Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қызылордада инватакси қат: мәселе неде

Қызылордада инватакси қат: мәселе неде

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, мүгедектігі бар адамдар саны 14,5 мыңнан асады. Оның 2 мыңға жуығы – І топ, 4,5 мыңнан көбі – ІІ топ, 6,5 мыңға жуығы – ІІІ топ мүгедегі, 1800-дейі – 18 жасқа толмаған балалар. І топтағы 200-ден астам адам созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруына шалдыққан.

- Қалада 682 адам 26 инватакси көлігін пайдаланады. Инватакси қызметі тірек-қимыл аппараты бұзылған, арбада отыратын мүгедектерге, мүгедектігі бар балаларға, көру қабілеті нашар және үдемелі бүйрек жетіспеушілігі салдарынан мүгедектігі бар адамдарға көрсетіледі. 2025 жылғы мемлекеттік сатып алу нәтижесіне сәйкес инватакси қызметін 2 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырып келеді. Тірек-қимыл аппараты бұзылған, арбада отыратын мүгедектер мен мүгедектігі бар балалар «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 6 автокөлігін қолданады. «Орда Қайсарлары» мүгедектер қоғамдық бірлестігі көру қабілеті нашар тұрғындарға 10 автокөлікпен қызмет көрсетеді. Мамыр айынан бастап жасалған келісімшарт негізінде қызмет көрсету аясы кеңейді. Қосымша 10 автокөлік гемодиализ процедурасын алатын адамдарды тұрақты түрде тасып жүр, - деді бөлімнің мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау секторының басшысы Ардақ Әлқожаева.

Фото: Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы

Дегенмен қамкөңіл жандар арнайы көліктердің қат екенін қаншама жылдан бері көтеріп жүр. Тағдырластарының мәселесін жоғарыда айтылған үкіметтік емес ұйымдардың бірі – облыстық мүгедектер қоғамын басқаратын І топ мүгедегі Сағатбек Сиюов жеткізді.

- Бұл қызметке мен 2021 жылдың аяқ жағында келдім. Инватакси жетіспеушілігін 2023 жылы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жеке қабылдауында көтердім. Жыл соңына қарай үлкен сыйымдылықтағы 2 автокөлік берілді. Оның бірін облыс орталығына қалдырып, екіншісін Байқоңыр қаласына жібердік. Сонымен 5 көлік қызмет көрсетеді. Тағы бір 7 орынды жалдамалы көлік негізінен балаларды тасымалдайды. Инватакси тірек-қимыл аппараты бұзылған, зағип және бүйрек жетіспеушілігі ауруына шалдыққан жандарға арналған болып 2 санатқа бөлінеді. Біздің ұйымға бекітілген көліктер жүріп-тұруы қиын жандарды тасиды. Бірақ ол бәріне бірдей жетпейді. Соңғы сатып алынғанынан басқасы ескі, он жылдан асып кеткен, - деді ол.

Барлығы – ресейлік марка, ал қазір көлік нарығын Қытайдан әкелінетін қосалқы бөлшектер жаулап алған. Қанша жөндесе де, тез бұзылады. Көлікке техникалық қызмет көрсету, жанар-жағармаймен қамту – қыруар ақша. Жыл басында бөлінген ақша жыл соңына дейін жетпей титықтатып біткен.

- Жауапты сала басшыларына бұл мәселені талай жеткіздім. Өткен жылы қазан, қараша, желтоқсан айларында жанар-жағармайға, жөндеу жұмыстарына қаржы жетпей қалды. Жобаны өзім жеңіп алған соң өзім аяқтап шықтым. Былтыр тағы қайталанды. Жыл басында қалалық жұмыспен қамту бөлімімен келісімшарт жасастық. Жыл басында А-92 бензині 210 теңгеден сатылса, қазір 225 теңгеден. Автогаз 80-85 теңге болса, мекемелерге 107 теңгеден сатылып жатыр. Қаржы бөлінгенде қымбатшылық ескерілмеген. Техника жөндету тіпті қымбат. 1 сәуірден бастап сақтандыру полисінің бағасы бірден шарықтап шыға келді. Екінші түйін, қала ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Бұл – біздің орталықтың қызметін тұтынатын адамдар саны артып келеді деген сөз. Өткен жылы да, алдыңғы жылы да қалалық мәслихат депутаттарына, қалалық жұмыспен қамту бөліміне жеткіздім. Бірақ жыл соңына дейін қаржы жоғын айтты. Соңғы статистика бойынша облыстағы мүгедектігі бар адамдар саны 33 мыңнан асты. Балалар да көбейген. Ата-анасы оларды үнемі ем-дом үшін анда-мұнда апарады. Сұранысты толық қанағаттандырмаған соң олар бізге ренжиді. Инватакси пайдалануға шектеу қойылмаған. Сенбі, жексенбі күндері де тағдырластарымызды өтініші бойынша вокзал, автовокзал, әуежайға жеткіземіз. Жүктеме көп болғанымен көлік жүргізушілерінің жалақысы әлі сол күйі. Айлығы аз болған соң жұмысқа адам тұрақтамайды. Бұлай жалғаса берсе, қызмет көрсетуді тоқтатуға тура келеді, - деді кейіпкеріміз.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі облыстық мүгедектер қоғамының теңгеріміндегі 2 автокөлік үшін жыл бойғы кезекті жөндеу жұмысына 1046,4 мың теңге жұмсалып, аударылғанын хабарлады.

Фото: Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы

- Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес өнім беруші шартта көрсетілген қаржы шегінде жыл соңына дейін қызмет көрсетуге міндетті. Үкіметтік емес ұйым қажеттілікке қарай инватакси санын көбейту туралы ұсыныс бере алады. Ұсыныс жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай қарастырылады, - деді бөлімнің сектор басшысы.

І топ мүгедегі Бақытжан Қадыров қалалық инклюзивті театрға жетекшілік етеді. Қаланың о шетінен сонау басына күнде жұмысқа қатынайды. Көлік тапшылығы оған талай зиянын тигізген.

- Облыста, оның ішінде Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі адам көп, ал инватакси санаулы. Мені таситын «Газель» ескі болған соң екі күннің бірінде бұзылады. Кейде кешігіп келеді, кейде тіпті келмейді. Қыста бұзылса қиын, далада қаласың. Жұмысқа, басқа да қалаған жеріме жетуге бөгет болады, - деді кейіпкеріміз.

Облыс орталығында оқитын, жұмыс істейтін, спортпен шұғылданатын кембағал жандар көбейген. Техниканың аты – техника, күнделікті жүріп тұрған бұзылып қалып жатады. Ал бұл олардың жоспарын орындауға кедергісін тигізеді.

- Біз негізі І топтағы тірек-қимыл аппараты бар балалар мен ересектерді тасимыз. Бұл санатқа жатпайтын адамдар, олардың ата-аналары реніш білдіріп жатады. Қаржы көлемін көбейтіп, көптеп көлік бөлсе, бәріне бірдей қызмет көрсетер едік, - деді Сағатбек Сиов.

Бұған дейін біз Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған арнайы автобустар толық пайдаланылмай отырғанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 16:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары