қайта-қайта ескертулерге қарамастан, көптеген жүргізушілер жазғы шиналарды пайдалану қаупін тудырды. Қабылданған шаралар мен патрульдік қызметкерлердің жұмысының арқасында сол күні жарақат алу немесе өліммен аяқталған бірде-бір апат тіркелген жоқ, – деп атап өтті Ақмола полиция департаменті бастығының орын­басары Серік Әбуталипов.

Сонымен қатар патрульдік қызметкерлер қиын жағдайда жүрген жүргізушілерге де көмек көрсетті. Аймақтық жол қызметтері мұздың салдарын жою үшін тәулік бойы жұмыс істеді. Ұлттық тас жолдарды тазарту үшін 190 арнайы техника жұмылдырылып, 900 тоннадан астам мұзға қарсы материал пайдаланылған көрінеді.

P.S.

Қысқы шиналарға ауысу атүсті қарайтын дүние емес. Бұл маңызды қауіпсіздік шарасы. Шиналарды дұрыс таңдай отырып, уақытылы орнату көліктің сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. Апат қаупін азайтады әрі шығынға әкелмейді. Тоқетері қысқы да­йындықты кейінге қалдырмаңыз.

Әсет ҚАЛИ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 05:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see158

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see156

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see152

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see140

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see137

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see137

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see136

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see136

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see134

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see134

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see131

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see128

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see128

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see127

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see126

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see125

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see125

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see123

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see119

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары