Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Алматы облысында мейрамхана өртенді

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Қытайда жолаушылар саны 3,5 млрд тан асты шетелдегі қазақ баспасөзі

Қытайда жолаушылар саны 3,5 млрд тан асты шетелдегі қазақ баспасөзі

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Өзбекстанның алтын-валюта резервтері жаңа рекорд тіркеді – ӨзА 

Өзбекстанның алтын-валюта резервтері 2026 жылдың ақпан айына қарай алғаш рет 75 миллиард доллардан асты.

Өзбекстан Республикасының Орталық банкі мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша елдің халықаралық резервтері 75,08 млрд долларды құраған, деп хабарлайды «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Фото: ӨзА 

Хабарламада айтылғандай, бір ай ішінде резервтер көлемі 8,8 млрд долларға өскен. Осылайша, алтын-валюта резервтері қатарынан алтыншы ай тарихи ең жоғары көрсеткішін жаңартты. Соңғы бір жыл ішінде халықаралық резервтер көлемі 82 пайыздан астамға көбейген.

Қаңтар айында резервтер құрамындағы алтынның құны шамамен 10 млрд долларға өсіп, 65 млрд долларға жуықтаған. Ал алтынның физикалық көлемі 12,8 миллион троя унциясын құрады. Сонымен қатар, валюта резервтері 1,2 млрд долларға қысқарып, 9,5 млрд долларға дейін төмендеген.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Орталық Азия мен Германия ынтымақтастығы дамиды» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Келтірілген деректерге сүйенсек, Берлин қаласында Франк-Вальтер Штайнмайер және Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері арасында кездесу өтті.

Тараптар өзара байланыстардың қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтіп, «Орталық Азия – Германия» форматындағы серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екендіктерін растады.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық ауқымын кеңейтуге, көлік және транзит тізбегін нығайтуға, сондай-ақ бірлескен энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Қатысушылар тұрақты дамуды қамтамасыз ету, климаттың өзгеруіне қарсы күрес жүргізу, соның ішінде аймақтағы мұздықтардың еруі мәселесін шешу бағытындағы күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын бірауыздан қолдады.

Өз кезегінде президент Штайнмайер Германия Федеративтік Республикасының Орталық Азия елдерімен көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Жамбыл облысынан Қытайдың көне дәуірлеріне тиесілі теңгелер табылды - Жэньминь жибао

Қазақстан археологтары еліміздің оңтүстігіндегі Жамбыл облысы аумағынан VIII–XII ғасырларға жататын көне теңгелердің бір тобын анықтады. Бұл туралы Жэньминь жибао тілшісі Ли Чян 11 ақпанда Астана қаласынан хабарлады. 

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, табылған жәдігерлердің басым бөлігі VIII–XII ғасырлар аралығында соғылған. Олардың қатарында Қытайдың Таң және Сун әулеттері кезеңіндегі мыс теңгелер бар.

Мамандар бұл олжаны Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамығанының нақты айғағы ретінде бағалап отыр. Археологтардың айтуынша, табылған теңгелердің тарихи әрі ғылыми құндылығы жоғары, олар ежелгі сауда қатынастары мен аймақаралық экономикалық байланыстарды зерттеуге маңызды дереккөз болмақ.

Қазіргі уақытта табылған заттарға кешенді археологиялық және ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Зерттеу аяқталғаннан кейін көне теңгелер өңірлік музей қорына тұрақты сақтауға берілмек.

Тұтас қоғамда елге барған жолаушы саны 3,5 млрд-тан асты – CNR

Қытайдағы көктем мерекесіне байланысты ұйымдастырылған тасымал кезеңінде жолаушылар ағыны айтарлықтай өсіп, жалпы сапар саны бірнеше миллиардтық межеден асты, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы». 

Аталған БАҚ-тың дерегінше, көктем мерекесіне орай басталған тасымал науқаны аясында 16 ақпанға дейін тұтас қоғам бойынша өңір аттаған жолаушылар саны 3 миллиард 500 миллоннан асты.

Ресми мәліметке сәйкес, сапарлағандардың тәуліктік орташа көрсеткіші 230 млн адамды құрады. Бұл – 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға жоғары.

Дереккөз мәліметінше, жолаушылар ағынының артуы мерекелік кезеңдегі ішкі қозғалыстың жандануымен байланысты.

Жасанды интеллект чат-боттары жарнама алаңына айналуда - TRT

Чат-боттарға жарнамалар мен демеушілік контенттің қосылуы жасанды интеллект пайдаланушылары үшін құпиялылыққа қатысты алаңдаушылық тудырды.

«OpenAI» жүздеген миллиард долларлық шығын міндеттемелерін жаңа табыс көздерімен теңестіруді бастау мақсатында тегін және төмен ақылы пайдаланушыларға чат-боттарда жарнама көрсете бастады.

Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

Фото: naryk.kz

Аталған БАҚ-тың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, «OpenAI»-ден бөлек «Microsoft» 2023 жылдан бері «Copilot» жасанды интеллект ассистентінде контекстке негізделген жарнамалар мен демеушілік контенттер жариялап келеді.

Жасанды интеллект іздеу жүйесі «Perplexity» 2024 жылдан бері АҚШ-та жарнамаларды сынақтан өткізіп жатса, «Google» да өткен жылдан бері AI «қысқаша мазмұндамаларында» жарнамаларды сынақ ретінде қолдануда.

Түркиялық басылым бұл жазбасында «Жеке дерек құпиялылығы» деген тақырыпқа тоқталған.

Атап айтқанда «Google» «Gemini» чат-ботында жарнама жариялағысы келеді деген айыптарды бірнеше рет жоққа шығарды. «DeepMind» жасанды интеллект бөлімінің басшысы Демис Хассабис жарнамалардың «өте мұқият қарастырылуы керектігін» айтып, ЖИ-дегі «ең маңызды нәрсе» «қауіпсіздік пен құпиялылыққа деген сенім» екенін білдірді.

Сондай-ақ осы аптада TRT басылымында «Жасанды интеллектті қолдану этикасы алаңдаушылық тудыруда» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді.

TRT-ның дерегінше, БҰҰ Бас хатшысы технологияның қарқынды дамуы жағдайында тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін технология алпауыттарын 3 миллиард долларлық жаһандық қорды қолдауға шақырды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жасанды интеллекттің қауіп-қатерлеріне назар аудара отырып, оның болашағын «бірнеше миллиардердің қалауына» қалдыруға болмайтынын мәлімдеді.

Бейсенбі күні Үндістанда өткен жаһандық жасанды интеллект саммитінде Гутерриш технология көшбасшыларын тез дамып келе жатқан бұл технологияға баршаға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін 3 миллиард долларлық жаһандық қорды қолдауға шақырды.

Алтай қаласында қоғамдық автобустар 9 күн тегін жүреді – Алтай ақпараты

Қытайдың ұлттық көктем мерекесіне орай Алтай қаласы тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық көліктерде 9 күн бойы тегін жүру шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды қытайлық «Алтай ақпараты» басылымы.

Фото: Алтай ақпараты

аталған БАҚ-тың дерегінше, 2026 жылдың 15–23 ақпаны аралығында қаладағы 7 автобус желісінде жол жүру ақысы алынбайды. Атап айтқанда, №1, №2, №5, №101 бағыттар, сондай-ақ теміржол вокзалы, әуежай және шаңғы базасына қатынайтын арнайы желілер тегін қызмет көрсетеді.

Негізгі қалалық бағыттар күн сайын 09:20-дан 20:20-ға дейін жүреді. Әуежай бағыты ұшақтардың келу уақытына қарай ұйымдастырылса, теміржол вокзалына қатынайтын автобустар белгіленген кесте бойынша жүреді. Ал шаңғы базасы бағыты 09:50-ден 23:20-ға дейін қызмет етеді.

Қалалық көлік қызметі тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтап, аялдамалар мен автобус ішінің тазалығын қорғауға шақырды.

Сондай-ақ осы аптада «Алтай ақпараты» басылымында «Жеменей шекара өткеліндегі жолаушылар саны 113,2%-ға өсті» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрген болатын.

Биыл қаңтар айында Жеменей шекара өткелі арқылы өткен жолаушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,2%-ға артты.

Шекара қызметінің мәліметінше, 31 қаңтарға дейін өткелден 11 мыңнан астам адам өткен. Тәуліктік ең жоғары көрсеткіш 890 адамды құрады. Сонымен қатар 1 500-ден астам көлік тексеріліп, бұл көрсеткіш 28,3%-ға көбейген.

Қаңтарда өткелден өткендердің жартысынан астамы туристер. Бір күндік сапарлар, әсіресе Зайсан ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы бағыттары сұранысқа ие болған.

Мамандар жолаушылар ағынының өсуін өткізу рәсімдерінің оңтайландырылуымен байланыстырады. Қызметкерлер алдын ала тексеру және ақпараттандыру жүйесін енгізу арқылы өткізу уақытын қысқартқан.

Жауапты ведомство өкілдері бұл шаралар Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Ақпан 2026 12:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see118

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see116

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see115

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see115

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see114

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see113

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see112

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see112

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see112

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see112

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see112

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see112

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see111

Алматы облысында мейрамхана өртенді

22 Тамыз 2026 01:29see111

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see111

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see110

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see110

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see110

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see110

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

22 Тамыз 2026 09:33see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары