Қытай Антарктидада бұрғылау бойынша әлемдік рекорд орнатты
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Зерттеу жұмыстары Антарктиданың Елизавета ханшайым жеріндегі Цилинь мұзасты көлінің маңында, Қытайдың «Тайшань» станциясынан 120 шақырым қашықтықта жүргізілді. Бұған дейінгі халықаралық рекорд 2 540 метр болған.
Ғалымдар алғаш рет қолданған ыстық сумен бұрғылау технологиясы мұз қабатын стерильді түрде тесіп, су айдынына қауіпсіз жетуге мүмкіндік берді. Бұл әдіс экожүйені ластамай, ежелгі климаттық өзгерістерді зерттеуге және бұрын белгісіз болуы мүмкін тіршілік формаларын анықтауға жол ашады.
Мамандардың айтуынша, аталған жетістік Қытайдың Антарктида мұз жамылғысының шамамен 90 пайыз аумағында және Арктикада жоғары технологиялық зерттеулер жүргізе алатынын көрсетеді.
Бұл жетістік Бейжіңнің полярлық зерттеулер саласындағы жетекші ел ретіндегі позициясын нығайта түседі.
Бұған дейін Қытайдың терең теңіз зерттеулеріне арналған қалқымалы «арал» салуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 00:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















